Жаратылыстану пнінен 5 — сыныпа арналан ашы саба андай табии былыстар бар


Жаратылыстану 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қандай табиғат құбылыстары бар ?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау қабілетін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту;
Тәрбиелік: Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелер, дыбыстық жазбалар, слайд, зертханалық құрал−жабдықтар.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақта қолданатын әдіс - тәсілдер: Топтық, жұптық жұмыстар, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Кезекші мәліметі
3) Оқушының назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Физикалық және химиялық құбылыстар.
1. Физикалық құбылыс дегеніміз не?
2. Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
3. Химиялық құбылыс деген не?
4. Мысал келтіріңдер.
III. Жаңа сабақ түсіндіру: Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі
(Оқушыларға топ тақырыптарына сай мәтінді оқуға уақыт беремін)
Слайд көрсете отырып, дыбыстық жазбаларды пайдаланып, жаңа сабақ туралы түсінік беремін.
1. Метеорологиялық құбылыс – жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температура және ауа қысымының өзгеруі.
2. Дыбыстық - аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі.
3. Электро - магниттік – теледидарды көру, шәйнекті тоққа қою.
4. Химиялық құбылыс – мұнай, газ, көмір.
5. Биологиялық құбылыс – тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы.
6. Жылу бөлу – күннің жылу бөлуі, жылуды өткізетін заттар.
7. Жарық – күн сәулесі, электр лампалар, шам немесе алау.
Оқушылар бізді қоршаған ортада табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстар − физикалық, биологиялық, метерологиялық, жылу, жарық және тағы басқа болып бөлінеді. Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөліну, жарық шығару, электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы – жылу бөлу құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы - жарық шығару құбылысына мысал бола алады.
Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды – тырс, тырс (екі аяқпен кезек−кезек жерді тебеді)
Боран соқты – гу, гу (денесімен екі жаққа теңселеді)
Жел тұрды - ыли, ыли (екі қолын екі жаққа сермейді) Найзағай ойнайды – тарс, тұрс (қолдарын шапалақтайды)
«Географиялық сұрақтар»
1. Жасанды жарық көзі (Керосин шамы)
2. Жарықтың табиғи көзі (Күн)
3. Қандай құбылыстың әсерінен біз теледидар, радио тыңдаймыз (Электрлік)
4. Метеорологиялық құбылыс (Желдің жылжуы)
5. Сәуле шығару құбылысы (Жарық)
6. Қоршаған орта ненің әсерінен өзгеріп отырады ( Құбылыстың)
7. Жылуды жақсы өткізгіш (Металл)
8. Газдар қызған кезде (Ұлғаяды)
Ү. Сабақты бекіту.
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел) −метеорологиялық
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай) −электрлік
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр) −метеорологиялық
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)− жарық
Өзгертсеңіз бір күйді,
Қызыл сынап жылжиды. (Термометр)−жылу
ҮІ. Рефлексия.
Тақтадағы суреттердің астына стикер жапсыру арқылы оқушылар өздерін бағалайды:
Күн - «өте жақсы білдім»
Бұлт -«жақсы білдім»
Найзағай - «орташа білдім»
VІІ. Үйге тапсырма. §22. Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі.
Оқу, сұрақтарға жауап беру.
VІІІ. Бағалау.
ММ «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп интернаты»





Ашық сабақ
Тақырыбы: Қандай табиғат құбылыстары бар ?


Дайындаған:
5 «А»сынып жетекшісі Жангазина М.К







Павлодар 2017

Приложенные файлы

  • docx 12297
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий