Тедеу кмегімен мтін есептерді шыару — математика, уроки


Сабақтың тақырыбы: Теңдеудің көмегімен мәтін есептерді шығаруға жаттығулар
Сыныбы:6а Уақыты:28.01.2015 жыл
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсаттары:
Ақпараттық құзіреттілік:Оқушыларға мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығарудың алгоритмін тиімді қолдануды меңгеруге жағдай жасау, түрлі тақырыпта берілген мәселе есептердің шешімдерін сауатты таба білуге үйрету;
Коммуникативтік құзіреттілік: Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығаруда білім, білік, дағдыларын теориямен байланыстыра отырып, жүзеге асыру қабілеттерін дамыту.
Проблеманы шешу құзіреттілігі: Мәтін есептерге теңдеу құру және теңдеу шешудің тиімді жолдарын біле отырып, құрған теңдеуінің түбірін табу арқалы есептің сұрағына жауап беру.
Сабақтың түрі:
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:
Сабақта қолданылатын құралдар:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Тест жұмысы
Топпен жұмыс
Өзен ағысына байланысты мәселе есептер
Катер арасы 96 км А-дан Б-ға өзен ағысы бойынша және керісінше жүзуге 14 сағ уақыт жіберді. Бір мезгілде катермен бірге А-дан сал шықты. Катер қайтар жолда А-дан 24 км қашықтықта салды кезіктірді. Катердің тынық судағы жылдамдығын және су ағысының жылдамдығын табу керек.
Жауабы: 14 км/сағ, 2 км/сағМоторлы қайық ағыспен 12 км, ағысқа қарсы 12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына ағыспен жүрген жолынан 1 сағат артық уақыт жіберген. Қайықтың тұнық судағы жылдамдығы 9 км/сағ болса, ағыс жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 3 км/сағ
Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 3 км/сағ
Шаңғышының 30 км-лік ара қашықтықты жүріп өтуі тиіс еді. Жүруді белгіленген уақытынан 3 мин кешірек бастаған шаңғышы жоспарланған 1 км/сағ артық жылдамдықпен жүгіріп отырып, белгіленген жерге дер кезінде келіп жетті. Шаңғышы қандай жылдамдықпен жүгірді.
Жауабы: 25 км/сағ
Жылдамдыққа байланысты мәселе есептер
left571500 Поездға асыққан жолаушы бірінші сағатта 3,5 км жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе поездға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүріп отырып, поездға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша километр жүрген?
Жауабы: 21 км
right44259500Жауабы: 21 км Саяхатшы 105 км жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеші күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы да 2 күн қосып алса, ол күніне 6 км аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?
Жауабы: 5 күн
Екі желаяқ араларына 2 минут интервал тастап, бірінен соң бірі жүгіріп кетті. Старт берілген нүктеден 1 км қашықтықта екіншіні қуып жетті де, 5 км қашықтыққа жүгіріп барып, кері қайтты. Осы жолда ол бірінші желаяқпен кездесті. Бұл кездесу бірінші желаяққа старт берілген уақыттан 20 минуттан кейін болған еді. Екінші желаяқтың жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 20 км/сағ.
Жұмысқа байланысты мәселе есептер
Жер шарында дайындалатын барлық ағаштың 33% құрылыс қажетіне жұмсалады. Құрылысқа жұмсалатыннан есе артық ағаш отын ретінде пайдаланылады. Қалған 144 миллион тонна ағаш басқа қажеттерге жұмсалды. Жер шарында барлығы қанша ағаш дайындалады?
Жауабы: 1200 млн.т.
Құс фермасында қаздар үйрекке қарағанда 2 есе көп. Біраз уақыттан кейін қаздар саны 20%-ке, ал үйрек саны 30%-ке өсті. Сонда қаздар мен үйректер саны барлығы 8400-ге өскені анықталды. Құс фермасында қаздардың және үйректердің саны өскеннен кейін қанша болды?
Жауабы: 28800 қаз; 15600 үйрек
Токарь 3 күн жұмыс істеп, 208 деталь дайындады. Бірінші күні ол нормасын орындап, екінші күні нормадын 15% асыра орындады, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 10 детальға артық дайындады. Токарь әр күн сайын қанша детальдан дайындап еді?
Жауабы: 60; 69; 79
Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер
left939800036 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?
Жауабы: 13,5 кг
Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы 15 кг. Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын табыңыз.
Жауабы: 9,375 кг; 5,625 кгТеңіз суының құрамында 5% тұз бар (массасы бойынша). 80 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 4% болу үшін қанша тұщы су құю керек?
Жауабы: 20 кг.
Металдардың суда салмағы өзгеретіні белгілі. 36 г мырыштың судағы салмағы 31 г, ал 23 г қорғасынның судағы салмағы 21 г болды. Массасы 292 грамнан тұратын мырыш пен қорғасынның қорытындысының судағы салмағы 261г. Қорытпада қанша мырыш және қорғасын бар екенін табыңыз.
Жауабы: 108 г мырыш және 184 г қорғасын
Бүтін сандық мәселе есептер
Салымшы жинақ кассадан салынған ақшасының алдымен бөлігін, келесі жолы қалған ақшасының бөлігін және 640 теңге алды. Содан кейін жинақ кітапшасында барлық ақшасының бөлігі қалды. Алғашқыда салған ақшасы қанша теңге еді?
Жауабы: 2400 теңге
Математикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының 12%-і есептерді мүлде шығара алмады, 32%-і шығарған есептерде қателер жіберді, ал қалған 14 оқушы дұрыс шығарды. Сыныпта қанша оқушы болды?
Жауабы: 25
Сыныптағы әр оқушы сыныптағы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 1332 құттықтау ашық хат жолдаған болса, сыныпта қанша оқушы болғаны?
Жауабы: 37
Әкесі екі баласына 700 м2 жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді.
Жауабы: 400 м2
Үш жұмысшының жалпы табысы 4080 теңге. Бірінші және екінші жұмысшының табыстары қатынасындай, ал үшінші жұмысшының табысы бірінші жұмысшының табысының құрайды. Әр жұмысшының табысын анықтаңыз.
Жауабы: 2448 теңге; 571 теңге 20 тиын; 1060 теңге 80 тиын
Қозғалысқа қатысты есептер
-4826054356000 № 1 А пунктінен В пунктіне автобус шықты. Жарты сағат өткен соң В пунктінен А пунктіне жылдамдығы автобус жылдамдығынан 18км/сағ артық жеңіл машина шықты. 1сағат 20 минут жүргеннен кейін жеңіл машина автобусты кездестіреді және одан 3 км жол артық жүргені байқалады. А пунктінен В пунктіне дейінгі қашықтықты анықтаңдар.
№2 Екі пункттан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі поезд шықты. 2 сағат өткеннен соң оларға тек 30 км жол жүру ғана қалды. Пункттердің ара қашықтығы 340 км. Егер бір поездың жылдамдығы екіншісінен 5 км/сағ артық екендігі белгілі болса, поездардың жылдамдығын анықтаңдар.
№3 Екі поезд бір станциядан шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 72км/сағ, ол екінші поездың жылдамдығының 80% -ы. Екінші поезд бірінші поезд жүргеннен кейін 2,5сағат өткеннен соң шықты. Неше сағаттан соң ол бірінші поезды қуып жетеді?
№4 Реактивті самолет 30 минутта моторлы самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы моторлы самолетттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.
Концентрацияға қатысты есептер
63563500 №1 Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 15л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5% құрайтындай болу үшін, қанша тұщы су құю керек?
№2 Жаңа жемістің 78%-і, ал кептірілгенінің 12%-і су болады. 40кг жаңа жемістен қанша кг кептірілген жеміс шығады?
№3 Қоймада сақталған бидайдың ылғалдығы 20% болған. Кептірілгеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептірілгеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз
№4 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50 г-на 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын 100%-тік күкірт қышқылының массасын табыңыз.
Үй тапсырмасы.
019304000№1 Ара қашықтығы 300 км екі пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автомобиль шығып, 2сағ 20 минуттан соң кездесті. Олар қандай жылдамдықпен қозғалды егер бірінің жылдамдығы екіншісінен 30км/сағ артық болса?
№2 Катер 2 сағат тынық сумен және 3 сағат ағысқа қарсы жүргендегі жолы, қатердің ағыспен 3сағат 24 минутта жүрген жолына тең.Өзен ағысының жылдамдығы 3км/сағ болса, катердің өз жылдамдығын анықтаңдар.
№3 Массасы 520г, концентрациясы 30% қантты су ертіндісіндегі қант 40% болу үшін одан қанша буландыру керек.
№4. Массасы 3 кг орамжапырақтың 90% -і су. Орамжапырақ бірнеше күн тұрып кепкен соң, оның 85%-і су болды. Кептірілген орамжапырақтың массасы неше киллограмм1.135 м-лік сым екі бөлікке бөлінді. Бұл сымның бір бөлігі екіншісінен 2 есе ұзын. Осы бөліктердің ұзындығын табыңыз:
А) 37,75 м ,10,25м В)67м,68м С)100м,35м Д)45м,90м Е)54м,81м
2.Поезд 2 сағатта 144 км жол жүреді. 3 сағатта қанша жол жүреді?
А) 218 км В) 72 км С) 216 км Д) 148 км Е) 74 км
3. Жүгі бар ұшақ 2640 кг. Ондағы жүк 990кг жүктің массасы ұшақтың массасының неше пайызы?
А) 60% В)70% С)62,5% Д)60,5% Е)37,5%
4. Теңдеуді шешіңіз: 1x-3=2А) 5 В)2,5 С)-2,5 Д)-3,5 Е)3,5
5. Автомобиль бөліктеріне жарамды болаттың құрамында 3,4% никель бар. 2,2 тонна болаттың құрамындағы никельдің массасын табыңыз:
А) 0,748т В)1,545т С)0,647т Д)0,0647т Е)0,0748т
6.Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5:3-ке тең. 32 г қоспада қанша алтын, қанша күміс бар?
А) 20г,12г В)18г, 14г С)22г, 10г Д)21г, 11г Е)19г, 13г

Приложенные файлы

  • docx 83082
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий