БАЛАЛАРДЫ ПСИХИКАЛЫ ДЕНСАУЛЫЫН НЫАЙТУДЫ ЖОЛДАРЫ — дошкольное образование, прочее


БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Сыртқы ортаның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы қолайсыз әсерлері нәтижесінде қалыптасқан психикалық күйлер: шаршау, қалғып жүру, үнемі қауіптену, тарығу, жан күйзелісі, көңілдің бұзылуы, фрустрация түрінде болады.Арал өңірі аймағындағы экологиялық қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан тұрғындарда жоғарыда аталған барлық күйлер байқалуы мүмкін. Қорқыныш пен үрейдің бастамасы, жан күйзелістері, эмоциональды ширыққан сезім қалпы, сабырзызданудан басталады. Бұған - адамдардың психоәлеуметтік және психоэмоционалды торығуын ауыр экономикалық дағдарысты қосу керек. Созылмалы дистресс тек тұрмыс, өндіріс мәселелері, әлеуметтік жағдайлар мен медициналық көмектің аздығы нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар, қазіргі және болашақта өмір сүретін ұрпақ денсаулығының төмендеп кету мүмкіндігі туралы күдіктің күштілігінен де пайда болады.Сондықтан, Аралдағы сияқты апаттар өзінің алапат экономикалық шығыны жағынан да, миллиондаған адамдардың психикасына зақым әкелуі себепті де, ірі экологиялық апаттар қатарынан саналады.Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтағандай (БДҰ)–шын мәніндегі денсаулық – дене, психикалық және әлеуметтік үйлесімділік болып табылады.Адамның өмірінің барлық аспектілеріндегі әлеуметтік, дене,эмоциялық, рухани және ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана өмірінің шын мәнісі болып табылады. Денсаулық пен үйлесімділікке ұмтылса, бұлардың ешқайсысын да шеттетпеу керек.Сонымен денсаулық: дене саулығы, жан саулығы, психикалық және психологиялық, әлеуметтік саулық болып бөлінеді.Дене саулығы — бұл организмдегі функциялардың өзіндік айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық процестердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері. Жан (психикалық) саулығы- тек дене гигиенасы ғана емес, сонымен бірге психогигиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін, адами тұрғыдағы ұстанымды, сана тазалығын да қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы - интегралды тұлғаға жету жолы. Психикалық саулық - психиканы жаттықтыру, психикалық процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және т.б.), ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты.Әлеуметтік саулық әлеуметтік белсенділікпен, адамның қоршаған әлемге деген белсенділігімен байланысты.Саулықтың басты белгілері:
зақымданушы факторлар әрекетіне тұрақтылық;
орташа статистикалық норма деңгейіне сай өсу мен даму көрсеткіштері;
орташа статистикалық норма деңгейіне сай организмнің функционалды қалпы;
организмнің резервтік мүмкіндіктерінің болуы;
нақты бір аурудың, не дамуында кемістігінің болуы;
моральді еріктік және құндылықты- мотивациялық бағдарларының жоғары деңгейі.
Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымының анықтамасына сәйкес, денсаулық бұл тек аурулардың немесе жарымжандық ақаулықтың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық дене күші мен психиканың және әлеуметтік жағдайдың жақсы болуы.Жағдайдың жақсы болуы адам өмірінің барлық аспектілеріне қатысты: өмірдің әлеуметтік, физикалық, интеллектуалдық, эмоциональдық және рухани элементінің үйлесімділігі қажет. Егер денсаулық пен жақсы жағдайда ұмтылатын болсақ, онда олардың бірде біреуіне немқұрайлы қарамауымыз керек.Соңғы жылдарда әрбір адам өзінің денсаулығын жақсарту үшін қандай да бір амал жасайтын болғандықтан, осы мәселеге деген қызығушылық танытуда.Денсаулықты сыртқы ортаның өзгерістеріне тәуелді, бүкіл өмір барысындағы ағзаның жеке даму үрдісінде қарастыру керек. Дененің саулығымен аурудың арасындағы адам ауру емес, бірақ, дені де сау емес, аралық “үшіншік үйі” болады. В.П.Петленко бұл күйді “ауруалды” немесе “ақуалдылық” күйі деп атайды. Ақаулық алды - бұл ағзаның қалыпты қызмет етуінің шекаралық күйі. Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық адамдардың жартысынан көбі осы күйде болады. Оларға: өздерін зиянды химиялық заттардың әсеріне ұшыратып жүргендер, орнымен дұрыс тамақтанбайтындар, ішімдік заттарды үнемі пайдаланушылар, темекі шегетіндер, түнгі уақыттарда жұмыс жасайтындар, экологиялық орын ауыстырушылыққа ұшыраған адамдар жатады.В.П.Петленконың пікірінше, осындай күйдегі адам өз табиғатындағы психофизикалық мүмкіндіктің тек жартысын ғана меңгереді. Осындай күйлерді зерттеу - психология, педагогика, валеология және медицина ғылымдарының міндеттері болып табылады.Адамның денсаулығы- бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жасына және жынысына сәйкес келетін физикалық және психикалық тұрақтылықты сақтау қабілеттілігі. Табиғат адам ағзасының туғаннан тұрақтылықтың үлкен қорымен өмір сүру мен өзін-өзі реттеуге деген қабілеттілікпен қамтамасыз еткен: оның өмір сүру (тұрмыс) қалпына тәуелді болады. Егер шартты түрде денсаулық деңгейін 100 % деп алсақ, онда 20 % тұқымқуалаушылық факторларға, 20 % сыртқы орта (экология) факторларына, 10 % медицина, 50 % адамның өзіне, оның өмір сүру қалпына тәуелді болады.Өмір сүру қалпы – бұл адамның өз-өзімен және сыртқы орта факторларымен өзара қарым-қатынасының жүйесі. Сыртқы орта факторларына: химиялық, физикалық, биологиялық,психологиялық әсерлер жатады. Адамның өмір сүру қалпы жынысқа, жасқа, денсаулық күйіне, өмір сүру жағдайына, экологиялық жағдайға, пайдалы әдеттердің болуына және зиянды әдеттердің болмауына тәуелді.Салауатты өмір сүру салтының негізгі құрамдас бөліктері үш мәдениеттен тұрады: тамақтану мәдениеті, қозғалыс мәдениеті және эмоциялар мәдениеті. Психологиядағы нақты жеке тұлғаның салауатты өмір сүруінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі факторлары: рефлекцияға деген қабілеттілік, тіршілік ету ортасының жағдайы, еңбек ету мен дем алудың дұрыс тәртібі болып табылады.Рефлекция – бұл өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, өз әрекеттерін ойластыру қабілеті. Пайдалы әрекеттер мен гигиеналық дағдылар саналы түрде түсінілген жағдайда жақсы бекітіледі. Салауатты өмір сүру салты адамның ерік күшін жұмсауын, өз істерін ұғынуын, оның салдарын жеке өзі үшін де, сондай-ақ басқа адамдар үшін де болжауын талап етеді. Нақты өмір сүріп жатқан буынның денсаулығына болашақ келер ұрпақтың денсаулығы мен бақыты тәуелді.Денсаулыққа әсер ететін кеңістік – бұл климаттық аймақ пен баспана. Дені сау адамда жаңа климаттық жағдайға тез бейімделуге мүмкіндік беретін орнын толтырушы механизмдері болады. Баспана микроклиматтының да өз көрсеткіштері болады: температура, ылғалдылық, оттегі мен көмірқышқыл газының концентрациясы тұрғын үй көлемінің шамасы және т.б. 

Приложенные файлы

  • docx 247890
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий