лкетану оу-дістемелік кешені — история, прочее



«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі» КММ
7-9-сыныпқа көптілдік оқыту бойынша арнайы курсқа арналған оқулық
«Өлкетану»
Ақтоғай, 2016 жыл
Алғы сөз
«Біз өзіміздің арғы-бергі ата-бабаларымыздың қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, молайта беру жолында топтасуға тиіспіз»
Н.Ә. Назарбаев
Құрметті оқырман!
Сіздерге автор ұсынып отырған бұл оқу құралы оқушыларға көптілдік оқыту бойынша ауданымыз бен ауылымыздың тарихын кеңінен таныту, сол арқылы болашақ қазақстандықтардың өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, интеллектуалды, рухани дүниесі бай, отансүйгіш, ұлтжанды азаматтарды қалыптастыру мақсатын көздейді.
Қадірлі оқушылар!
Бұл оқу құралы сіздердің оқырмандық мәдениеттеріңізді жетілдіріп, ақыл-ойды, тілді дамытып, отансүйгіштікке әрі шығармашылықпен айналысуға бағыт-бағдар береді.
«Әркімнің өз жері-Мысыр шаһары». Ауданымыз бен ауылымыздың өткенін мектеп қабырғасында оқыту ісі – оқушылар мен оқырмандар үшін – «өткенсіз болашақ жоқ», өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғыр екенін дәлелдей түскендей.Өткенін білмеген бүгіннің қадірін бағалай алмайды. «Ел іші алтын бесік» дегендей мына еңбекте ауылымыз бен ауданымыздың тарихының кейбір салалары қамтылған. «Халқым-қазынам, қазаным, туғаным, туырлығым» дегендей жерлестеріміз жайлы көкейлеріңізде жүрген сұрақтарға жауап беріп, қажеттіліктеріңізді жарар деп үміттенемін.
Автор

Ақтоғай мен Харьков кеше және бүгін
Ақтоғай ауданының жерінде ежелден күрлеуіт, керей, итемген, кенжебай сияқты рулардың ұрпақтары мекендеген. Бұл қоныс ХІХ-ғасырда «Ветловая гора», «Тұзүйген», «Краснокутск» деп аталған. 1938 жылы аудан құрылғанда Куйбышев ауданы деп аталған. 1963 жылы Краснокутск ал, 1993 жылдан бері Ақтоғай деген атау берілді.


Павлодар –еліміздің солтүстігіндегі ірі облыс.
Жері үлкен. 10 ауданы, 3 қаласы бар. Облыстың Лебяжье, Май, Павлодар, Ақсу, Ақтоғай, Қашыр, Железинка және Ертіс аудандарын Ертіс өзені басып өтеді.
Бұл өлке -қазіргі таңда Екібастұз көмір кеніші, трактор жасау, химия, алюмений зауыттары, жылу электр стансалары бар ірі өндіріс орталығы.
Біздің ауыл
12433305426710
Ақтоғай 1915 жылы Ресей патшасының қазақ еліндегі бақылауға алынған №77 участогі болған, дегенмен алдымен «Ветловая гора» атанған. Бұлай аталу себебі пароход тоқтатуға ыңғайлы және алыстан көзге түсетін жер болған. Ресей жеріне әкету үшін тұзды осы жерге әкеліп үйіпті, бірақ оны алыс жатқан «Тайқоңыр», «Бестұз», «Қарақасқа» көлдерінен тасыпты. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «Тұзүйген» деп атап кеткен, алайда қоныстанушылар Краснокутск деп өзгерткен. Қазіргі Ақтоғай аулының тұрған жері - осы.
Өз аулымыз тың игеру кезінде ғана құрылған. Жданов совхозының орнында ешқандай мекен болған жоқ. Оның өмірбаяны 1955 жылы басталды. Қазіргі аты - Приреченск аулы, бірақ оның атауы бірнеше рет өзгерді. Ауыл өмірін баяндайтын, соғыс және тың ардагерлерінің еңбек және ерлік жолын паш ететін даңқ мұражайы бар.
ССРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен Бүкілодақтық Атқару Комитетінің 1938 жылғы 2 қаңтардағы қаулысы бойынша Куйбышев ауданы құрылды. Оның әкімшілік аумағына Ертіс, Қызылағаш және Павлодар аудандарының құрамындағы жер мен елді мекендер берілді. Жұмысшылар, шаруалар және армия депутаттары Куйбышев аудандық кеңесі құрылды. Ол 1939 жылы еңбекшілер депутаттары Куйбышев аудандық кеңесі болып өзгертілді. Оның құрамына Ертіс ауданынан: Батрацкий, Елтай, Жамауыз, Интернационал, Кубань, Новоалексеевский, Ново-тройцкий, Пролетарский, Разумовский, Харьковский, Шідерті, ал Павлодар ауданынан : Заваретенский, Қараоба, Калинин, Екібастұз ауылдық кеңестері енді.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 28-сәуірдегі қаулысы бойынша Куйбышев ауданының аумағындағы Жамауыз ауылдық кеңесі Чапаев ауылдық кеңесі, ал Батрацкий ауылдық кеңесі Аманкелді ауылдық кеңесі болып аталды. Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 9-шілдедегі қаулысы бойынша Чапаев және Кубань ауылдық кеңестері біріктіріліп, Кубань ауылдық кеңесі аталып, орталығы Қожамжар ауылы болып бекітілді.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 5- қаңтардағы қаулысы бойынша «Шідерті» совхозының орталығында Тула, «Краснокутск» совхозының орталығында Краснокутск ауылдық кеңестері құрылды.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30- тамыздағы қаулысы бойынша Заверетенский және Қараоба ауылдық кеңестері біріктіріліп, Спартак совхозының орталығында Спартак ауылдық кеңесі құрылды.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 7- қаңтардағы қаулысы бойынша «Приозерный» совхозының орталығында Приозерный, Карл Маркс атындағы совхоз орталығында Степной ауылдық кеңестері құрылды.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30- тамыздағы қаулысы бойынша Аманкелді және Новоалексеевка ауылдық кеңестері біріктіріліп, Коминтерн атындағы совхоздың орталығында Новоалексеевка ауылдық кеңесі құрылды.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 26 – қыркүйектегі қаулысы бойынша Елтай және Шідерті ауылдық кеңестері біріктіріліп, «Ақкөл» совхозының орталығында Ақкөл ауылдық кеңесі құрылды.
Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 25 – қазандағы қаулысы бойынша Калинин және Приозерный ауылдық кеңестері Ермак ауданына берілді.
1961 жылғы сәуірден бастап Куйбышев ауданының аумағындағы Кубань және Интернациональ ауылдық кеңестері таратылып, «Рассвет» совхозының орталығында Срепной ауылдық кеңесі құрылды.
1961 жылғы 1- маусымға дейін ауданда: Ақкөл, Жданов, Коминтерн, Краснокутск, Ново- тройцк, Өлеңті, Пролетарский, Разумовка, Спартак, Степной, Тула, Харьков, Екібастұз сияқты барлығы 13 ауылдық кеңес мемлекет пен халық мүддесін үйлестірді.
Аудан 1938 жылдан 1963 жылға дейін Куйбышев, 1963 жылы Краснокутск, ал 1993 жылы Ақтоғай болып аталды. 1938 жылғы қарашадан 1940 жылғы 3 қаңтар аралығында Садыров Шәмиден Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Куйбышев ауданы бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Садыров Шәмиден Павлодар уезі Қызылағаш болысының үшінші ауылында туған.
Жаңа құрылған ауданның құрамына 1 кенттік және 15 ауылдық кеңес, 2 МТС, 29 колхоз, 5 совхоз, бір балық және басқа бірнеше ұсақ артельдер енді.
Ауданға 28867 гектар егіс алаңына астық егу тапсырмасы берілді. 11 ЧТЗ тракторы,  107 доңғалақты тягач,  105 тіркемелі темір және ат соқасы,  762 темір және 93 ағаш тырмасы, 17 тіркемелі комбайн мен 213 лобогрейка (оны атпен де сүйретіп егін оратын) болған. Алғашқы доңғалақты тракторды көргенде ауыл адамдары қызықтап, балалар оның соңынан қалмай жүгіріпті. Харьков, Қараоба және Коминтерн МТС- терінің алғашқы автокөліктері ағаш қорабты полутарка, ЗИС-5 маркалары болатын. Аудан құрылған жылы Краснокутск селосында бірнеше рет стахановшылар слеті өткізілген. 1938 жылы 500 даналық «Большевистская правда» газеті қазақ және орыс тілдерінде шығарылған.
1939 жылғы санақ бойынша Куйбышев ауданында 17131 адам тұрған, оның басым бөлігі – қазақтар. Аудан тұрғындары 1939 жылы Қазақстанға жер аударылған поляктардың, 1941 жылы кавказдықтардың және Волга бойындағы немістердің біразына өз ошақтарына орын беріп, пана болған. 1939 жылы аудан орталығында сегіз жылдық мектеп ашылған. Ауданда барлығы 41 мектеп жұмыс істеген, оның 32-сі бастауыш, 8 орталау және 1 орта мектеп болыпты. Оларда барлығы 2676 бала оқып, 129 оқытушы білім берген. Аудан ашылған жылы небары 7 жоғары білімді, 61 арнайы орта білімді мұғалім ағарту саласында еңбек еткен.
Аудандағы ең ірі шаруашылық «Пламя» колхозы (қазіргі Харьков ауылының орталығы) болыпты. Пламя колхозы 1933 жылғы құрғақшылықтан кейін 1934 жылы егін бітік шығып, астықты екі жыл бойы жинапты. 1938 бұл ұжым 17372 центнер астық бастырған. Мол астығымен республикаға танылған бұл шаруашылық орналасқан село Куйбышев ауданының алғашқы орталығы болып белгіленген. Бірақ, облыс орталығымен және басқа шаруашылықтармен жол қатынасына қолайсыздығына байланысты алғашқы шешім бұзылып, аудан орталығына Краснокутск селосы ұйғарылған. Ауданның алғашқы әкімшілік орындары Краснокутск селосына жақын Харьков МТС-де , Сталин атындағы колхозда (қазіргі Қожамжар) және Куйбышев атындағы колхоздағы пристанның конторында орналасқан.
1941 жылы аудандағы колхоздың саны 29 болып Харьков ауылдық кеңесіне қарасты Куйбышев колхозында Иван Иванович Безуглый бастық , Матвей Илларионович Белоусов бухгалтер болыпты. Колхозға 78 отбасы тіркелген. Барлығы 196 бас ірі қара мал өсірген. Оның 53-і сиыр, 34-і өгіз. Сонымен қатар 529 бас қой, 44 бас шошқа, 33 бас құс, 66 бас жылқы ұстаған. Колхоз 1097, 87 гектар жерге егін еккен.
Ал 1946 жылы Краснокутск селосы Харьков ауылдық кеңесіне қарасты Куйбышев колхозында Андрей Илларионович Белоусов бастық , Нина Нестеровна Сабадаш бухгалтер болыпты. Колхоз Харьков МТС-ң құрамына кірген. Колхозға 41 отбасы тіркелген. Барлығы 111 бас ірі қара мал өсірген. Оның 27-і сиыр, 11-і өгіз. Сонымен қатар 271 бас қой, 33 бас жылқы ұстаған, бірақ көлік жылқысы болмаған. 1947 жылы 5 бас жылқыны көлікке ұстаған. Колхоз 578 гектар жерге егін еккен.
Жаңа ғасырдың басында Ақтоғай ауданында 37 елді-мекенді қамтыған 13 ауыл құрылды. Жалпы жер көлемі  977, 8 мың гектар. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды   жер көлемі 911, 2 мың гектар. Оның 17, 6 мың гектары егістік жер, 24 мың гектары суармалы шабындық,  575, 4 мың гектары мал жайылымы.
Аудан орталығы Павлодар қаласынан  116  шақырым, бас қаламыз Астанадан 517 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан халқының саны 20295 адам.
1941 жылы Харьков ауылы Харьков ауылдық кеңесіне қарасты Пламя колхозында Андрей Федорович Глушенко бастық , Пелагея Ивановна Калашникова бухгалтер болыпты. Колхозға 118 отбасы тіркелген. Барлығы 353 бас ірі қара мал өсірген. Оның 110-ы сиыр, 48-і өгіз. Сонымен қатар 1403 бас қой, 46 бас шошқа, 198 бас жылқы, оның 43-і көлік жылқысын ұстаған. Колхоз 2266 гектар жерге егін еккен.
Ал 1946 жылы Харьков ауылы Харьков ауылдық кеңесіне қарасты Пламя колхозында Никита Макарович Шапко бастық , Пелагея Ивановна Калашникова бухгалтер болыпты. Колхозға 82 отбасы тіркелген. Барлығы 207 бас ірі қара мал өсірген. Оның 50-і сиыр, 26-ы өгіз. Сонымен қатар 190 бас қой, оның 100 -і саулық 70 бас құc ұстаған. Колхоз 729, 54 гектар жерге егін еккен.
1948 жылы Пламя колхозы Куйбышев атындағы колхозбен біріктіріліп, Куйбышев атындағы колхоз (орталығы Куйбышев) болды
Аудан тынысы баспасөз беттерінде жиі жарияланып, сол кездегі облыстық «Большевистский путь» газеті Отан үшін жан аямаған аудандастар туралы жиі жазып отырған.
1962 жылы Харьков совхозы құрылып, оған Чкалов және Жданов атындағы совхоздардың екі бөлімшесі берілді. 1962 жылғы Харьков совхозының өндіргіш көрсеткіші
Құрыл-ған жылы Атауы Бөлімше саны Егіс бригадасы саны Өндіріс жоспары, тонна
астық сүт ет
1962 Харь-ков 3 4 5320 1800, 0 702, 0

1972 жылдары Харьков, Спартак, Новотройцк совхоздары облыс көлеміне белгілі шаруашылықтар еді. 1975 жылы Тоғызыншы бесжылдықта Харьков ауылында орта мектеп және мал шаруашылығына арналған қоралар салынды.
Мектеп - білім ордасы

Ескі мектептен жаңа мектепке көшу

1995 жылдары шағын және жеке шаруашылықтар құрыла бастады. Ауылда «Қазақстан» Н. И. Видикер, «Надежда» В.В. Филипишиннің іскерлігімен жеке шаруашылық қожалықтары құрылып, істері алға басты. Харьков совхозы өрлеу жылдары құрылған шаруашылықтардың ішіндегі ең ірісі. Оның көлемі 40000 мың гектарды құраған, шаруашылықта 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Совхоздың құрамында 3 мал шаруашылығы фермасы, 4 егіс дала бригадасы, жаңа моделді техникалары бар үлкен автопарк және МТМ болды. Сол кезде 27 жасар Володя Чкалов атындағы совхозда бөлімше басқарушысы болып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шамшырағы Жетімтай Шарапиденовтың іс-тәжірибесін құнттап, зерделеген еді. Совхоздың алғашқы директоры болып Владимир Иванович Видикер қызмет еткен. Ауыл азаматтарының тындырған істері жайлы айтыла қалса олардың естеріне Владимир Иванович Видикер түседі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаттарының сайлауы кезінде Ақтоғайлықтардың көбі оған дауыс беріп, депутат болып сайлануына жол ашты.

Совхоздың алғашқы директоры Владимир Иванович Видикер
ССРО Жоғарығы Кеңесінің депутаты, Қазақ СССР -ы Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты: Владимир Иванович Видикер «Харьков» совхозының директоры . Совхозда В. Видикерден кейін Тито Уақапұлы Сыздықов билікті қолға алды . Совхоз директоры Тито Уақапұлы ауылдастарымен тез арада тіл табысты. Ол В. Видикер бастаған істі дамытып дәнді-дақылдардың өнімділігін, тұқымын жақсартып, мал тұқымын асылдандыруда көп еңбек етті. Қазақстан Республикасы Парламентінің табиғат және экология комитетінің төрағасы болып сайланды.
Тито Уақапұлы Сыздықовтан кейінгі совхоз директорлары: Горбатюк Р.С., Скачков В.П., Бобров С.П.,Шаймарденов А.Р., Шорманов Ж.Х. Ауыл әкімдері міндетін атқарған қызметкерлер: Кузнецов Н.С., Жармағамбетов А.Б. және қазіргі уақыттағы ауыл әкімі М.Ж.Шорманов
Окург атауы Елді мекен атаулары Тұрғын саны Жер көлемі, га Аудан орталығынан қашықтығы, км Отбасысаны Ауыл әкімі
Харьков Харьков ауылы
Қарабұзау ауылы 501
142 2789 22 160
43 М.Ж.Шор-манов
Қазіргі уақыттағы ауылдағы ұлт өкілдерінің үлесі:
қазақтар - 372
орыстар - 147
украиндар - 68
шешендер - 29
немістер -12
белорустар - 4
удмурттар - 7
болгарлар -4
татарлар – 4 адам.
Қазіргі уақытта тыл еңбеккерлері– 4 адам.
Шаймерденов Рашид ата мен Зипш апа, Ткач Зиновья, Никифорова М.
Ауылдың қазіргі көрінісі

Ауыл әкімшілігінің орталығы

Ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана орналасқан үй 2006 жылы ашылды. Меңгерушісі Тасболатова Айман.

Астық мекені
Дәрігерлік орталық 2000 жылы ашылды
Тазартылған ауыз су кешені 2009 жылы салынды.


Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш 1980 жылдары салынған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдас майдангерлер
«Көк тіреген көкшіл таулар шөкпейді!».

Омаров Мұқан Әубәкірұлы
Мұқан ата 1910 жылы он екінші қаңтарда қазіргі Харьков жерінде дүниеге келген.
1942 жылы 15- маусымда соғысқа аттанып, 1946 жылы 5- қарашада аман-есен туған жері Харьков совхозына, майданға барғанға дейінгі жұмыс істеп жүрген орны май шайқайтын заводта жұмысын жалғастырады. Жұбайы Омарова Күләй тылдағы көпжылдық еңбегі үшін түрлі марапаттаулармен және бала өсіріп тәрбиелегені үшін «Батыр ана» медалімен марапатталған.
«Атам соғысты еске алып, ол туралы әңгімелеуді ұнатпаушы еді. Атам Германия жеріне Берлин, Кенигсберг жерлеріне дейін отан үшін барып қайтқан қатардағы жауынгер болған. Бірде бақшадағы картоптың масағын көрген атам «Соғыста қашып иә болмаса қуып бара жатқан кезде бақша маңында жатқан картоптың масағын жүріп бара жатып та шикідей жеп, өзегімізді жалғаушы едік» дейтін» еді жарықтық» деді, қарашаңырақта отырған келіні Биғадиша апайымыз. Мұқан атаның соғыстағы ерліктері еленбей қалған жоқ. «Белгің қалмаған жолдан өттім деме!» дегендей ол:
1945 жылы 9- маусымда «Кенигсбергті алуға» қосқан үлесі үшін медалімен;
1946 жылдың 3- мамырында «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін» медалімен;
1948 жылдың 20-шы желтоқсанында «Жауынгерлік ерліктері үшін» медалімен;
1948 жылдың 20-шы желтоқсанында 2 мәрте «За Отвагу» медалімен;
1978 жылы 1-маусымда «Еңбек ардагері» медалімен;
1941-1945 жылы ҰОС –ы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісі;
Неміс – фашист жаулаушыларына қарсы күрескен ерлігі мен шыдамдылығы үшін «Отан соғысының» ІІ дәрежелі орденімен;
Ұлы жеңістің 20, 25, 30, 40, 50 жылдық мерейтойларына орай КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының және Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша медельдармен;
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығы бойынша 3 рет «КСРО Қарулы күштерінің мерейтойларына» байланысты медальдармен;
«За Отличиев войнской службе» медалімен;
Бірнеше рет «Еңбек ардагері» медалімен;
ТМД қатысушы мемлекеттің басшылары Кеңесінің 1995 жылдың 26-мамырындағы Шешіміне сәйкес Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалімен 1997 жылы марапатталған.

«Жауынгерлік ерліктері үшін» медалі

«Кенигсбергті алуға» қосқан үлесі үшін медалі

«1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін» медалі

«Отан соғысының» ІІ дәрежелі ордені

Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы медаль

«1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісі

Ұлы жеңістің 40 жылдығына арналған мерейтой медалі

Ауыл әкімшілігі атынан жасалған естелік тақтайша

Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдастарымыз

Шкирия Степан Тихонович
1916 жылы өмірге келген. Соғысқа дейін Ертіс ауданының Корниловка селосында мұғалім болып жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысы басталған күннен бастап майданда соғысты. Хабар- ошар жоқ .

Кривенко Иван
1924 жылы 10-ақпанда өмірге келген.Майданға 18 жасында аттанды. Жеңісті күндерге жету үшін ерлікпен соғысты.Соғыстан кейінгі жылдары Харьков совхозының 2-бөлішесінде мал шаруашылығында еңбек етті. 1982 жылы 9 мамырда қайтыс болды.

Голбан Иван Яковлевич
1917 жылы 23 ақпанда Молдавия жерінде өмірге келген. 1944 жылы 25 атқыштар дивизиясының құрамына тартылды. Будапешт түбінде алғаш майданға кірісті. Майданда жараланған жауынгер жеңісті госпитальда жатқанда естіді. «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін» медалімен , «За Отвагу» медалімен, Ұлы жеңістің мерейтойларына арналған медальдармен марпатталған.

Желдыбаев Жапеш
1940 жылы әскерге шақырылған. Қиыр Шығыста азаматтық борышын өтеді.Жапониямен соғыста майданда болды. « За победу над Японией» медалімен марапатталған.

Безуглый Федор Андреевич
Харьков ауылында дүниеге келген.Соғыс басталған күндерден бастап майданға аттанды. Майданда жарақат алғаннан кейін Ауылға оралып тылда еңбек етті. . «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін» медалімен , « За добрестный труд в гордый БОБ» медалімен , « Ветеран труда » , Ұлы жеңістің мерейтойларына арналған медальдармен марпатталған.

Абросимов Иван Ефремович
1905 жылы 10 қазанда Қарабұзау ауылында өмірге келген.Жеті жылдық білім алып колхозда еңбек етті. 1943 жылы 20 қаңтарда соғысқа шақырылды. 1945 жылы 1 ақпанда Венгрия жерінде қайтыс болды.
2109470top
Алимбергенов Муталяп
1926 жылы 21 ақпанда Қашыр ауданында дүниеге келді. Білімі орта арнаулы. 1944 жылы 15 ақпанда соғысқа шақырылды. 1945 соғыс аяқталғанға дейін бірінші Белорус майданында 556 атқыштар полкінде азаматтық борышын өтеп, 1946 жылы Сахалинде өз міндетін атқарды. 1950жылы қыркүйекте елге оралды. 1950 жылдардан бастап Краснакутск ауданының жоспарлы –экономика бөлімінде, 1972 бастап Харьков совхозында аға экономист болып қызмет етті.

Абросимов Алексей Титович
17жасында әскерге шақырылып Воронеж түбінде майданға кірісті.Майдандағы жолдары Курск доғасы, Польша, Румыния, Гемания жерлері арқылы өтті . 1947 жылға дейін Германияда азаматтық борышын өтеді. 2 рет «Қызыл жұлдыз орденімен» , «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін» медалімен; «За освобождение Варшавы», «За взиятие Берлина» медальдарымен марапатталған.

Абросимов Василий Титович
1921жылы 15 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келді.Соғысқа дейін 7 сыныптық білім алған ол санақшы болып еңбек етті. 1940 жылы Монғолия жеріндегі Кеңес әскері құрамында өз борышын өтеді. Сержанттық мектепте оқып жүрген ол 1941 майданға аттанды. 1943 жылға дейін Украина жерінде оң аяғынан жарақаттанып, біраз уақыт госпитальда болады. 1944 жылы ауылға оралып түрлі салада еңбек етті.

Алешко Павел Порфирьевич
1909 жылы Омбы облысының Карасук станциясында дүниеге келген. 1942 жылы 13 маусымда  567- атқыштар полкінің құрамына шақырылады. Воронеж, Сталинград, Ростов жерлерінде соғысып жүрген шағында ауыр жарақатқа ұшырайды. Сауыққаннан кейін Белоруссия жерінен Польшаға дейін майдан қатарында болды.   1945 жылы 25 қыркүйекте майданнан оралды. 1960 жылы мамыр айында Харьков совхозына қоныс аударып, комбайншы болып еңбек етті

Ильяшев Темиржан
1926 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 7 жылдық білім алған.1943 жылы әскер қатарына шақырылды.Балтық маңы майданында Латвияда, Белорус майданында  169- дивизияда, 680- гвардиялық пулеметшілер полкінің құрамында шайқасты. Польшаға өтіп Франкфурд шайқасына қатысып, жарақаттанған.Сауыққаннан кейін Берлинге дейінгі шабуылдаушылар қатарында соғысты. 1950 жылдың 27 мамырына дейін Германия жерінде азаматтық борышын өтеген. 1981 жылы қайтыс болды.

Безуглый Николай Михайлович
1915 жылы дүниеге келген. Соғысқа дейін Харьков совхозында механизатор болып еңбек етіп жүргенде 1941 жылы майданға аттанды.Ленинград түбіндегі соғыста болып, Берлинге дейін жеткен.Соғыстан оралғаннан кейін колхозда бригадир болып еңбек еткен.

Баглай Иван Тимофеевич
1925 жылы 25 қаңтарда Көкшетау облысының Пески селосында дүниеге келген. 1943 жылы Монголияның Баянтум өлкесіне әскер қатарына аттанды. 1941 жылы кіші сержант атағын алды. 1945 жылы Белорус майданының 3- атқыштар дивизиясының қатарына алынды. Балтық маңы майданында Латвия, Литвия жерлерін жаудан тазартуға өз үлесін қосты. Соғысты Шығыс Пруссияның Пелау портында аяқтаған. «Қызыл жұлдыз орденімен» , «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін», «За Отвагу», «За воевые заслуги» медальдарымен марапатталған.1982 жылдан бастап Харьков совхозының директорының орынбасары қызметін атқарды.

Безуглый Андрей Михайлович
1918 жылы 8 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген.Жеті жылдық білім алып, колхозда жұмыс істеген.1941 соғысқа тартылған. 1942 жылдың мамыр айынан бастап хабар-ошар жоқ.

Гирько Андрей Николаевич
1912 жылы 15-қазанда Харьков ауылында өмірге келген. 1930-1936 жылдары және 1938 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін, Харьковта тракторшы болып еңбек еткен. 1942 жылы қаңтарда Мәскеу түбіндегі батыс майданда соғысқа кіріскен. 1942 жылы 8 мамырда 52 атқыштар дивизиясының құрамында Харьков, Донбасс қалаларын жаудан азат етуге қатысқан.1944 жылы Дунай өзені арқылы өтіп Румыния,Болгария,Югаславия,Австрия, Венгрия жеріндегі майдандарға қатысып, Прагада соғысты аяқтады. Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан. , «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін», «За Отвагу», «За победу над Японией» медальдарымен марапатталған

Комарь Иван Тимофеевич
1913 жылы дүниеге келген. 1941 жылдың шілдесінен бастап майданға аттанды. «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін», «За Отвагу», «За оборону Ленинграда » медальдарымен марапатталған.

Шкиря Павел Иванович
1907жылы 20 мамырда Украинада өмірге келген .1910 жылы Харьковқа қоныс аударды. Соғысқа дейін ауыл шаруашылығында және ұста болып еңбек етті. 1941 маусымда майданға аттанған. 1943 жараланып ауылға оралды. «За Отвагу», «За освоение целинных земель» медальдарымен марапатталған.

Щербак Петр Никитович
Соғысқа дейін колхозда кітапхана меңгерушісі қызметін атқарған. Бейбіт еңбегін соғыс бөліп, алғашқылардың бірі болып майданға аттанды. Майдандық жолы Панфиловшылар дивизиясына әкелді. Аспанға қара бұлт төнген күндері Отаны үшін жанын берді.

Темнохудов Андрей Семенович
1900 жылы Украинада кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Алғашқы қоныс аударушылардың қатарында Харьков ауылына ата-анасымен көшіп келген. 1941 жылы 9 қыркүйекте азаматтық борышын өтеуге аттанды. 1944 жылдан бері хабар-ошар жоқ.

Касьян Василий Иванович
1911жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 3 жылдық білім алып соғысқа дейін Харьковта тракторшы болып еңбек етті. 1941 жылы 17 шілдеде азаматтық борышын өтеуге аттанған.  1945 жылы 25 қазанда туған аулына оралды. «Қызыл жұлдыз орденімен» , «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңуге қосқан үлесі ұшін», «За Отвагу», «За оборону Ленинграда », ІІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1973 жылы 11 қыркүйекте көз жұмды.

Батырбек Манейұлы
Жеңіске арнау
Ағарып атып нұр таңы,
Алаулап жанып тұр тағы
Кешегі өткен көк түрік
Күлтегіннің ұрпағы.
Дара боздай ерлердің,
Наурызбайдай шерілердің
Қанынан тарап өмірге
Момышұлы боп келгенмін.
Жүрегін от , шоқ қарып,
Берендей түзу оқталып,
Құрбан болды ел үшін
Төлеген батыр Тоқтаров.
Облысымыздан да майданға
Аттанған ерлер қайдан да.
Қанаш Қамзин атамыз
Қаймығып жаудан тайған ба?
Жүрегі қайсар түктеніп,
Жауына сымдай тік келіп,
Аждаһа жаумен айқасты
Атамыз Серікбай Мүткенов.
Қарша тұрса оқ борап,
Қасарысқандарын ноқталап,
Ілгері қарай ұмтылды,
Шегінбек қайда, тоқтамақ? Тәңірім бізге рақым етті,
Айту керек рахметті !
Майданға өрттей жіберді
Қайырбаев Махметті.
Жұта алар ма отты от,
Сойылдан тиген соққы боп,
Дауылдан туған жалындай,
Дәл мұндай елге қалтқы жоқ!
Белгісіз болып есімі,
Жүрсе де сан жыл кешігіп,
Дувовой Павел - ел үшін
Ерліктің ерен бесігі.
Тағдыры түсіп тартысқа,
Қалғанда ерлер әр тұста,
Жеңіс деген аты бар
Сәбилер жеттті алпысқа.
О, жарандар, жарандар,
Жеңіс келді қараңдар,
Бейбіт өмір алпыс жыл,
Оны да жеңіске санаңдар!
Миуалы, жемісті
Қарсы алайық жеңісті.
Жеңіс келді шынымен,
Өміріміз болсын келісті.
Ауған соғысының ардагері

Жусупов Қалқаман Айтпайұлы
1968 жылы 16- маусымда дүниеге келген. 1986 жылыдың 13 - қазанында Ташкент облысының Термес өңіріне 18 жасар Қалқаман аға 3 айға әскери дайындыққа жіберілген. 1987 жылдың 2 - ақпанында Кабулдан 70 шақырым жердегі Баграм аймағына ауған соғысына қатысты. Соғыста жүргізуші міндетін атқарып, соғысқа қажетті қару - жарақтар мен оқ- дәрілер тасыған. 1989 жылы 21- қаңтарда азаматтық борышын атқарған Қалқаман аға Харьков совхозына оралды. Қазір Харьков ауылы Қарабұзау бөлімшесінің құрметті азаматы, отбасы т ірегі, өнегелі әке, асқар таудай аға «Ел намысын қуғанның еңсесі биік!» дегендей, ол «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ауған халқының алғысы» медальдарымен, «Интернационал жауынгер» белгісімен және мерейтойларға байланысты медельдармен марапатталған.
«Ағалардың мирасын, інілеріміз сыйласын».
Ауыл шаруашылығына көп жылдық еңбек сіңірген басқа жерлерден қоныс аударған жерлестеріміз
...Орыс, ұйғыр, неміс те
Үміт қосып жеңіске -
Жұдырықтай жұмылды
Келешегі кең іске...

Булкенова Надежда Илларионовна
Ресейдің Новосибирск облысының Купинский ауданы Апалиха селосында 1935 жылы дүниеге келген. Ұлты неміс. Бір жасқа толмай ата-анадан жетім қалған Надежда апаны Қашыр ауданындағы нағашы апасы өз қамқорлығына алады. 1942 жылы аудандағы қазақ мектебінің бірінші сыныбының табалдырығын аттап 1948 жылы 6-қазақ сыныбын бітіріп шығады. Ержеткеннен кейін Комсомолдық жолдамамен Екібастұздың Төртқұдық руднигінде жұмыс істейді. 1951 жылы қазақ жігіті Булкенов Базарәліге (руы күшік) тұрмысқа шығып, отбасын құрған. Қыз кезіндегі тегін Зыковадан Булкеноваға ауыстырған . 1972 жылы Краснокутск ауданының Харьков совхозының Черемуха бөлімшесіне отағасымен бірге мал шаруашылығына жұмысқа орналасқан. Жұмыс бабында 100 сиырдан 70 бұзау алу жоспарланса, Надежда апа 100 сиырдан  100 бұзау алып ісі алға жүрген, еңбек өнімділігін күшейткен озат жұмыскер болатын. Апаның маңдай терімен атқарып жүрген еңбектерін бағалаған әкімшілік түрлі сый-құрметін де аямаған. 6 рет «Победитель Соцсоревнования» медалін Надежда апаның төсіне (1974 ж, 1975 ж, 1977ж., 1978 ж., 1979 ж., 1980 ж.) таққан.
10 бала тәрбиелеп өсірген апа «Материнская слава» орденімен марапатталған.
Облыстық «Ауылшаруашылық жұмыскерлерінің конференциясына» делегат болып бару міндеті жүктеліп, барып қайтқан.
Ауылшаруашылығына сіңірген еңбегі үшін оншақты рет түрлі Дипломдармен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталған. Олардың ішінен апаның ерекше бөліп көрсеткені Қазақстанның дамуына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін Ақтоғай аудандық әкімшілігі атынан берілген Құрмет грамотасы.

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін, орыс және неміс тілдерін білетін, үлкенді ұлықтап өскен Надежда апа қазір Харьков ауылында ұлы Сәбит, Келіні Жанар, немерелері Әмина мен Тимурмен бірге тұрып жатыр. Апа «Қазақстанда тұрып қазақ халқымен етене араласқанына, ендігі ғұмырымды осындай бейбіт, мамыражай елде балаларымның ортасында өткізсем арманым жоқ» дейді.

Никифорова Матрена Кузьминична
Ресейдің Удмурт АССР-ң Юкаменское ауданының Егоровка деревнясында 1932 жылдың екінші сәуірінде дүниеге келген. Ұлты удмурт. Удмурт АССР-ң Яр поселкесіндегі кірпіш заводында, теміржолда түрлі жұмыстар атқарған. Отағасы Никифоров Леонид Никонорович те кірпіш заводында қызмет істеген.
1969 жылы Қазақстанға Краснокутск ауданының Харьков совхозының Черемуха бөлімшесіне отбасымен 5 баламен өз қалаулары бойынша қоныс аударған. Черемуха бөлімшесінде мал шаруашылығында, балабақшада түрлі жұмыстар істеген. Еңбектегі жетістіктері үшін түрлі алғыс хаттармен марапатталған. Апа тыл еңбеккері. 2010 жылы Еңбек ардагері медалін аудан әкімшілігі апаның төсіне қадады.

1974 жылы отбасының тірегінен және бір баласынан айырылған апа 7 баланы өзі жалғыз тәрбиелеп өсіргеy апа «Материнская слава» орденімен марапатталған. Осындай кезде туған жерін сағына еске алған апа «Мен орманда, көк шалғын жерде өскен едім, осында келгенде жазық даланы көргенде туған жерім есіме түсіп көңілім құлази бастады, бірақ қазақстандықтардың дархан көңілі, олардың адамгершілік қасиеттері туған жерге деген сағынышымды басты. Қазақстанға қоныс аударғанына өкінбейтіндігін» айтты. Қазір қызы Нина, күйеу баласы Аманмен бірге жиендері Серік, Данияр, Дамир, Арманды өсіріп тәрбиелеп жатқан ананың алдында асқар тау да аласа .

Алимова Зинаида Гульмидовна
Ресейдің Башқұрт АССР-ң Балтачевский ауданының Кизганбаш ауылында 1941 жылы мамырдың жиырма тоғызында дүниеге келген. Ұлты - башқұрт. Комсомолдық жолдамамен 17 жасар жас қыз 1958 жылы құрбысы Гүлфиямен Қазақстанға қоныс аударып, Павлодарский ауданының Кубань совхозының Красная Армейка станциясына келеді. Келе салысымен мал шаруашылығына жұмысқа орналасқан. Мемлекет түрлі елден келген 5-6 қызға бір баспана беріп жұмысқа орналастырған. 1962 жылы Куйбышев ауданының Сталин (қазіргі Қожамжар) совхозында Алимов Манап (руы күрлеуіт) деген қазақ жігітімен тұрмыс құрып, Арменшина деген қыз кезіндегі тегін Алимоваға ауыстырған . 1964 жылы Башқұрт АССР- нен бауыры Арменшин Рашидті өзіне серік ретінде көшіріп әкеледі. 1963 жылы Харьков совхозының Қарабұзау бөлімшесіне отбасымен қоныс аударып, отағасымен бірге мал шаруашылығында көп жылдар еңбек еткен. Жұмыс бабында еңбегімен ерекшеленген апа «Ударник труда», түрлі грамоталар мен алғыс хаттармен және 2005 жылы Ақтоғай аудандық әкімшілігінің атынан «Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына қосқан еңбегі үшін » Алғыс хатымен марапатталған. 11 бала тәрбиелеп өсірген, «Алтын алқамен» марапатталған қазақ тілінде еркін сөйлейтін, орыспен орысша, башқұртпен башқұртша, татармен татарша, удмуртпен удмурт тілінде сөйлесе алатын апа қазір Харьков аулында қарашаңырақтағы кенже ұлы Болат, келіні Самалмен бірге немерелері Жұлдыз бен Әлішерді тәрбиелеп өмірге баулуда. Туған жерін сағына еске алатын апа «Қазақстанға көшіп келгеніме өкінбеймін, ендігі ғұмырымды немерелерім мен жиендерімді еліміздің салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпын, тілін дамытып, нығайтатын ұрпақ етіп тәрбиелесем»- дейді.
«Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі ізбасарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың».
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Соғыс аяқталғаннан кейін тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қайта жанданды. «Қазақстандағы, Сібірдегі, Волга жағалауындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жөніндегі» КПСС Орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз айларында өткен Пленум бүкіл Кеңес Одағының жастарын осы науқанға қатысуға шақырды. Қазақстан жерінде де ауыл шаруашылығын дамытудың бағыты айқындалды. Облыста, оның ішінде Куйбышев ауданында да бұл саланы өркендетудің жаңа жоспарлары жасалып, іске аса бастады. Тың игеру кезінде аудандағы колхоздардың барлығы совхоздарға айналдырылды.Ауыл адамдары қымтыла қоймаған жағдайдан тезірек шығудың жолы тың және тыңайған жерлерді игеру деп шешіп, құлшына кірісіп қажырлы еңбек етті.Еңбек ақыларына алған өнімдерін киім-кешекке және тұрмыстық тауарларға айырбастап жүретін колхозшылар енді қолдарына ақша ұстайтын болды. Жаңа мамандықтар игеруге талаптана бастады. Тың игеру кезіндегі Кеңес Одағының жастары - қазіргі Қазақстанның дамып өркендеуіне өз үлесін қосқан еңбек ардагерлері мен кеудесі тарихқа толы қариялар. Солардың бәрі ұзақ жылдар бойына ауыл шаруашылығы, ағарту және мәдениет салаларында ұрпққа үлгі боларлық зейнеткерлер. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталысымен Қазақстанда ұлттық қазына жойыла бастады.Қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылып, жойыла бастады. Ауылымызға келген қоныстанушылардың саны байырғы тұрғындардың санынан бірнеше есе асып түсті.Орыс тілі ресми тілге айналып, қазақ тілінің аясы тарылып тек қана отбасылық тілге айналды.
Харьков орта мектебі
Харьков орта мектебінде барлығы 103 оқушы, 36 мұғалім жұмыс істейді. «Мектеп білім ордасы» дегендей сабақтан тыс уақытта пәндік және оқушылардың қызығушылығына арналған көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушыларымыз Ж.Камиржанова, А. Тулеу, Ғ. Қайырбек соңғы үш жыл қатарынан «Алтын белгі» иегерлері. Мектебімізде аудандық, облыстық тіпті республикалық деңгейде түрлі іс-шараларға қатысып жүрген мұғалімдер мен оқушылар жетерлік.
Атап айтсақ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Маней Роза Облыстың білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, оқушысы Ж.Е. Камиржанованың университет қабырғасындағы оқу үрдісі мен қоғамдық өмірдегі жоғарғы нәтижелері үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нен Алғыс хатымен, Облыстық «Баспа шығарылымы» конкурсында ІІІ дәрежелі дипломымен, Аудандық «Үздік элективті курс» конкурсына белсенді қатысқаны үшін, оқушысы Б.Жумабай «Әлем балалары Қазақстан туралы» халықаралық конкурсының ІІІ орын жүлдегері, жыл сайын оқушыларын ҰБТ нәтижесі бойынша 100% сапа көрсеткені үшін Ақтоғай ауданы әкімшілігінің және Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталушы.
Тарих пәнінің мұғалімі Р.М. Алимова Аудандық «Үздік ұстаз» сайысының І орын жүлдегері, Ақтоғай ауданы әкімшілігінің және Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, жыл сайын оқушыларын ҰБТ нәтижесі бойынша 100% сапа көрсеткені үшін марапатталушы. Маней Роза мен Р.М. Алимованың 11-сынып оқушысы Камиржан Рүстем облыстық «Яссауитану» сайысында жүлделі орын алып, Республикалық «Яссауитану» сайысының дипломанты атанды.
Неміс тілі пәнінің мұғалімі С.Р. Смагулова Аудандық мәслихаттан «Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін», АББ «Білім беруде жақсы көрсеткіштерге жеткені үшін», оқушысы «Үш тұғырлы тіл» сайысында жүлделі орын алғаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталушы.
Информатика пәнінің мұғалімі Б.Т. Дощанов «ОӘК құруға белсенді қатысқаны үшін» ОББ марапатымен, облыстық авторлық элективті курсында І орын иеленгені үшін, Аудандық мәслихаттан «Сіңірген еңбегі үшін» Алғыс хатымен марапатталушы, облыстық әкім грантының игері.
Математика пәнінің мұғалімі Б.Е. Мамырханов 2010 жылғы Президент сайлауын өткізуге өте белсенді қатысқаны үшін Ақтоғай ауданы әкімшілігінің марапатымен, Аудандық білім бөлімінен Педагогикалық оқулар сайысында ІІ орын алғаны үшін Алғыс хатымен, оқушылары ҰБТ нәтижесі бойынша 100% сапа көрсеткені үшін марапатталушы.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Хаван Райысбектің оқушылары дойбыдан А.Сейл екі мәрте Алтын медальмен, бір мәрте Күміс медаль, М.Өміртай Күміс медаль жүлдегерлері.
Физика пәнінің мұғалімі Р.Ш. Дощанованың физика пәнінен авторлық құралы Астана қаласының МБА институтының тізіміне енген, жыл сайын оқушыларын ҰБТ нәтижесі бойынша 100% сапа көрсеткені үшін Ақтоғай ауданы әкімшілігінің және Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталушы.
Бастауыш сынып мұғалімі Е.Өміргүл оқушыларын пән олимпиадаларына жақсы дайындағаны үшін Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталушы.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі М.К.Орыспаева НұрОтан ХДП «Ауданымыздың саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін», Аудандық білім бөлімінің «Үздік элеrтивті курс», «Интерактивті тақтадағы үздік сабағы үшін» Алғыс хаттарымен марапатталған.
Мектебімізде оқушыларын ҰБТ нәтижесі бойынша 100% сапа көрсеткені үшін Д.С.Дощанова, С.Қ.Исенова, Н.М. Дощанова марапатталушы. Математика пәнінің мұғалімі М.Қ.Исаханова Облыстық тоғызқұмалақ сайысынан 6 мәрте І орын жүлдесі үшін Облыстық профсоюздың Алғыс хатымен марапатталушы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға ...»
623570605155Дощанова Роза Шариповна 1428115457200Маней Роза 18415433070Смагулова Сынды Рахманкуловна -10160561975Елен Өміргүл 217805344805Алимова Рази Манейқызы

1991жылғы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы түлектеріБережная Р, Губатюк А, Дюсенова А, Нурлыкаимова Д, Давальченко Л, Дитц О, Аленова Ш, Коссов В, Кабышев Г, Акылбеков Н, Крыльев В, Видовский Л.
1991-2009 ж жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруЭлектроника 1993жCeleron 2000 ж Pentium 4 2009 жНоутбук 2009 ж
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы 2000 – 2007 ж.Аға вожатыйАлисултанова Л.Э.2004 жМектеп психологіАбросимова Т.А.2000 жСпорт әдіскеріКиреев С.К.2007 жМедбибі Говтва В.А.2003 ж
Дәрігерлік көмек кабинетінің ашылуы 2003 жылЕм беру кабинетіЖұмыс орны
«Болашақ» балалар ұйымының құрылуы2004 жыл
Мектеп ішінде шағын орталықтың ашылуы 2009 жылТәрбиеші -Машикова Майкеш Адиловна
Мектебімізде заман талабына сай сабақтар өтіледі Лингафон кабинеті2004 жМультимедия кабинеті2009 жИнтерактивті тақта 2008 жИнформатики кабинеті2010 год
Біздің мақтанышымызКамиржанова Жанна «Алтын белгі» иегері2010 жКамиржанов Рустем –2010ж республикалықЙассауи оқуына қатысушыКаирбек Зарина – республикалық спорттық сайыстарға қатысушы2010 жТулеу Айдана –облыстық олимпиада,сайыстардың жүлдегеріОблыстық шахмат сайысының қола жүлдегерлері 2010 ж
Ауылдастарымыздың жыл басы - Наурызды тұңғыш рет қарсы алуы
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлығымыз үшін сүйікті мерекеге айналды. Харьков ауылының тұрғындары тарихта аласталған ұлтымыздың ұлы мейрамы Наурызды тек 1991 жылы 20-сәуірінен бастап қарсы ала бастады. «Елім-айды» ел күнде айта бермес. Енді қазақ, мінген атыңнан құласаң да, елдік салтыңнан құлама!
«Халқың қандай?- десең, салтымнан сынап біл»

Сағындық ата халыққа бата беріп, игі тілектер айтуда. «Кемеңгер сөзі көрікті».

Совхоз директоры Горбатюк Раиса Савишевна мен мектеп директоры Сүлейменов Ислам Кайрбекович Халықты Наурыз мейрамымен құттықтауда.



Аспаптардың үніне ән қосқан ауыл азаматтары



Беташар, тұсаукесер, бәйге - салт-дәстүріміз.



Ауыл азаматтарының Наурыз мейрамындағы отырысынан. (суреттер 1991жылғы )
Жандарбек мешіті
57150026670


Ақтоғай ауданының орталығындағы мешіт Ертіс өңірінің атақты әулиесі Исабек атаның ұрпағы Жандарбек атаның атымен аталады.
Бұл мешіт 1995 жылы салынған. Ауданы 364 шаршы метр. Сыртқы бейнесі, әсіресе төбесіндегі әсем күмбезі мен ай белгілері, төрт бұрышындағы биік мұнаралары алыстан жарқырап көрініп тұрады. Ішінде көп бөлмелері бар.
Ертіс өңірінің ғалымдары
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топ бір ғалым жайлы мәтінді түсініп оқып, диаграмма құрып, сол бойынша мәтінді қысқаша әңгімелеңіз.

Зайырхан Омарұлы Әшитов Павлодар облысы қазіргі Ақтоғай ауданыны «Жаңа аттаныс» аулында 1923 жылы туған. Отан соғысына қатысқан. 1952 жылы әскери Заң академиясын бітірген. Ұзақ жылдар бойы Орта Азия округінің әскери трибунал төрағасының орынбасары болып істеді.
1976 жылдан КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің ғылыми жұмысының бастығының орынбасары болып істеді, 1979 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Алматы халық шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі болды.
Зайырхан Омарұлы Әшитов – бірнеше монографияның авторы. Ол 1976 жылы Заң ғылымының докторы, профессор, әділет полковнигі атақтарына ие болған.

Тасболат Хасенұлы Шаяхметов - «Шұға» мектебінің түлегі. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына бітірген.
Ол Павлодар индустриалды институтының ұстазы/1961/, пединститут оқытушысы/1963/, проректор/1966/, ректор/1977/,
ПМУ-дің І проректоры /1997/ болып қызмет атқарды.
Зейнеткерлікке шыққан соң, Тюмень мұнайгаз Университетінің Павлодар филиалының директоры болып тағайындалады.
«Құрмет белгісі» орденімен, Ыбырай Алтынсарин және басқа бірнеше медальдармен, КСРО «Ағарту саласының үздігі», «Жоғары білім беру жұмысындағы үздік табыстары үшін» белгілерімен марапатталды. Матеметика ғылымының кандидаты, профессор.


Айып Қисаұлы Құсайынов /1938-2001/ - қазіргі Ақтоғай ауданы Бөгенбай аулының тумасы. Селекционер-ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, ҚазССР-інің Еңбек сіңірген зоотехнигі. Алматы зооветеринар институтын/1960/, Қазақ ғылыми-зерттеу институтына
аспирантурасын бітірген. Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында бас зоотехнигі, №23 асыл тұқымды қазақ меринос қойын өсіру совхозының директоры, Қазақстан Компартиясы Екібастұз аудандық комитетінің І хатшысы, ҚР Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары, ҚР Агроөнеркәсіп кешені төрағасының орынбасары, республикалық мемлекеттік «Асыл» акционерлік компаниясының төрағасы, президенті, вице-президенті қызметтерін жоғары шеберлікпен атқарды.
Ауыл Шаруашылық Жетістіктер Көрмесінің /ВДНХ/ медаліне ІІІ мәрте қол жеткізді. Октябрь Революциясы орденімен, ІІ мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес президиумының құрмет граммотасымен марапатталған.
Ғалым, ауыл шаруашылық өндірісінің майталман маманы өзінің ғылыми еңбегін жалғастырарын ізбасарлар даярлаған ұстаз атанып, артына өшпес із қалдырған.

Борис Әбілмәжитұлы Қуатов /1940-1997/ Алға аулының мектебін бітіріп/1954/, Павлодар педучилищесін/1958/,
Қазақ Мемлекеттік университетін/1965/ бітірген. Туған мектебінің тарих және қоғамтану пәні мұғалімі, Чкалов мектебінің оқу ісі меңгерушісі
болып жұмыс істеген. Кейін аудандық, облыстық партия комитеті қызметкері, Индустриалды аудандық партия комитетінің хатшысы, Павлодар педагогикалық институтының проректоры қызметтерін атқарды.
Қоғамдық академияда білім алып, тарих ғылымының кандидаты атағын абыройлы қорғады. Ол өзінің саналы өмірін ғылымға жұмсаған. Борис Қуатов «Екібастұз отын-энергетика кешенінің құрылу тарихы» атты кітап жазып, «Отан тарихы» деген тақырыпқа докторлық диссертация жұмысын дайындап, оны қорғауға екі ай жетпей ауыр науқастан қайтыс болады.
Борис Қуатов көптеген медальдармен марапатталған.

Тілеулес Әбдіғалиева Павлодар облысы қазіргі Ақтоғай ауданының Естай аулында 1941 жылы туған. 1965 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген соң, оның ұстаздық қызметі Краснокутск мектеп-интернатынан басталды.
Доцент Әбдіғалиева Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында мұғалім, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болып істейді. Профессор Оралбаеваның жетекшілігімен докторлық диссертация қорғайды. Ол «Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі» тақырыбына еңбек жазады. Профессор, филология ғылымының докторы, 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы Тілеулес Әбдіғалиева Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ұстаздық қызмет істейді.

Олжабай Жармакин 1936 жылы қазіргі Ақтоғай ауданының Чкалов совхозында туған. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Лингвист, филология ғылымының кандидаты /1971/, доцент /1973/, КСРО «Ағарту
саласының үздігі», Павлодар ПМУ-інің профессоры. Куйбышев, Спартак орта мектептерінде мұғалім, Куйбышев аудандық комсомол комитетінде І хатшы, Октябрьдің ХХV жылдығында директор болып жұмыс істейді. Ол Алматы шет тілдер пединститунда ұстаздық қызмет атқарады. Өз білімін Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде, Лейпциг, Пассау, Готтинген университеттерінде жетілдіреді.Алматы педагогикалық институттың жанындағы аспирантурада оқыды да, ол «Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрықты сөйлем» тақырыбына ғылыми диссертация қорғады.
Олжабай Жармакин ұзақ жылдар бойы Павлодар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болды. Облыстық тілдер басқармасының бастығы болды. Профессор Олжабай Жармакин облыстық тілдерді дамыту қорының атқарушы директоры болып істейді.
Павлодар Университеттерінде Мемлекеттік тілді оқытуға маман даярлайтын көптеген кафедралар бар. Бұл кафераның профессорлары болашақ қазақ тілінің мұғалімдеріне білім беріп қана қоймай, ғылыми жұмыстармен де айналысады. Қазақ тілінің зерттелмеген қыр-сыры мол болғандықтан, олар өз қатарын жас ғалымдармен толықтыру жағын да қамтамасыз етеді.
Тұрышев А. Павлодар Мемелекет Университетінің студенттерін оқытады да, Сағындықұлы Б. Павлодар Университетінде қызмет атқарады. Бәрі де қазақ тіл білімін зерттейді. Шнайдер В. тарихи грамматиканы зерделесе, Резуанова Ғ. лексикологиямен айналысады. Павлодар университеттерінде қазақ тілін, әдебиетін зерттейтін тағы да көп ұстаздар бар. Бұл ғалымдар тынбай еңбек етеді, сондықтан біздің облысымызда мемлекеттік тілге көшу мәселесі жақсаруда.
Рақметұлы Мәненқабдыл
/1933 жыл/
114300171450 1992 жылы отбасы, балаларымен бірген Монғолиядан атамекеніне көшіп келген. Қазір Павлодар облысының Ақтоғай ауданында тұрады. Зейнеткер ұстаз. Зайыбының аты –Жайдархан.
Рақметұлы Маненқабдыл шығармашылық еңбекті ұстаздықпен қатар алып жүріп, мектеп оқулығын, «Қазақ-монғол тілдерінің аударма сөздігін» құрастырған.
Білім беру саласына сіңірген елеулі еңбегі үшін Монғолия Республикасының «Халық ағарту ісінің үздігі», 2-дәрежелі
«Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған.
Ақтоғай өңіріндегі жер-су аттары
Ақтоғай ауданының біршама ауыл аттары қара сөзінен басталады. Олар: Қарақоға, Қарабұзау, Қараоба, Қараой, Қарасу.
Рулар мен тайпалардың аттары жер атауларымен, географиялық объектілердің, тағы басқа жалқы есімдермен, яғни топонимдермен, тығыз байланысты.
Қазақ тілінде көшпелі қазақ халқы жақсы жайылымдық жер, су іздеп жүріп, өзендерге, тоғайларға, құдықтарға, жер бедерінің сипатына, жан-жануарлардың орналасуына қарай берген мекен атаулары көп. Мысалы, Талды, Шұбар құлын, Терең құдық, Қара бұлақ, Ащы көл, Құм көл, Сұлу.
Аталарымыз мекен еткен өңір
Ақылбек немересі Қайыргелді Машрықұлы Алға аулында тұрады. Ол кісі көп ізденіп, көп оқиды, кітапханаларды жиі аралайды. Өз жері Әбжан аулы болғанын былай деп дәлелдейді:
-Әбжан аулына менің бір атамның аты берілген. Ол жар басына алғашқы үй салған кісі екен. Ауылдастары
бұрын Ертістің оң жағалауы мен Жәшібай аралы арасындағы екі ортада көшіп жүріп, мал бағыпты. Ертіс үстінен қыста мұз қатқанда ғана өтіп отырады екен. Көшіп-қона беру қиын болыпты. Сонда ол жардың басында қыстақ салады. Кейін оған ауылдастары қосылады. Бірігіп отырықты өмір сүре бастапты. Сөйтіп, бұл жерді Әбжан аулы деп кеткен екен.
1. Приреченск селолық округіне қарасты Жоламан елді мекені де адам атымен аталған. Бір қолбасшы өз әскерімен бір жорығы кезінде осы жерде үш күн тынығыпты, сондықтан бұл жердің аты сол адамның атымен аталып кеткен екен. Бұл ауылдың Белеш атауы да бар.
2. Естай аулының солтүстік батысында ақтілестің Бежу-Тоғжан деген қонысы болған. Аты-жөні – Бекжан Итемгенұлы, алайда ел-жұртының қойған атымен Бежу болып кеткен. Ол - өте әйгілі атбегі, Жақсыбай шешеннің немересі. Шамасы 1800-1860 жылдары өмір сүрген. Бәйгеге қосқан бесті торысы мәңгі озып келетін болған. Оның зиратында сол жылқысының бас сүйегінің қаңқасы әлі күнге дейін жатыр.
3. Бізбен көршілес тұрған ауылдың атауы да – Қожамжар, яғни ата-ру келіп қоныстанған жердің аты. Бұл ауыл көп уақыт бойы Рассвет совхозының орталығы болып келді. Онан бұрын Сталин колхозы да болды.
4. Шұға. Бұл елде де ертеде үлкен бір бәйбіше ру басқаратын ел басшыларымен бірге елдің қамын ойлап, халқына көп игілі істер атқарған екен. Бұл ауылдың атауы біріесе Дөнен би аталыпты, біресе ескерілген игіліктері үшін ауыл аты Шұға болып өзгеріпті.
5. Сол сияқты Харьков жеріне қарасты адам атымен аталған Бітік және Дауылбай деген мекен болған, ал Еңбекші колхозына Барлыбай аты қайтарылған.
Кеңес Одағының батыры – Серікбай Мүткенов

Серікбай қазіргі Мүткенов аулына қарасты №16 ауылда 1913 жылы Мүтке Серғазиновтың отбасында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітіреді де, фермалардағы бастауыш мектептерге мұғалімдік қызметке алынады. Жұмыс істеп жүріп, Павлодардағы педагогикалық училищені сырттай бітіреді. 1942 жылы майданға аттанды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады да, ағалары Сатыбалды мен Нұрмұқанды соғысқа алып кетеді. Серікбай да Отанды қорғағысы келіп талай сұранды, ақыры, 1942 жылы майданға аттанды. Артиллеристік кіші командирлер мектебін бітірді, бірнеше айдан соң қару командирі болды. 1943 жылдың басында ғана Украина жерінде бірінші рет соғысқа кіреді де, сол жылдың күзінде-ақ Днепрдің оң жағалауындағы күресте ерекше ерлік көрсетіп, аға сержант Серікбай Мүткенов Кеңес Одағының батыры атағын алады.
Серікбай өзінің Батыр атағына ұсынылғанын жақсы білді, бірақ марапаттамаларын алып үлгермеді. 1944 жылы Черкасск облысының Рызино селосын азат ету шайқасында жалынды жауынгер қаза тапты. Павлодар қаласының және Ақтоғай аудан орталығының бір көшесі, батырдың туып-өскен ауыл орталығы, сол ауылдағы орта мектеп Серікбай Мүткенов атымен аталады. Мектеп алдында батырға қойылған ескерткіш тұр. Ақтоғай ауданының ауыл кітапханасына батыр есімінің берілуі дайындық үстінде.
Махмет Қайырбаев

Махмет Қайырбаев 1925 жылы Павлодар облысының Семиярка селосында туған, ұлты – қазақ, кәсібі – қызметкер, 1944 жылдан ВКП(б) мүшесі, жалпы білімі – Семейдің мұғалімдік институты, әскери білімі – Подольск артиллерия училищесін бітірген. Қызыл Армияның қатарында 1943 жылдан қызмет етеді. Осы уақыт ішінде М.Қайырбаев мынадай марапаттарға ие болды: Кеңес Одағының батыры атағын алды, Александр Невский, бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендері, «Ерлігі үшін» медалі беріді. М.Қайырбаев үш рет жеңіл жараланды.
Аға лейтенант М.Қайырбаев батареясы жау танкілерімен шайқастарда үздік көрінді. Аға лейтенант аса ұстамды, тәртіпті әрі батыл. Көптеген ұрыстарда жүректіліктің, батырлықтың үлгісін көрсетті.
Аға лейтенант М.Қайырбаев артиллериядан ату және тактикалық әзірлікті жетік меңгерген. Ол – партия, Отан ісіне шын берілген, идеялық жағынан шыныққан, моральдық жағынан ұстамды командир. Бұл – Жоғарғы бас қолбасшының резервіндегі 17-танк жойғыш дербес артиллерия бригадасының 712-артиллерия полкінің батарея командирі аға лейтенант Махмет Қайырбаевтың қызметі туралы жауынгерлік мінездеме.
Қимадиден Нығманов

Қимадиден Нығманов 1924 жылы қаңтардың 11-інде Жаңабет аулында дүниеге келген. Әкесі Нығман шебер ұста болған. Анасы Рабиға тойлардың құрметті қонағы болып, ән айтқан. Бүкіл Алакөл ұлысына әйгілі Құдайберген ақын Қимадиденнің атын қойса, Иса Байзақов бала ақынның өнеріне бата берген екен. Өнерге баулу үшін ер жеткен соң өзімен бірге ертіп жүрмек болады. Бұл тілектің орындалуына соғыс бөгет жасайды. Фашистерден өз жерін азат етпек болып, жас Қимаш та /ата-анасының еркелетіп қойған аты/ майданға аттанады. Сталинград түбіндегі ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, ол госпитальға түседі. Жазылған соң Қиыр Шығыс майданына жіберіліп, Жапон милитаристеріне қарсы соғысқа қатысады. Соғыстан кейін қай жерде еңбек етсе де, қолынан домбырасын тастамайды. Үнемі айтыстарға қатысып, өлең жазып, халықтың мақал-мәтелдерін жинады. Соғыстан соң Алматыда ақындар айтысына қатысады.
Алғашқы «Тыңдағы ту» ақындық дастанын тың игерушілер ыстық қабылдады.
Қимадиден Нығмановтың «Алпыс батыр», «Дала шұғыласы» атты кітаптары жарық көрді, ол «Естай-Қорлан» поэмасын жазды.
Естай Беркімбаев

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, түрін анықтаңыз.
Халқымыздың белгілі әнші-сазгері, әрі ақыны Естай Беркімбаев 1868 жылы Павлодар облысы Қазіргі Екібастұз ауданына қарасты «Ақкөл» аулында дүниеге келген. Оның анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым ауыл арасында ғана емес, кезінде Кереку өңіріне аттары әйгілі әншілер болған.
Естайдың өлең-әнге құмарлығы 7-8 жасында-ақ біліне бастады. Бірінші рет шығарған әні «Шолпан қаққан». Қолына домбыра алып, тойларда өлең айтып, домбыра тартумен шұғылданады. Сөйтіп, талапты жастың атағы біртіндеп елге танылып, 15-16 жасында ауылдастарының құрметіне бөленеді.
Естай ән айта жүріп, ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жалғастырады. Ол әншілікпен қатар шығармашылыққа да бет бұрады. Біржан салдың әндерін өз аузынан тыңдап үйренеді. Өзінің айтуынша, оның алғашқы шығармашылық туындысы «Жайқоңыр» деп аталады. Оның ғашықтық сезімінен махаббатты аялаған «Құсни-Қорлан», «Қорлан», «Ақжалмаш», «Назқоңыр», «Қаламқас», т.б. өлеңдері шығады.
Естай - «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атақтың иегері. 1940 жылы Естай Беркімбаев Қазақстан композиторлар одағына мүше болып қабылданады. «Соңғы ән» немесе «Қоштасу» әні Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдарынан» және «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» жинақтарына енген.

Бейсенбі Мұқажанұлы

Бейсенбі жасынан өнерлі жанұяда өсті. Оның әкесі - Мұқажан Ұлы Отан соғысының мүгедегі, домбырада жақсы ойнайтын. Анасы Жұмақыз да өлең айтатын еді. Бейсенбі жасынан әнге, домбыра шертуге құмар болып, кейін баян ойнауды да үйренеді.
Бейсенбі - Ақтоғай мәдениет үйінің қызметкері.
1985 жылы облыстық ақындар айтысында Шарбақты ақыны Ораз Кәменовты жеңіп, көзге түседі. 1988 жылы «Достық шеңбері» айтысында лауреат атанса, 1991 жылы облыстық айтыста екінші орын алды. «Батырлар тойы» атты ақындар айтысына, Семей, Петропавл, Маңғыстау, Алматы, Омбы қалаларындағы айтыстарға қатысты.
Қабдыкәрім Ыдырысов

Қабдыкәрім Ыдырысов 1928 жылы қазіргі Ақтоғай ауданының Жаңа ұйым аулында дүниеге келген. Әкесі Ыдырыс Мұстафин Сталин репрессиясына түсіп, «халық жауы» атанған. Жас ақынның бірінші өлеңі әкесіне арналған екен. Еңбек жолын туған аулында есепші болып бастаған. Қабдыкәрім Ауылдық кеңестің хатшысы болып та қызмет атқарған. Павлодар педучилищесін, Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын үздік бітіреді.
1944 жылы балауса өлеңдерін Естай ақынмен бірге Қабдыкәрім де ел арасында өткен сауықшылардың олимпиадасына шығарған екен. Ол өлеңдері «Жастар даусы» ақындар жинағына кіреді. Әкесі ақталған соң, «Әке жолы» өмір дерек поэмасы жарық көреді. Атағы шығып ақын болғаннан кейін Қазақстан жазушылар одағы басшыларының бірі болған. «Жалын» баспасын ұйымдастырып, өмірінің соңғы кезіне дейін сол баспаның директоры болды.
Ақын жүзге жуық ән сөздерін жазған. Солардың ішінде бүгінде жақсы көріп шырқайтын «Қайдасыңдар, достар», «Баянауыл вальсі». Қабдыкәрім Ыдырысов балалар әдебиетіне де көп үлес қосқан. Оның «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің аудармасы қазақтың өз шығармасындай болып кеткен. Ол республикалық радио үшін 19 жыл бойы балаларға арналған «Ойлан-тап» хабарын жазып отырды.
Қабдыкәрім Ыдырысов «Венгрия жол дәптері» шығармасында қыпшақ тілін зерделеп жазған. Египет, Сирия, Ливан елдерін аралап, «Армысың, Арабстан» атты өлеңдер жинағын шығарған.
Пайдаланылған әдебиетттер
1. «Ардақты елім - Ақтоғай»
2. Ауыл тынысы газеті
3.Сарыарқа самалы газеті
4.Көнекөз қариялардың айтқандары
5.Мектеп мұражайының мәліметтері
6. Г.К.Нұрмұханова «Қазақ тілі»
7. Р.Маней «Қазақ тілі»
Термин сөздерге арналған қысқаша сөздік
АҒАРТУШЫ просветитель
АСТЫҚ зерно
АУЫЛДАС аульчанин, односельчанин
БЕРЕН ружье старинного изготовления из высококачественной стали
ЕГІС посев
ЖАУЫНГЕР войн
ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҚ индивидуальное хозяйство
ЖЕҢІС победа
КЕҢЕС ӘСКЕРІ Советская Армия
ҚОРА загон
МАЙДАН поле битвы, фронт
МАЙДАНГЕР фронтовик
МАЙДАНДАС фронтовой
ӨЛКЕ край; район
СОҒЫС война
ТҰЗ соль
ТЫҢ целина //целинный
ТЫЛ тыл
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ Великая Отечественная война
ХАБАР-ОШАР весть, известие
Мазмұны
Алғы сөз...................................................................................................................1
Ақтоғай мен Харьков кеше және бүгін...........................................................2
Саясаттағы ауыл азаматтары……………………………………………………..8
Ауылдың қазіргі көрінісі………………………………………………………….9
Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдастарымыз............................................12
Жеңіске арнау....................................................................................................27
Ауған соғысының ардагері...................................................................................28
Ауыл шаруашылығына көп жылдық еңбек сіңірген басқа жерлерден қоныс аударған жерлестеріміз..........................................................................................29
Харьков орта мектебі............................................................................................34
Жыл басы - Наурызды қарсы алудың басталуы……………………………….38


Приложенные файлы

  • docx 253713
    Размер файла: 15 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий