СЙЛЕУДІ ДАМЫТУ дістемелік нсау


Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К., Молдабаева Г.К.
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы 2017
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
Т 86
Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К., Молдабаева Г.К.
Т 86   Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған/Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К., Молдабаева Г.К. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 88 б.
ISBN 978-601-01-3078-4
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
© Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К.,
Молдабаева Г.К., 2017
ISBN 978-601-01-3078-4© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Түсініктеме
Жаңа буынның «Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
1 жастан 6(7) дейінгі жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау. Осы барлық қағидалар жаңа буынның «Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұнында ұтымды көрініс тапты.
ОӘК төмендегі оқу құралдарынан тұрады:
1) Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқау ( бұдан әрі – нұсқау); 2) 32 ұйымдастырылған оқу қызметінен тұратын әліппе-дәптер. Әдістемелік нұсқауда:
Ұзақмерзімді жоспар;
Қысқамерзімді жоспар берілген.
Әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған сабақ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі:
Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).
Жоспарда сабақтың сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоциялық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қарастырылған.
Екінші бөлім негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған.
Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-дәптерде бір сабақта 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік
нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.
«Сөйлеуді дамыту» сабағының мақсаты: нақты, мәнерлі тілдік дағдылары мен біліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
балалар іс-әрекетінің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту;
тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту;
тілдесу дағдыларын (диалогтік және монологтік) қалыптастыру;
сөйлесу әдебінің нормаларына баулу;
тілге, оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
№ Бөлім Бөлімше
1 Тыңдалым және айтылым 1.1 Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру
1.2 Сөздік қорды толықтыру
1.3 Оқиғаны болжау
1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу
1.5 Тыңдаушының назарын аударту
1.6 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру
2 Жазылым 2.1 Ақпаратты түрлі нысанда ұсыну
«Сөйлеуді дамыту» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік тудырады.
«Сөйлеуді дамыту» сабағының алдына қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Әліппе-дәптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыптары таңдалды:
Мен кіммін және қандаймын?
Мектепке не үшін барамыз?
Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым және достарым) 4. Менің айналамды не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)
Жолдар бізді қайда бастайды?
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Денсаулықты қалай күту керек?
Әрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар әдістемелік нұсқауда берілген ҰОҚ үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сәйкес мазмұнын ашу негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 маусым-
да бекіткен №391 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың даярлық сыныптарында бағдарламада берілген «Сөйлеуді дамыту» ұзақ және қысқамерзімді 32 сағатқа ҰОҚ жоспары ұсынылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы ұсынып отырған басты міндеттердің бірі – мектепалды сыныптарындағы 6-7 жас шамасындағы балалардың сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыру міндеті, яғни, түрлі жағдайлардағы қарым-қатынастағы сөйлеуді дамыту, балалардың сөздік және коммуникативтік дамуын арттыру және тәрбиелеу.
Сонымен қатар тақырыпты талдау, тілдік лексикалық, грамматикалық жаттығулар жасату, тапсырмалар мен ойын тәсілдері, көру және вербальды ойлау мен қиялдауына ерекше назар аударылады. Жоспарланған оқу қызметінде толық жауап беруді дағдыға айналдыру және әңгімелеп айтуға үйрету үшін тапсырмалар беріледі. Бұл жоспар әліппедәптер негізіне сүйене отырып заманға сай көрнекіліктерді және қосымша дидактиканы ұсынады. Интонацияны дұрыс қою, оның ішінде ырғақты әуенді, дауыс күшін, екпінді бала саналы түрде қолдануға арнайы жаттығулар арқылы жетеді. Баланың алты жасының аяғына қарай ана тілінің барлық дыбыстарын сөзден оңай ажырата алуына көңіл бөлінеді. Мақал-мәтелдер, ауыспалы мағынадағы сөздер және мағынасы жақын сөздер (синонимдер), теңеу сөздер, антонимдер, әр дыбысқа арналған жаңылтпаштар, тіл ұстарту жаттығулары баланың сөздік қорына нақты сөздіктер енгізеді. Сонымен қатар грамматикалық нысандар мен құрылымдар, лингвистикалық қорыту, зат есімдер мен сын есімдерге арналған жаттығулар, санды, істі, бір түбірлі сөздерді таңдау мектепке дейінгі баланың белсенді сөйлеуіне ерекше үлес қосады. Балалармен жеке және топта жұмыс істеледі, интерактивті әдістер пайдаланылады.
Педагог шығармашылығы мен ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықты әліппе-дәптермен бірге пайдалану ауқымды сөйлеуді дамытуға оқыту ортасын құруға, баланың сөйлеуін жан-жақты сапалы өзгертуіне, лексикасының, грамматикасының дұрыс құрылуына көмектесе алады. Осылайша баланың сөздік қоры жоғары деңгейге жетіп, болашақта мектепте табысты білім алуына көмектеседі.
Құрметпен және ынтымақтастықта жұмыс істейміз деген үмітпен авторлар
ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
«СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНЕ
АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ Ұйымдастырылған
оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыбы Мақсаттары
I. Мен кіммін және қандаймын? 1. Кел, танысайық! 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
2. Мен үлгілі баламын 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
3. Өскенде мен кім болам? 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
4. Отан деп соғады жүрегім 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
II. Мектепке не үшін барамыз? 5. Кітап – алтын қазына 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру.
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.
6. Мен білімді баламын 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
7. Мектеп ауласында 0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербальды емес құралдарын қолдану
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
8. Мектептегі оқиға 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
III. Менің айналамда кімдер бар? 9. Бақытты отбасы 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
10. Анама бәрін арнаймын 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
11. Менің досым 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
12. Ағайынды екеуміз 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы жақын сөздерді қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып жеткізу
IV. Менің айналамды не қоршап тұр? 13. Қанаттылар тіршілігі 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
14. Мөлдір бұлақ 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
15. Жануарлар қайда тұрады? 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып жеткізу
16. Қысқы орман 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/ қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
V. Жолдар бізді қайда бастайды? 17. Бағдаршам – көшедегі көмекшім 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
18. Көліктер және оның түрлері 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы менмәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
19. Алматыға саяхат 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
20. Жолда абайла 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
VI. Салт-дәстүрді білу не үшін керек? 21. Өмірге келдім 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
22. Қонақжайлылық 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
23. Қос ішекті домбыра 0.1.1.1 Сөздер мен фразаларды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді қолданып жеткізу
24. Наурыз – жыл басы 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
VII. Мен үшін не дәмді және пайдалы? 25. Дастарқан басында 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
26. Жеміс-жидектер мен көгөністер 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
27. Ас атасы – нан 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау. 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
28. Атамның ауылында 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және т.б.)
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
VIII. Денсаулықты қалай күту керек? 29. Тазалық пен ұқыптылық 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және т.б.)
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
30. Спорт – денсаулық кепілі 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
31. Денсаулық еліне саяхат 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
32. Он екі мүшең сау болсын десең 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Қысқамерзімді жоспар
№1
ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық! Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогпен сөйлесе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана алады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Ойын еркін жеткізе алады. Диалогпен сөйлеседі, әдептілік сөздерін біледі.
Көптілділік: танысу – знакомиться – to meet Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Жазушы, мақала, конверт Пікір алмасу сұрақтары:
Аты-жөнің кім?
Сен неше жастасың?
Шашың ұзын ба, қысқа ма?
Бойың ұзын ба, аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?
Немен шұғылданғанды ұнатасың?
Өткен сабақтардан алған білім Қоршаған орта туралы білімі бар, өзі жайлы айтып бере алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, балалар!
Бүгінгі күн қандай керемет!
Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.
Күлімде күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін! Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін. ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6-27 минут Педагог балалардан журналист деген кім екенін, ол немен айналысатынын сұрайды.
- Бүгін бізге тілші қонаққа келді, ол кісі сендер туралы мақала жазбақшы. Сондықтан да сендердің әрқайсыларың туралы жақынырақ білгісі келеді. Сонымен бүгін біз өзіміз туралы - аты-жөніміз кім, нені жақсы көреміз, нені ұнатамыз, немен шұғылданамыз, солар туралы айтамыз. Алдымен тілшімен амандасып алайық.
Тілші балалармен әңгіме өткізеді:
Аты-жөнің кім?
Сен неше жастасың?
Өз түріңді, мінезіңді сипатта.
Шашың ұзын ба, қысқа ма?
Бойың ұзын ба, аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?
Немен шұғылданғанды ұнатасың?
Киімдеріңді өзің жинайсың ба?
Не кигенді ұнатасың?
Аяқкиімдеріңді өзің тазалайсың ба?
Қандай ойыншықтармен, кіммен ойнағанды ұнатасың?
(Балалардың тілшімен әңгімесі.) Дидактикалық ойын:
«Қыз бала мен ұл баланың киімін ажыратамыз».
Тақтада қызыл және көк түсті екі үлкен конверт ілініп тұрады. Педагог ұл бала мен қыз бала киімдерінің суреттерін араластырып, екі конвертке балалардың бөліп салуларын сұрайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен қыздың айырмашылығы туралы айт.
Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос.
Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма?
Көптілділік: танысу – знакомиться – to meet Сергіту жаттығуы:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір.
Алға қарай – бір адым, Артқа қарай – бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Серуенге шығарда киінуді алдымен неден неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет.
Тілші:
Балалар, сендердің ақылды, білімді, ұқыпты екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға кірісейін. Қош-сау болыңдар, балалар!
Сау болыңыз! Қуыршақ
Көк түсті, қызыл түсті конверт, ұл бала мен қыз баланың киімдері
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
– Кездескенше күн жақсы болсын!
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Көк көйлек, көк көйлек, Дәл өзіме дөп көйлек.
Педагог жаңылтпашты қатты, ақырын айтуды ұсынады.
Балалар барлық дыбысты анық айтуын қадағалау. Мақал – сөздің мәйегі: Анасына қарап қыз өсер, Әкесіне қарап ұл өсер.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Өз автопортретіңді сал. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№2
ТАҚЫРЫБЫ: Мен үлгілі баламын Мектеп/ МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап сөйлем, әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді қолдана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді ойын барысында қолдана алады.
Көптілділік: үлгілі – примерный – goody Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Қарама-қарсы, мақал сөздің мәйегі Пікір алмасу сұрақтары:
Үлгілі бала қандай болады?
Аналары жұмыстан келгенде не істейді деп ойлайсыңдар?
Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?
Өткен ҰОҚ алған білім Күн тәртібін және оның маңызды екенін біледі. Ненің дыбысы екенін ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут (Ұ) Педагог балаларды ортаға, шаттық шеңберіне шақырады.
Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Мен үлгілі баламын, Айтқан тілді аламын.
«Жина,- десе, - ойыншықты», Өзім жинап қоямын. Ініме де көмекке Бірінші боп барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Үлкендерді сыйлаймын. Айтқан тілді аламын, Мен үлгілі баламын.
Балалар, үлгілі деп қандай баланы айтамыз?
Біздің арамызда үлгілі бала бар ма?
Кімнің үлгілі бала болғысы келеді?
Ол үшін не істеу керек?
Өздерің үлгі алатын аға, әпкелерің бар ма?
Олардың қандай қасиетін үлгі тұтуға болады?Балалар достарының арасынан үлгілі балаға лайықтыларды атайды. Көңілді ырғақты әуен
Сылдырмақ
ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6-27 минут Көптілділік: үлгілі – примерный – exemplary Педагог: Үлгілі бала жан-жақты болуы керек. Таза жүріп, ұқыпты болғанымен, ойыншығын жинамаса немесе анасына көмектеспесе, ол бала үлгілі балаға жатпайды. Үлгілі баланың сабақ үлгерімі жақсы, ұқыпты, кішіпейіл, досына да көмек бере біледі.
Мен сендерге «Нағыз дос» деп аталатын әңгіме айтып беремін. Мұқият тыңдаңдар.
Нағыз дос
Ерлан мен Дидар жақын достар, олар көрші тұрады, ата-аналары да бір-бірін жақсы таниды. Екеуі кішкентай кездерінен бірге ойнайды, бірге серуендейді. Бірде серуеннен келе жатқан екеуінің алдынан үлкен ит шығып, Ерланға бас салды.
Педагог:
Балалар Ерлан мен Дидардың оқиғасын өз ойларыңмен жалғастырыңдар, әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Оқиға немен аяқталуы мүмкін?
Дидардың орнында болсаң, сен не істер едің?
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттерді қара. Өзіңе ұнаған суретті таңда. Ол туралы әңгіме құрастыр. Балаларға ат қой. Қай баладан үлгі алуға болатынын айт.
Бірінші суреттегі бала не істеп жатыр?
Ол қандай бала? Гүлдің қандай пайдасы бар?
Аулада өсетін гүлдерді қандай гүлдер дейміз?
Тағы қайда өсетін гүлдерді білесің?
Екінші суретте не көріп тұрмыз? Әліппе-дәптер
Қыз не істеп жатыр?
Атаға кім орын берді, ол қандай іс жасады? Қыз не оқып отыр? Ал сендер кішіге қамқор бола білесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы сөзді айт». Ойынның шарты: Педагог допты кез келген балаға лақтырып, бір сөз айтады, допты қағып алған бала сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтыруы керек.
Мысалы:
Жина - шаш
Ақылды - ақымақ
Ұзын - қысқа
Тәртіпті - тәртіпсіз
Ұқыпты - ұқыпсыз
Пысық - жалқау
Жаман - жақсы Ыстық - суық
Жат - тұр
Қатты - жұмсақ
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір.
Біз үлгілі баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра, қай баладан үлгі алуға болады?
Үйге келген соң аналары не істейді деп ойлайсың?
Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?
Сөздік жұмыс:
Мұнтаздай – кіршіксіз, тап-таза. 3-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал:
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсы болу өз қолыңда. Атадан жақсы ұл туса, Елдің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, Елдің малын жейді.
Педагог мақалдың мағынасын сұрайды, түсіндіреді.
Балаларға қайталата отырып жаттады.
Ойын-жаттығу: «Мен орындай аламын». Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№3
ТАҚЫРЫБЫ: Өскенде мен кім болам? Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогпен сөйлесе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: мамандық – профессия – profession Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Мамандық иесі, дәрігер, аспаз, құрылысшы, тігінші, балықшы, мұғалім, ғарышкер, суретші, оқу құралдары, ғимараттар.
Пікір алмасу сұрақтары:
Сендер кімдерді көріп тұрсыңдар?
Сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Ата-аналарының мамандығын кім біледі?
Өткен ҰОҚ алған білім Үлгілі бала қандай болатынын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге қосылып айтады.
Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалардың назарын тақтаға аударады.
Кімдердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
(Балалар әр мамандықтың не істейтіні туралы өз ойларын әңгімелеп айтады.)
Ал, балалар, сендер ойландыңдар ма, өскенде кім болғыларың келеді?
(Балалар қалаған мамандықтарын айтады және не үшін таңдағандарын түсіндіреді. Ата-анасының да кім болып жұмыс жасайтынын айтып өтеді.)
Педагог:
Балалар, автобуста құрылысшы, дәрігер, аспаз кездесіп қалды, айтыңдаршы, олар не туралы әңгімелесуі мүмкін?
Ортаға шығып, көрініс ойнап көрсетейік. Кәне, кім дәрігер болам дейді, кім құрылысшы, аспаз болам дегендерің шыға қойыңдар.
Педагог ниет білдірген балаларды ортаға шығарып, құрылысшы, дәрігер, аспаздың атрибуттарын кигізіп, педагогтің көмегімен рөлдерді ойнайды, диалогпен сөйлеуді үйренеді.
Көптілділік: мамандық – профессия – professio Дидактикалық ойын: «Сұхбат».
Ойын шарты: Педагог мен тілші ретінде сендерден сұхбат аламын дейді де, балаларға микрофон ұсынады және бір мамандықты айтады, балалар мамандық иесі не істейтінін өз атынан айтады.
Мысалы: Сіз әншісіз – ән айтамын, сахнада өнер көрсетемін.
Сіз дәрігерсіз – балаларды, адамдарды емдеймін.
Сіз ғарышкерсіз – ғарышқа ұшамын.
Сіз мұғалімсіз – балаларды оқытамын.
Сіз құрылысшысыз – үйлерді, ғимараттарды саламын.
Сіз суретшісіз – сурет саламын.
Сіз тігіншісіз – киімдер тігемін.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіру, қайталау арқылы өлең жолдарын жаттату.
Ұшқыш боламын
Көкке ұшамын,
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның.
Батыр болам,
Көк аспанды сүйемін.
Жұлдыздарға
Барып-келіп жүремін. (Т. Молдағалиев) Интербелсенді тақта немесе тақтаға ілінген суреттер
Микрофон
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Өзіңе ұнайтын мамандық иелерінің суреттерін белгіле. Сен кім болғың келеді?
Дидактикалық ойын: «Төртінші артық».
Логикалық ойлау қабілетін дамыту мен заттардың жалпылама түрін білуге үйрету. Суреттердің біреуі артық, ал үшеуінің мағынасы бірдей. Сол үш затты жалпылама сөзбен айт немесе қай мамандыққа қажет екенін айт. Мысалы: Қасық, қазан, етік, кесе - ыдыстар;
Балта, балға, ау, шеге - саймандар;
Ине, жіп, қайшы, қасық - тігінші заттары; Қайық, ау, қармақ, қалам - балықшы заттары; Нан, торт, бәліш, балта - тағамдар.
Сергіту жаттығуы: Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Қолды жоғары көтеріп, Қолды төмен түсіріп, Терең тыныс аламыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр: «Үй қалай салынады?»
Педагог балалармен бірге шартты белгілерді талқылайды.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіреді. Әліппе-дәптермен жұмыс.
3-тапсырма. Қай зат кімге тиесілі? Сызықпен қос. Оларды не үшін пайдаланатындарын түсіндір.
Артығын сыз.
4-тапсырма. Тіл ұстарту.
Жаңылтпашты жаңылмай айт. Ас аспай Бас аспаз.
Ас асты Жас аспаз.
Іске іскер,
Істі
Іскер істер. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан зымыранды түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№4
ТАҚЫРЫБЫ: Отан деп соғады жүрегім Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана біледі.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: Отан – Родина – Motherland Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Отан, Қазақстан
Пікір алмасу сұрақтары:
Біздің еліміз қалай аталады?
Еліміздің елордасы қай қала?
Еліміздің қандай көрікті жерлері бар?
Өткен ҰОҚ алған білім Мамандықтар туралы білімі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, педагогпен қосылып өлең жолдарын қайталап айтады. Отан деген - Атамекен, Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел! (Ермек Өтетілеуұлы)
Педагог «Отан – анаң, қамқоршың», «Отан деп соғады жүрегім» сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Балалармен бірге талқылайды. Балалар өз болжамдарын айтады.
Педагог қорытынды жасайды: Отанын сүйе білмеген адам бақытты бола алмайды. Өйткені атақ та, даңқ та, бақыт та, бақ та Отанды сүюден басталады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сен Астана қаласында болдың ба? Саған бәрінен де не ұнады? Әсеріңмен бөліс. Суретте қандай орындар бейнеленген? Әліппе-дәптер
Педагог әрбір қаланың өз эмблемасы, символы болатыны жайлы ой қозғайды.
Астана қаласының символы не?
Бәйтерек туралы не білесіңдер?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Боя.
Сергіту жаттығуы:
Төскейде жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін Көк майсасын төседі.
«Кім Отан туралы көп мақал айта алады» конкурсын өткізу.
Көптілділік: Отан – Родина – Motherland
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер. «Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.
Педагог балаларды біздің Отанымыз – үлкен ел. Елімізде барлық халық тату-тәтті, келісімде өмір сүреді деген ұғымға келуге жетелейді. Біз өз Отанымызды сүйіп, қорғауға тиіспіз.
Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіру.
Отан
Отан - сенің ата-анаң, Отан - досың, бауырың. Отан - өлкең, астанаң, Отан - аудан, ауылың. Отан осы, достарым, Көңілде мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл. (Бүркіт Ысқақов) Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан үйдің суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№5
ТАҚЫРЫБЫ: Кітап – алтын қазына Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды, диалогпен сөйлейді.
Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: кітап – книга – book, кітапхана – библиотека – library Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Кітапхана, жазушылар, ғалымдар Пікір алмасу сұрақтары:
Суретте не көріп тұрсыңдар?
Суреттегі балалар қайда жүр?
Кітапханада балалар не істеп отыр?
Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге бола ма?
Кітапты жыртқан балаға кітапханашы не айтады деп ойлайсың?
Өткен ҰОҚ алған білім Отанның адам баласына қаншалықты қымбат екенін түсінеді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут (Ұ) Шаттық шеңбері. Педагог:
Балалар, мен сендерге қазір сұрақтар қоямын, сендер менімен келіссеңдер, «Уәде береміз!» – деп дауыстап айтыңдар.
Педагог:
Бүгін бір-бірімізбен ренжіспеуге уәде бересіңдер ме?
Тату, дос боп ойнауға уәде бересіңдер ме?
Ойын бұрышын көрсетіп:
Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға уәде бересіңдер ме? ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут Суретші бұрышын көрсетіп:
Қағаз, қаламдарды шашпауға уәде бересіңдер ме?
Кітапхана бұрышын көрсетіп:
Кітаптармен дос болуға уәде бересіңдер ме?
Балалар, тек адамдар ғана бір-бірімен дос болмайды, кітаппен де дос болуға болады.
Балалардың назарын кітапхана бұрышына бұрып, кітапханаға жақындайды.
Біз барлық білімді осы кітаптан аламыз. Кітапты сызып бүлдіруге, жыртуға болмайды. Халық «Кітап – алтын қазына» деп, кітапты мол байлыққа, қазынаға теңеген. Көп кітап жинақталған жерді «кітапхана» дейміз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сен кітапханада болып көрдің бе?
Сен ата-анаңмен бірге қандай кітап оқыдың?
Суретте не көріп тұрсың, суреттегі балалар қайда жүр?
Кітапханада балалар не істеп отыр?
Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды.
Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Педагог сотқар бала мен кітапханашы сөзін балаларға диалогпен айтқызады.
(Балалар кітапханашы мен сотқар баланы сахналап береді.)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Балалардың қылығына баға бер. Дұрыс суретті көк түсті қаламмен, дұрыс емес, істеуге болмайтын суретті қызыл қаламмен белгілейміз. Педагог кітапханада өзін ұстау ережесін құруды ұсынады. Бірлесіп талқылау.
Көптілділік: кітап – книга – book,
кітапхана – библиотека – library Сөздік жұмыс: қазына – байлық.
Сергіту сәті:
Қызық кітап табайық, Қолға оны алайық.
Ішінде не бар екен деп,
Парақтап ашып қарайық.
Педагог әртүрлі кітаптарды балаларға көрсетеді. Кітапты жазушылар, ғалымдар, білімді адамдар жазады. Кітаптар үлкен-кіші, қалың-жұқа, суреттісуретсіз және әртүрлі тақырыпта болады. Ертегілер жинағы, аңдар туралы, киімдер туралы, тағамдар туралы кітаптар болатыны түсіндіреді. Кітапхана бұрышы, кітаптар Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Қай кітапта не туралы айтылған деп ойлайсың, сызық арқылы қос.
Ойын: «Сөз айт, тез айт»
Шарты: Балалар мен сөйлемнің басын айтам, сендер аяқтайсыңдар.
Өлең жазатын адам ... (ақын)
Байды алдайтын кейіпкер? (Алдаркөсе)
Бәйгеде шабады ... (ат)
Ең сұлу құс ... (аққу)
Қонжықтың анасы ... (аю)
5-тен кейінгі сан ... (6)
Аң патшасы ... (арыстан)
Ұлттық ойынның бірі ... (асық, алтыбақан, ақсүйек)
Жеміс түрі ... (алма, алмұрт)
Қасқыр, түлкі, қоян ... (аң)
Әкемнің әкесі ... (ата)
Көлік күтетін жер ... (аялдама)
Ең қадірлі ас ... (нан)
Анамның туыстары ... (нағашы)
Бір өркешті жануар ... (нар)
4-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айт: Айланбадан арба айналып барады, Арбадағылар айбарланып барады. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан кітапты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№6
ТАҚЫРЫБЫ: Мен білімді баламын Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрайды.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: үйрету - учить - to teach Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Балабақша, мектеп, оқушы, студент Пікір алмасу сұрақтары:
Балалар, сендер білімді баламын деп айта аласыңдар ма?
Білімді бала болу үшін не істеу керек?
Өткен ҰОҚ алған білім Кітап туралы білімі, кітапхана туралы түсінігі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут Педагог:
Балалар, көңіл күйлерің қандай?Өз көңіл күйлерін эмоциямен, ымишарамен, қимыл-қозғалыспен көрсетуді сұрайды.
Педагог:
Менің де көңіл күйім өте жақсы.Өйткені білімге құмар, талантты, талапты балалармен бүгін тағы бірге боламын.
Балалар, білімді бала болу үшін не істеу керек?
Сендер өздеріңді білімді баламын деп айта аласыңдар ма?
Тақтадағы суретке назар аударыңдар, суретке қарап әңгіме құраңдар.
Балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?
Мектепте оқитын балаларды кім дейміз?
Өздеріңнің аға, әпкелерің бар ма?
Олар қайда оқиды?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттегі балалардың ісәрекетінің қайсысын жасай аласың, сол суретті белгіле. Өзің белгілеген сурет бойынша әңгімелеп бер.
Көптілділік: үйрету - учить - to teach
Тіл ұстарту: (л, р)
Ла, -ла, -ла - ол білімді бала
Ла, -ла, -ла - салынып жатыр қала
Ла, -ла, -ла - жайнап тұр ғой дала
Рет, -рет, -рет - бала салды сурет
Тер, -тер, -тер - алып келдім дәптер
Дар, -дар, -дар - келді біздің қыздар
Тыр, -тыр, -тыр - біздің Қайсар батыр Демонстрациялық материал
Әліппе-дәптер
«Р»-ға тілің келе ме?
Қаламқасқа «тұр», - деші, Қарындашқа «жүр», - деші. «Қара қарындашты
Қаламқас алып тұр», - деші, Ал енді өзің-ақ «Р-р-р-р», - деші.
Сергіту сәті: Қаламсапқа кәнекей Өзімізді теңейік.
Ақ қағазға жүгіріп, Жазу жазып көрейік. Сөз соңына келгенде Нүктені де қояйық. Керек болса егерде Суретті де бояйық.
Педагог балалардан оқу үшін қандай оқу құралдары қажет екенін сұрайды. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін оқу құралдары туралы әңгіме айтып береді.
Танысу
Оқу құралдары - дәптер, кітап, қалам, қаламсап мүлде бір-бірін танымайды екен. Райхан әже немересі Ләйлаға сыйлық жасамақ болып, дәптер, кітап, қарындаш, қаламсап сатып алады. Сатушы оларды бір сөмкеге салып береді. Сөмке ішінде кездескен оқу құралдары бір-бірімен жөн сұрасып, танысыпты. Тіпті неден, не үшін жасалғандарын да айтыпты... Педагог әңгіме желісін тоқтатып, ықылас білдірген балаларға оқу құралдарының атрибуттарын кигізіп, қайсысы өзін қалай таныстыруы мүмкін диалогті сұрақ-жауап арқылы сахналап жалғастыруларын сұрайды. (Балалар кітап, дәптер, қарындаш, қаламсап ретінде өздерін таныстырады.) Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Қуаныш сөмкесіне қандай заттарды салады? Сызықпен қосып көрсет.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Артық затты сыз.
«Төртіншісі артық» ойыны.
4-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Күш – білімде, білім – кітапта.
Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды. Кітап, дәптер, қарындаш, қалам атрибуттары
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан арқақоржынның суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл
қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№7
ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп ауласында Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қимыл-қозғалыспен көрсетілген әрекетті түсінеді.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады. Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: аула – двор – yard
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: спорт алаңы, футбол, волейбол, баскетбол, теннис
Пікір алмасу сұрақтары:
Аулаңда қандай ойын түрлерін ойнайсың?
Өзіңнің мектебіңнің ауласында қандай өсімдіктер өседі?
Өткен ҰОҚ алған білім Білімді бала қандай болу керектігін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері.
Келіңдер, келіңдер, Шеңбер құрып беріңдер.
Ортаға түскен бұл допты, Бір-біріңе беріңдер, - деп
педагог балаларға тілек айтып, допты қасындағы балаға беріп, әрі қарай жалғастыруларын сұрайды. Балалар бір-біріне жақсы күн тілеп, допты береді.
Педагог балаларға ым-ишаратпен, қимылмен іс-әрекет көрсетеді, ал балалар не істеп жатқанын табады.
Педагог гүлдерге су құйып жатқанын келтіреді.
Жүгіріп футбол ойнап жүргенді.
Секіріп баскетбол ойнағанды көрсетеді.
Ағаштарды түптеп жатқанын көрсету.
Ойынды балалар жалғастырып, теннис, хоккей, шаңғы тепкенді қимылмен, ишарамен келтіреді.
Педагог слайд арқылы мектеп ауласын көрсетеді.
Балалар суретке тақырып қойып, әңгіме құрайды.
Мектеп ауласынан не көріп тұрсың?
Спорт алаңы қай жерде орналасқан?
Спорт алаңында кімдер жүр?
Аулада нелер өсіп тұр?
Ауладағы өсімдіктерді кім күтеді?
Аула тазалығына кім қарайды?
Көптілділік: аула – двор – yard Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттердің ішінен өз мектебіңнің ауласында бар заттарды белгілеп көрсет.
Сергіту сәті:
Доп ойнауға лайық
Мектеп ауласына шығайық.
Жүгіріп доп тебеміз, Футболдан біз жеңеміз. Баскетболда достармен Доп лақтырып ойнаймыз. Нысананы дәл көздеп, Доп түсірмей қоймаймыз.
Тіл ұстарту:
Ол-ол-ол – бұл мүшеміз қол, Ол-ол-ол – бұл, әрине, гол.
Оп-оп-оп – мұның аты доп, Оқ-оқ-оқ – бұл қып-қызыл шоқ.
Педагог балалардан өз ауласында нелер бар, әңгімелеп берулерін сұрайды.
Қандай ойын түрлерін ойнайсың?
Аулаң саған ұнай ма?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. «Сабақ», «спорт алаңы», «достар», «футбол» сөздерін қолданып мектеп жанындағы спорт алаңы туралы әңгімеле.
3-тапсырма. Мектеп ауласында достарыңмен бірге қандай қозғалыс ойындарын ойнайсыңдар? Доп
Мектеп ауласы туралы слайд немесе демонстрациялық материал
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Балалар өздері ойнайтын ойын түрлері, ойын кезіндегі өзара сыйластық туралы әңгімелейді. Содан соң оқу құралында берілген суретке қарап, балалардың қандай ойын түрін ойнап жатқанын айтады. Ол ойынның шартын естеріне түсіреді.
4-тапсырма. Берілген допты боя. Басқа доп түрлерінің суретін сал. IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№8
ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі оқиға Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады. Көптілділік: мектеп – школа – school
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Мектеп, өлең шумақтары
Пікір алмасу сұрақтары:
Мектепте оқитын аға, әпкелерің бар ма?
Бақыт мектептің ішінде не көрді?
Сыныпта қандай оқиға болды?
Өткен ҰОҚ алған білім Отан, туған жер туралы білімдері болады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Педагог балаларды ортаға шақырып, шаттық шеңберін Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлең шумақтары арқылы жасатады.
Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.
Педагог:
Сендердің мектепте оқитын аға, әпкелерің бар ма?- Ендеше сендер сияқты Бақыт атты баланың басынан кешкен оқиғасын айтып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар.
Мектептегі оқиға
Бүгінгі күн күндегідей басталды. Жанар мектеп формасын киіп, мектепке жиналды. Бақыт Жанардың бес жасар інісі. Жанардың соңынан қалар емес.
Әпкетай, мен де мектепке барайыншы.
Болмайды.
Менің де мектепке барғым келеді.
Жоқ, болмайды.
Сөмкеңді көтерсем?
Жоқ дедім ғой, болмайды.
Бақыт Жанар есіктен шыға бере айғайға басып жылай бастады.
Мен де барам!
Осы кезде әжесі қастарына келіп:
Жанаржан, бұл бала енді түске дейін жылайды. Мүмкін ертерек барып сыныбыңды, мектебіңді көрсетіп таныстырарсың, бір көріп қайтсын, - деп өтінді.
Жанар үлкендерді сыйлайтын, әжесінің көңілін қимады.
Жарайды, тек тезірек, мұғалімім келгенше үлгерейік.Бақыттың қуанышында шек жоқ, Жанардың соңынан жылдам басын еріп келеді. Міне, асыға күткен мектепке де кірді.
Педагог: Балалар, қалай ойлайсыңдар, Бақыт мектептің ішінде не көрді?
Сыныпта қандай оқиға болды? Балалар жалғастырады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра. Мектепте не істейсіндер?
Сергіту жаттығуы: Дәптерге жаздық, Суретті салдық.
Кітапты оқыдық, Әліппе-дәптер
Сөмкеге салдық. Осылай күнде біз Оқу, білім алдық.
Педагог балаларға әңгімедегі Жанар мен інісі Бақыттың және әжесінің сөздерін диалог арқылы рөлге бөліп айтқызады.
Көптілділік: мектеп – школа – school
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суреттерді салыстыр, екінші сынып бөлмесінде не жетіспейді? Олар не үшін қажет? Өз сөзіңмен әңгімелеп бер.
3-тапсырма.
Мақалдардың мағынасын түсін.
Ақыл озбайды, білім тозбайды.
Оқы да біл, ойна да күл. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Мақалдың мағынасын бірлесіп талқылайды. IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан қарындаштың суретін бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім - қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№9
ТАҚЫРЫБЫ: Бақытты отбасы Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 00.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі.
Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілерді қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынада айтқан сөздерді түсінеді.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрастырып айтады. Көптілділік: отбасы – семья – family;
бақыт – счастье – happiness
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Сүйіспеншілік, қамқорлық, қайырымдылық.
Пікір алмасу сұрақтары:
Отбасы деген не?
Ата-анаң қайда, кім болып жұмыс істейді?
Сендер отбасындағы адамдарға қалай қуаныш сыйлайсыңдар?
Өткен ҰОҚ алған білім Мектепке не үшін барады, онда не істейтінін біледі?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері.
Атамнан басталар, Әжеммен қосталар Отбасы мыналар:
Ең жақын адамдар
Әке мен анам бар,
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін еремін.
Әр адамның өз отбасы болады. Олар кез келген істі бірігіп атқарады, бір біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, оларға қамқор болуға үйренеміз.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құра.
Анасы не істеп тұр?
Әкесі қандай жұмыспен айналысып жатыр?
Атасы мен әжесі не істеп отыр?
Бөлмеде тағы кім бар?
Бұлар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?– Сенің ата-анаңның аты-жөні кім?
Олар қайда және кім болып жұмыс істейді?
Сен үйде анаңа қалай көмектесесің?
Үлкен аға, әпкелеріңнің тілін аласың ба?
Іні-қарындастарыңа қалай қамқорлық көрсетесің?
Сен отбасындағы адамдарды қалай қуантасың?
Сенің әжең, атаң ертегі, әңгіме, аңыз айтып бере ме?– Педагог балалардың пікірлерін, жауаптарын жинақтап толықтырады.
Дидактикалық ойын: «Ол қандай?»
Шарты: Педагог бір балаға допты лақтырады да, сұрақ қояды. Допты алған бала сұраққа жауап беріп, допты қайта лақтырады.
Сенің әкең қандай? (Мықты, еңбекқор, батыл, мейірімді, кішіпейіл)
Сенің анаң қандай? (Мейірімді, ақылды, көңілді, әдемі) Әліппе-дәптер
Сенің атаң қандай? (Ақкөңіл, дана, мейірімді)
Сенің әжең қандай? (Сабырлы, қамқор т.б)– Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті ағаәпкелеріміз сендерді «Күнім, айым, жұлдызым, құлыным!» - деп ғажап нәрселерге теңеп еркелетеді. Көптілділік: отбасы – семья – family; бақыт – счастье – happiness
Сергіту сәті:
Керілеміз, созыламыз, Терең алып тынысты.
Оңға бір, солға бір,
Жалғаймыз біз жұмысты.
Жаңылтпаштан жаңылмайық: Уықтардың барлығын Уыққапқа сал, күнім.
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал, күнім.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
2-тапсырма. Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта».
Менің отбасым ...
Менің атам ...
Менің әжем ...
Менің әкем ...
Менің анам ...
Менің ағам, інім ...
Менің қарындасым, әпкем, сіңлім ...
Әліппе-дәптермен жұмыс.
3-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсініп ал.
Мақалдың мазмұнын талдау. Ана алдында - құрмет, Ата алдында - қызмет.
Педагог мақалды қайталату арқылы жаттатып, мағынасын түсіндіреді.
4-тапсырма. Суретке қарап, отбасыңмен өз уақытыңды қалай өткізетініңді айт. Немен айналысқан ұнайды? Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап, қорытындылайды.
Балалардан бантиктің суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№10
ТАҚЫРЫБЫ: Анама бәрін арнаймын Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: ана – мама – mother.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сөйлемді аяқта, сызбаға қарап әңгімеле, неге теңеп еркелетеді.
Пікір алмасу сұрақтары:
Cендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Не үшін жақсы көресіңдер?
Ол қандай адам?
Өткен ҰОҚ алған білім Отбасы туралы білімі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут Біз бақытты баламыз, Үлкеннің тілін аламыз. Оларға көмектесеміз, Келгенінше шамамыз.
Осы кезде педагогтің телефоны шырылдап, педагог балаларға анасы хабарласып жатқанын айтып, тұтқаны алады.
Сәлеметсіз бе, анашым, халыңыз қалай?- Мен сізді қатты сағындым, жақын күндерде барып қалармын.
Бетіңізден сүйдім, сау болыңыз.- Балалар, сендердің аналарың қазір қастарыңда, ал сендер үлкен болып өскенде, оқу, білім, өнер қуып жан-жаққа кетесіңдер, сол кезде аналарыңмен жиі хабарласып тұруды ұмытпаңдар. Мен қазір анамды қатты сағынып жүрмін. Ол кісі ең мейірімді, ең сұлу, ең еңбекқор адам. Мен анамды қатты жақсы көремін. ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут Ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Не үшін жақсы көресіңдер?
Ол қандай адам?
Сендердің қандай істеріңе қатты ренжиді?
Ал қандай істеріңе керісінше қатты қуанады?
Сен анаңды жиі қуантасың ба?
Үй шаруасында аналарыңа қандай көмек бересіңдер?
(Балалар өз аналары туралы әңгімелеп айтып береді.)
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Үй шаруасында анаңа қандай көмек көрсетесің? Суреттерден белгілеп көрсет және айтып бер.
Дидактикалық ойын: «Мен де!»
Шарты: Педагог айтқан іске келіссе, балалар «Мен де!» – деп қосылып айтып отыру керек, ал келіспесе, «Жоқ» – деп наразылықтарын білдіруі қажет. Мақсаты: балалар дұрыс іс пен дұрыс емес іс- әрекетті ажырата білуге, мұқияттылыққа үйренеді.
П: Мен анамды жақсы көрем!
Б: Мен де!
П: Мен анама көмектесемін!
Б: Мен де!
П: Жұмыстан келгенде қарсы аламын.
Б: Мен де!
П: Ойыншығымды шашып тастаймын.
Б: Жоқ!
П: Киімімді жинап қоямын.
Б: Мен де!
П: Ыдыстарды жуып қоямын.
Б: Мен де!
П: Ініме мен қарамаймын, оны жылатамын.
Б: Жоқ!
Педагог осы тектес сөздерді тез-тез айтып, балаларды шатастыруға тырысады, балалар барынша мұқият болып, анасын ренжітетін іске келіспейді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Анаң сені қалай еркелетеді? Еркелеткенде неге теңейді, суреттердің ішінен тауып белгіле және айтып бер.
– Балалар, аналарың сендерді қатты жақсы көреді екен, оны мен сендерді еркелететін теңеулерден байқадым. Ал сендер аналарыңды қалай жақсы көресіңдер, оларды неге теңер едіңдер?
3-тапсырма. «Менің анам». Сызба бойынша өзіңнің анаң туралы әңгіме құрастыр.
Көптілділік: ана – мама – mother.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта».
Менің анам (қандай?) ... Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Анамның сырғасы ...
Анамның сақинасы ...
Анамның ыдыстары ...
Әліппе-дәптермен жұмыс: 4-тапсырма. Анаңды қуантатын сыйлықтың суретін сал.
Жаңылтпашта жаңылмайық:
Шеше, шеше, Неше кесе Сынды кеше?
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан қорқа іштік.
Сағат сыртылдады,
Сырға сыңғырлады. ІV. Сабақтың қортындысы. Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.
Балалардан гүлдің суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№11
ТАҚЫРЫБЫ: Менің досым Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.1.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу, сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі.
Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Әңгімені әрі қарай өрбіте алады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрастырып айтады, диалог арқылы сөйлесе алады. Көптілділік: дос – друг – friend достық – дружба – friendship
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Татулық, қайырымдылық.
Пікір алмасу сұрақтары:
Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?
Достық дегенді қалай түсінесің?
Достарыңмен бірге уақытты қалай өткізесің?
Қандай ойындарды ойнағанды жақсы көресің?
Өткен ҰОҚ алған білім Отбасы мүшелерін ажырата біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері: Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды.
Педагог: Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?
Балалар өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ, көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмас үшін бізге дос, жолдас керек.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Досың туралы әңгімеле.
Сенің ең жақын досың кім?
Оның жас нешеде?
Досың қайда тұрады?
Неліктен сен оны жақын досым деп санайсың?
Ойын-жаттығу: «Сөйлемді аяқта».
Мен өз досымды адал деп санаймын, өйткені ...
Мен өз досыммын ... бөлісемін.
Мен өз досыма көмектесемін және ...
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.
Дос бәрінен де қымбат.
3-тапсырма. Досыңның суретін сал.
Сергіту сәті:
Біз балалар бағында Тұрамыз өте көңілді. Көп болсақ та достықпен Өткіземіз өмірді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
4-тапсырма. Досыңмен бос уақытыңды қалай өткізетініңді сызба бойынша әңгімеле. Педагог балалармен бірге шартты белгілерді талқылайды. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Көптілділік: дос – друг – friend достық – дружба – friendship
Педагог әңгімені тыңдауды ұсынады.
Арман ойыншық құлыншағын алып, аулаға ойнауға шықты. Ауладағы тентек бала Қайсар Арманның құлыншағымен ойнап жүріп, аяғын сындырып қойды. Құлыншақты Арманға қайтарып берді. Ал Арманның досы Қуаныш Қайсарға бұл істеген ісі жөн емес екендігін айтты да, ...
(Балалар әңгімені өздері жалғастырып айтады.) Тіл ұстарту:
Ша-ша-ша – пісіп тұр алша.
Ос-ос-ос – бәрі бірге дос.
(Т) Дидактикалық ойын: «Досыңды тап».
Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін қолмен ұстап, сипау арқылы табады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
5-тапсырма. Досыңа не сыйлар едің? Белгіле. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан құлыншақты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№12
ТАҚЫРЫБЫ: Ағайынды екеуміз Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы жақын сөздерді қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы жақын сөздерді қолдану. Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрастырып айтады, диалогпен сөйлесе алады. Көптілділік: аға – старший брат – brother іні – младший брат – younger brother Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Ағайынды балалар, бауыр.
Пікір алмасу сұрақтары:
Ағайынды балалар деп кімдерді айтады?
Ағайынды екеуің үйде жалғыз қалғанда не істейсіңдер?
Іні-қарындастарыңды қорғай аласыңдар ма?
Өткен ҰОҚ алған білім Дос туралы түсініктері бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған қызмет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам:
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері.
Біз бақытты баламыз
Үлкеннің тілін аламыз Оларға көмектесеміз Келгенінше шамамыз.
Балалар, үйдегі бауырларыңмен бірге бос уақытты қалай өткізесіңдер?
Оларға қандай көмек көрсетесің?
Бірге жүргенде не істейсіңдер?
Сен өз отбасыңда кімдерге қамқор бола аласың? Саған кім қамқорлық жасайды? - Ағайынды балалар үйде жалғыз қалғанда не істейсіңдер?
Есікті бөтен біреу қақса не істейсіңдер?
Қандай қауіпсіздік ережесін сақтайсыңдар?
Үйде жалғыз қалғанда электр құралдарын пайдалануға бола ма?
Қайшы, ине, пышақ, сіріңкемен ойнауға бола ма? Көптілділік: аға – старший брат – brother іні – младший брат – younger brother
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретке қарап, сұрақтар бойынша әңгіме құра.
Әліппе-дәптер
Сергіту сәті.
Оңға, оңға, оңға иіл, Солға, солға, солға иіл. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық Орнымызды табайық.
Есіңе сақта! Сіріңке – ойыншық емес.
Оны қолыңа алма!
Қауіпті жағдайда мына қызметтерге телефон шалу керек:
– өрт сөндірушілер.
– полиция қызметкерлері.
– жедел жәрдем қызметі.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құра. Қайсысының ісі дұрыс, қайсысының ісі бұрыс?
Жаңылтпашты жаңылмай оқиық.
Ыбырай,
Ыбырайдың шымыры-ай. Мақтап жүрген Ыбырай Мысықтан қашты зымырай.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Қай зат кімге тиесілі? Үзік сызықтармен қос. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№13
ТАҚЫРЫБЫ: Қанаттылар тіршілігі Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс дыбыстайды. Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: құс - птица - bird
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Шыбын-шіркей, инелік
Пікір алмасу сұрақтары:
Біздің айналамызды нелер қоршап тұр?
Құстардың дене бөліктерін ата.
Ұшатын жәндіктердің дене бөліктерін ата.
Олардың ортақ белгілері қандай?
Өткен ҰОҚ алған білім Мектепке не үшін барады, онда не істейтінін біледі?
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут (Ұ) Педагог өлең оқып береді.
Күлімде, күн, күлімде, Жер жасарып, көгерсін. Бұрынғыдай бүгін де Қанат қақсын көгершін.
Өлең не туралы?
Құстар деген нелер?
Құстардың табиғатқа, адамға тигізетін қандай пайдасы бар?
Қандай құстардың түрлерін білесіңдер?- Сендер құстарға қандай қамқорлық көрсете аласыңдар?
Педагог «Мақтақыз бен мысық» әңгімесін тыңдауды ұсынады.
«Мақтақыз бен мысық бақта қыдырып жүреді. Бақ ішінен құстардың әсем дауыстары естіліп жатады. Кенет мысық торғайдың баласын бас салып, ұстап алады. Дереу Мақтақыз көмекке келіп, торғайдың балапанын құтқарып алады. Үйіне әкеліп торға қойып, жем-суын беріп күтеді. Ал мысықты қуып жібереді.
Балалар, әңгімені әрі қарай өздерің жалғастырыңдаршы. ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут -Үзілген достықты жалғау үшін мысық не істейді?
Мақтақыз мысықты неге қуып жіберді?
Дәрігер құстың аты қандай?
Ол терекке қалай көмектесті?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Мына құстар қандай қазақ ертегісінде кездеседі? Қай ертегіден екенін айтып бер. Жұмбақ шешейік. Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады? (Тоқылдақ) Тіл ұстарту:
Ма-ма-ма – құс шоқиды алма,
Ме-ме-ме – балам, оған тиме, Ма-ма-ма – қасына да барма, Дай-дай-дай – құстарға сеп бидай.
Сергіту сәті:
Қазым, қазым, қаңқылда, Көлде жүзіп саңқылда. Жем шашайын, жейсің бе, Кәмпит берші дейсің бе?
-Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті, болмайды ас.
Арпа менен бидай шаш.
Педагог:
Балалар, қанаты бар тағы қандай тіршілік иелерін білесіңдер?
Құстар немен қоректенеді?
Қанаты бар масалар, көбелектер, шыбын-шіркейлер, инеліктер жылдың қай мезгілінде өмір сүреді? - Құстар мен жәндіктердің арасында қандай ортақ белгілер бар?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Көбелек, маса, инелік суреттерін аяқтап сал.
3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал. Көк көбелек, көк көбелек, Көздері дөп-дөңгелек. Гүл көрсе, күлімдейді, Қолыма ілінбейді.
Көк шөптің арасынан
Түр-түсі білінбейді. (Б. Қожабекұлы) Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды.
Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан көбелекті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№14
ТАҚЫРЫБЫ: Мөлдір бұлақ Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Көргендері бойынша әңгімелеп бере алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: өзен – река – river көл – озеро – lake, теңіз – море – sea Пікір алмасу сұрақтары:
Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?
Өзен-көлдердегі судың дәмі қандай болады?
Теңіздің суының дәмі қандай болады?
Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?
Өткен ҰОҚ алған білім Қанаттылар жайында білімі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут (Ұ) Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. - Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз қандай әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық шеңберін жасайық.
Мен таумын. Бәрінен де биікпін.
Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.
Мен Күнмін. Жарқырап жылу берем! - деп балалар шаттық шеңберін жасайды.
Педагог: Балалар, мына әртүрлі ғажайып дыбыстарды мұқият тыңдаңдар. Ненің дыбысын естігендеріңді айтып беріңдер.
(Аудиотаспадан сылдырлаған бұлақтың, теңіздің дыбыстары.)
Дыбыстарды естігенде қайда жүргендей болдыңдар?
Ненің дыбысын естідіңдер?
Ал енді мен сендерге «Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа көрсетемін, сендер өте мұқият болыңдар, көріп болғаннан кейін қандай тіршілік иесін таныдыңдар, маған айтып бересіңдер. Көптілділік: өзен – река – river көл – озеро – lake, теңіз – море – sea «Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут Педагог: Не көргендеріңмен бөлісіп отырыңдар, ерекше әсер беріп, есте қалған не болды?
Ал енді біз су туралы сөйлесеміз.
Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?
Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретші нені ұмытты? Толықтырып сал.
Сергіту жаттығуы:
Кәнекей, бой сергітіп алайық,
Өзімізді мөлдір суға балайық. Сай-салада ағып жатқан сарқырап, Бұлақ болып таудан төмен ағайық.
«Сөзді жалғастыр» ойыны.
Мен қармақпен балық ... .
Теңіз жағасынан шағаланы ... .
Бұлақ сылдырлап ... .
Жылқылар су ... .
Жаңбыр жауып, өзен суы ... .
Аққулар жағаға жақын ... . Балалар суға ... .
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық: Бұл балық, Ақ балық.
Ақ балық,
Қылтаны көп балық.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптерді жауып, шатастырмай айтып бер.
Логикалық ойын: «Тура мағынасын айт». Педагог балаларға ауыспалы мағынадағы сөздер айтады, балалар тура мағынасын айтуға тырысады.
Мысалы: Жылы сөз - жылы күн;
Алтын бала - алтын сырға; Қара шаңырақ, қара ниет - қара
шалбар;
Ақ жол, ақ ниет - ақ орамал;
Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ; Бұлақтың көзі - адамның көзі; Суық хабар - суық жел.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
4-тапсырма. Суреттен суда мекен ететіндерді ата.
Оларды судың суретімен қос.
5-тапсырма.
Мақалдың мағынасын түсініп ал.
Судың да сұрауы бар.
Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз» дейді.
Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді. Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асырады.
Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан балық суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№15
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлар қайда тұрады? Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.2 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: қасқыр – волк – wolf, қоян – заяц – hare, арыстан – лев – lion Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Жабайы жануарлар
Пікір алмасу сұрақтары:
Жабайы жануарларға нелер жатады?
Оларды неге жабайы деп атайды?
Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді?
ҰОҚ сабақтардан алған білім Судағы тіршілік иелерін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут (Ұ) Шаттық шеңбері:
Қимылды ойын: «Көлеңке»
Орман, тоғайдағы жан-жануарлар серуенге шықты.
Қазір олардың қимылын салып көрейік. Көлбең-көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем! Қане, қатарға тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық. ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут Педагог бір ұзын, бір аласа баладан тұрғызады.
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем, Кірпі қалай жүреді, Кім көрсете біледі?
Ортаға бір бала шығып, аты аталған аңның (қоян, түлкі, тиін) т.б. жүрісін салып көрсетеді. Басқа балалар оны қайталайды.
Жабайы аңдарға нелер жатады?
Оларды неге жабайы деп атаймыз?
Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді?
Көптілділік: қасқыр – волк – wolf, қоян – заяц – hare, арыстан – лев – lion
Балаларға жабайы аң қолға үйренбеген түз жануары,
олар өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік етеді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Мына жануарлар қайда өмір сүреді? Суретке қарап, жануарларды ата. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың тіршілігін салыстыр.
2-тапсырма. Ұйқасын тап.
Өзінше ноян
Қорқақ ... . (қоян)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... . (арыстан)
3-тапсырма. Жабайы жануарлардың төлдері қалай аталады?
Қасқырдың төлі – бөлтірік.
Аюдың төлі – қонжық.
Қоянның төлі – көжек.
Түлкінің төлі – жаутаң, мыршай.
Жолбарыстың төлі – шөнжік.
Еліктің төлі – құралай.
Сергіту сәті:
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагог нұсқауын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
«Аңшылар аң аулауға шықты. Жолда үлкен көл кездесті, олар малтып өтті.
Енді үлкен ағаш кездесті. Оның ұшар басына өрмелеп шықты. Жерге сырғанап түсті. Алдарында үлкен апан тұр. Іші қараңғы, онда аюдың екі көзі жылтырап көрінеді. Қаштық!»
Жұмбақ шешейік.
Өзі ірі жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе) Балпаң-балпаң басады, Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю) Әліппе-дәптер
Дидактикалық ойын: «Сөз ойла» Ойынды педагог бастайды.
Мен бір сөз ойладым.
Қандай? - деп қызығады балалар.– Оны маған түрлі сұрақтар қою арқылы айтқызуларың керек. (Балаларды тыңдайды және оларға сөзбен көмектеседі, қандай жағдайда қалай сауал қоюдың жөн екендігін көрсетіп бағыттайды).
Балалар сұрайды:
Бұл жанды нәрсе ме, жансыз нәрсе ме?
Жанды.
Ол мал ма?
Жоқ, мал емес.
Жануар ма? Құс па?
Жабайы жануар.
Үлкен бе, кіші ме?
Итке ұқсаған.
Ол – қасқыр.
Дұрыс.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
4-тапсырма. Жануарлардың екінші бөліктерін сызық арқылы қосып көрсет. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан қоянды түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№16
ТАҚЫРЫБЫ: Қысқы орман Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын /қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді.
Көптілділік: шырша - елка - conifer tree
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қысқы орман, табиғат.
Пікір алмасу сұрақтары:
Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме?
Сендер қысқы орманда болдыңдар ма?
Өткен ҰОҚ алған білім Жануарлар туралы білімі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады.
Балалар, өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңейікші.– Балалар өздерін биік тауға, жұпар иісті гүлге, сұлу құс аққуға, мықты тасқа теңеп, шаттық шеңберін жасайды.
Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме?
Сендер қысқы орманда болдыңдар ма?
Бүгін бізге ормандағы қорықшыдан хат келді. Ол өзінің кішкентай күшігінің орманда адасып кеткенін, көмек керек екенін жазыпты.
Күшікке көмекке барамыз ба?
Қысқы орманға бару үшін қалың киіну керек.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сен қысқы орманға бару үшін не киер едің? Суреттердің ішінен таңдап белгіле және ата.
Бұлар қандай киім деп аталады?
2-тапсырма. Балалар, қысқы орманды қазір қалың қар басып қалған. Өзендер мұз болып қатып жатыр. Орманға бару үшін бізге қандай құралдар қажет? Суретке қарап, таңдап көрсет. Неге бұл заттарды таңдағаныңды түсіндір.
Сөйлемді жалғастырып айт.
Омбы қарда шаңғымен ... (сырғанаймыз)
Мұзда коньки ... (тебеміз) Шанамен жотадан ... (зулаймыз) Сергіту сәті: Аяққа шаңғы ілеміз, Қолға таяқ аламыз.
Оңға қарап,
Солға қарап,
Бір, екі, үш - жүйткиміз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Балалар, біз орманға келіп қалдық.
Не көріп тұрмыз?
Орманда қандай ағаштар өседі? Ата.
Олардың жапырағы жоқ, қай ағаш екенін қалай танимыз? (Әрине, бұтағы мен діңінен). Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Көптілділік: шырша - елка - conifer tree Сөйлемді аяқта.
Егер терек қайыңнан биік болса, онда қайың теректен
....
Егер емен қайыңнан жуан болса, онда қайың еменнен
....
Қыста түн ұзақ, ал күн ....
Бұл сөздер мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер.
Қай сөз түсіп қалды:
(Күн) ... суытты.
(Қар) ... жауды.
Өзенде ... (мұз) қатты.
Бұталарды ... (қырау) басты.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
4-тапсырма. «Ненің ізі?» ойыны. Қайсысы ненің ізі екенін қосып көрсет.
Балалар, қараңдар, қар үстінде әртүрлі іздер жатыр. Қане қарайық, ненің іздері екен, мүмкін күшікті ізінен тауып алармыз.
Тапсырманы орындау барысында педагог балалардан ненің ізі екенін айтып отыруды сұрайды. Мысалы: аюдың ізі, құстың ізі т.б.
Балалар, ізі арқылы күшікті тауып алдық. Күшікті тауып бергенімізге қорықшы қуанатын болды.
Тіл ұстарту: [к]
Шік-шік-шік – кіп-кішкентай күшік.
Шік-шік-шік – бұл әдемі үйшік. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан баскиімді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№17
ТАҚЫРЫБЫ: Бағдаршам – көшедегі көмекшім Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата алады, сұрақтарға жауап береді.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжамдайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light Пікір алмасу сұрақтары:
Жол ережесі деген не?
Өткен ҰОҚ алған білім Оқиғаны әрі қарай болжай алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут (Ұ) Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, балалар!
Бүгінгі күн қандай керемет!
Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.
Күлімде, Күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгін де Қанат қақсын көгершін.
Педагог балаларға көздерін жұмып, көз алдына қаламыздың үлкен көшелерін елестетуін сұрайды. Көліктердің шуылы, дабыл, бип-бап деген дыбыстар естіледі.
Кім нені елестетті?
Педагог балаларды тыңдап, қорытынды жасайды. Қала көшелерінде мәшине көп, қарбаласып жатқан тірлік.
Қалай ойлайсыңдар, бізге апатты жағдайға ұшырамай, жолдан дұрыс өтуімізге кім көмектеседі? – Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз.
Егер жол жүру ережелерін сақтамасақ, не болуы мүмкін? Көше, мәшине дыбыстары жазбасы
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретті қарап, әңгімені тыңдауды ұсынады.
Әсем інісі Асанды қолынан жетелеп алып келе жатты. Асан ерке әрі айтқанды тыңдамайтын тентек бала болатын. Көшенің қиылысына жақындай бергенде әпкесінің қолын сілкіп тастап, көшеге қарай жүгірді. Ал бағдаршамда қызыл жанып тұр еді. Жүгіріп шыққан балақайды көріп, көшедегі көліктер әбігерге түсті ...
(Мереке Құлкенов) – Асан дұрыс істеді ме?
– Одан әрі не болды деп ойлайсың?
Әңгімені жалғастыр.
Педагог 5-6 баланың әңгімесін тыңдайды. Жол жүру ережелерін құруды ұсынады.
Ережелерді берге талқылау.
Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light
Сергіту жаттығуы: «Бағдаршам» ойыны.
Педагог балаларға бағдаршамның үш түсін көрсету арқылы қимыл-қозғалыстар жасатады.
Педагог қызыл түсті көрсеткенде, балалар тоқтайды.
Сары түсті көрсеткенде, қол шапалақтап, билейді.
Жасыл жанғанда, әрі-бері жүреді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Әр суреттегі бағдаршамның қажетті түсін боя.
Ойын жаттығу: «Сөйлемді жалғастыр». Егер бағдаршам болмаса, онда ... т.б.
Педагог өлең оқып береді. Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін. Біліп алдым мен де: Жасыл жанса, демде Алға кетем ілезде. Сары жанса, сабыр Сақтай тұрам әзір. Жанса қызыл шоқтай, Қаламын кілт тоқтай. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан бағдаршамды түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№18
ТАҚЫРЫБЫ: Көліктер және оның түрлері Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Көліктің түрлерін біледі.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Әнгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Көліктер, жердегі көліктер, әуедегі көліктер Пікір алмасу сұрақтары:
Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Өткен ҰОҚ алған білім Балалар бағдаршамның қызметін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Ақыл-ой өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында қаны жоқ.
Су ішеді, май жейді,
Бұларды не дейді? (Көліктер) Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport Педагог көлік және оның түрлерімен танысатынын және көліктердің түрлері көп екенін айтады. Соның ішінде адам таситын және арнайы қызмет көліктері болады.
Адам таситын көліктерді атап беріңдерші.
Ал арнайы қызмет көліктеріне нелер жатады?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша көлік түрлерін атап бер. Бұл көлікті кім жүргізеді? Әліппе-дәптер
Жаңылтпаш жаттау:
Иса мәшине жуса, Мұса да мәшине жуады.
Сергіту жаттығуы:
Музыка әуенімен мәшиненің рулін айналдырып билеу.
Дидактикалық ойын: «Автосалон». Бір бала мәшине сатушы болады. Қалған балалар көлік сатып алушылар болады. Көлік сатып алушылар бір көлікті сипаттайды, ал көлік сатушы ол қандай көлік екенін тауып, оны алып береді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Төбесінде ебелек,
Ұшады ол керемет. (Тікұшақ)
Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. (Трамвай)
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус) 3-тапсырма. Суретті толықтырып сал.
4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыр». Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырады.
Мысалы: Егер жермен жүрсе бұл ... (жер) көлігі. Олар: КамАЗ, автобус, өрт сөндіргіш мәшине.
Егер сумен жүрсе бұл ... (су) көлігі.
Олар: кеме, қайық, катер.
Егер әуеде ұшса, бұл .. (әуе) көлігі.
Олар: ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Педагог балалармен қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелеседі.
Ережелерді балалармен бірге талқылау.
Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай кір.
Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес.
Көліктің ішін ластама, орындықты сызба.
Жолақысын уақытымен төле.
Үлкен кісілерге орын бер. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан мәшинені түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№19
ТАҚЫРЫБЫ: Алматыға саяхат Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады, суретке қарап әңгіме құрайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Диалог құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: қала – город – city Пікір алмасу сұрақтары:
Алматы қаласында болдың ба?
Қаланың қандай көрікті жерлерін білесің?
Өткен сабақтардан алған білім Көлік түрлерін ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қазақстанның ірі қалаларын ата.
Сен қай қалада тұрасың?
Қаланың бір шетінен екінші шетіне тұрақты қатынайтын қандай көліктер бар?
Бір қаладан екінші қалаға немен жетуге болады?
Ол қандай көліктер?
Педагог балалардан бүгін не туралы әңгімелесетінін сұрайды.
Талқылау барысында бүгінгі сабақтың тақырыбы жол жүру туралы болатынын анықтайды.
Педагог балаларды Алматы қаласына саяхат жасауға шақырады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сен тұратын жерден Алматы қаласына қандай көлікпен баруға болатынын анықта.
Ойын: «Сөйлемді аяқта».
Мен автобусты таңдаймын, себебі ...
Мен ұшақты таңдаймын, себебі ...
Мен пойызды таңдаймын, себебі ...
Мен автомобильді таңдаймын, себебі ... Әліппе-дәптер
2-тапсырма. Суреттен нені көріп тұрсың? Олар қай қалада орналасқан? Сен олар туралы не білесің? Әңгімеле. Педагог өлең оқып береді.
Алматы қаласы
Жап-жасыл ағашы, Қып-қызыл алмасы. Ақ басты тауы бар Алматы қаласы.
Ақындар ағасы Тұр Абай данасы. Көшесі көрікті Алматы қаласы.
Көптілділік: қала – город – city
Сергіту жаттығуы: Жол астында бір ін бар, Не екенін кім табар.
Неге онымен адамдар Әрі-бері ағылар? (Метро)
Тіл ұстарту.
Ға-ға-ға – жаға.
Ге-ге-ге – шеге.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Алматы қаласының аты қай жеміске байланысты қойылған? Белгіле. Сен ол жеміс туралы не білесің? Сипатта. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан алманы түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№20
ТАҚЫРЫБЫ: Жолда абайла Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Жаңылтпашты жаңылмай айтуға үйренеді.
Көптілділік: жол – дорога – road Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Жаңылтпаш, ұйқасын тап Пікір алмасу сұрақтары:
Қандай жол түрлерін білесіңдер?
Көшеде жүру тәртібін білесіңдер ме?
Өткен сабақтардан алған білім Балалар жол белгілерін ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң, балалар!
Педагог балалармен ойын ойнайды.
Сөздік ойыны: «Үш затты ата».
Педагог бір сөзді айтып, мысалы, «Жиһаз» – допты бір балаға лақтырады. Допты алған бала үш сөз айтып, допты қайтарады. Жиһазға қандай заттар жататынын айтады. Мысалы:
Үстел, орындық, төсек.
«Гүлдер» – допты келесі балаға лақтырады.
Түймедақ, райхан, қызғалдақ.
«Көлік» – допты келесі балаға лақтырады.– Жүк көлігі, автобус, трамвай т.б.
Жұмбақ шешейік:
Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар? (Жол)
Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады. (Теміржол)
Жұмбақты шешкеннен кейін педагог бүгінгі сабақта не туралы сөз болатынын болжауды ұсынады. Талқылау қорытындысында барлығы әңгіме жол туралы болады деген пікірге келеді.
- Балалар, сендер қандай жол түрлерін білесіңдер?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Жол түрлерін есте сақта.
Сен қандай жолдармен жүресің?
Қандай жолмен саяхатқа шығуға болады?
Суреттегі әрбір жолдың неге арналғанын айтып бер.
Ойын: «Сөйлемді аяқта».
Жол адамдарға ... үшін қажет.
Жолдар әртүрлі болады: ... .
Көптілділік: жол – дорога – road
Педагог: Көшенің арғы бетіне өтерде өте сақ болған жөн. Көшеде жүру тәртібін сақтамау тәрбиесіздіктің белгісі. Сен өзіңе қауіп келтіріп қана қоймай, басқаларға да кедергі келтіресің. Көшеде жүру тәртібін бұзасың.
Педагог балаларға олардың жолды қауіпсіз кесіп өтуіне көмектесетін бағдаршаммен таныс екенін ескертеді.
Жұмбақ шешейік: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр. (Жол белгілері)
Жол белгілерін интерактивті тақтадан көрсету:
Ақпараттық-көрсеткіштік белгілер
Ескерту белгілері
Тыйым салатын белгілер
Сервис белгілері
Басымдылық белгілері Жол таңбалары
Сергіту жаттығуы:
Көлік кетіп барады, Жан-жағына қарады.
Бағдаршамда қызыл жанғанда, Көлік тоқтай қалады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Жол белгілері не үшін қажет? Бұл белгілер нені білдіреді?
Сұрақтарға жауап береміз:
Суреттегі қала көшесінен қандай көлік түрлерін көрдің?
Тағы қандай көлік түрлері болады?
Суретке сәйкес жол белгісінің суретін сал.
Жиекжол деген не? Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды.
Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан мәшинені түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№21
ТАҚЫРЫБЫ: Өмірге келдім Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолданады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: сәби – младенец – baby, салт-дәстүр – обычай – custom
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: шілдехана.
Пікір алмасу сұрақтары:
Салт-дәстүр деген не?
Салт-дәстүрді білу бізге не үшін керек?
Өткен ҰОҚ алған білім Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінігі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып, бір-біріне жылы тілектер тілейді.
Айша, әдемі қыз болып өс.
Мәди, зерек бала бол.
Зейнеп, сыпайы бол.
Балалар, сендер салт-дәстүр дегеннің не екенін білесіңдер ме?
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?– Сенің отбасында қандай салт-дәстүрді ұстанады?
Енді, балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут Сәби өмірге келгенде салтымыз бойынша ата-анасы той жасайды. Той шілдехана деп аталады. Сәбиге есім қойылады. Шілдеханада көп қонақтар жиналады, олар балаға өзінің тілектерін білдіреді, ойын-сауық өткізеді.
Осылайша баланың алғашқы қадамы басталады.
Көптілділік: сәби – младенец – baby, салт-дәстүр – обычай – custom
Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Суретте қандай салтдәстүр бейнеленген? Ол туралы не білесің? Балаларға арналған тағы қандай дәстүрлер бар? Ойын: «Жақсы тілек».
Шарты: Шеңбердің ортасында тұрған бала: «Сәбиге қандай тілек тілеуге болады?» - деп сұрайды да, допты лақтырады. Екінші бала жауап қайтарып, допты кері лақтырады.
Өмірі ұзақ болсын!
Дені сау болсын! т.б.
Сергіту сәті:
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық, Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық. Уықтарша иіліп,
Қазақ үйді құрайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс
2-тапсырма. Баланың жасына қарай суреттерді сәйкестендір. Нәрестенің суреті мен бесікті; бір жастағы бала мен ала жіп және қайшыны; 5-6 жастағы бала мен ер-тоқымды атты сәйкестендіреді.
3-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Әкесі баласын көтереді, Баласы бөркін көтереді.
(Кереге, уық, шаңырақ) Төрт бұрышты, бір ауызды.
(Сандық) Демонстрациялық материал немесе бейнематериал
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды.
Балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан бесікті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл
қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№22
ТАҚЫРЫБЫ: Қонақжайлылық Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын, қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Қарама-қарсы сөздерді табады. Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалог құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: қонақ - гость - guеst
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қошемет көрсету.
Пікір алмасу сұрақтары:
Қонақ күту үшін қонаққа қандай жағдай жасалады?
Өткен ҰОҚ алған білім Шілдехана дәстүрі туралы айтып бере алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған қызмет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут (Ұ) Ойын: «Жалғастыр».
Педагог сөйлемді бастайды, балалар жалғастырады.
«Менің көңіл күйім жақсы,
өйткені ...»
Біздің үйде әр тарап Думандатар өмірді. Біздің үйде салтанат, Біздің үйде көңілді.
Сендер үйлеріңе қонақ келгенді жақсы көресіңдер ме?
Қонақ күткенді ше?
Кімнің үйіне қонаққа жиі барасыңдар?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма.
Қонақ шақырғанда дайындық неден басталады? Әліппе-дәптер
Анаңа қалай көмектесесің? Ойыңды ортаға сал.
Көптілділік: қонақ - гость - gust
Мақал - сөздің мәйегі:
Қонақ аз отырып, көп сынайды. Қонақ келсе – құт.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.
Сергіту сәті. Апам үшін күнде мен
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де, Дүкенге де барамын. Жылай қалса бөпеміз, Жұбатамын ойнатып. Сыпырамын үй ішін, Жуам аяқ, табақты.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Тақпақты жаттап алайық. Біздің үйде достарым Қосты бүгін бастарын. Әжем келген ауылдан, Әкелген-ді алуан дәм.
Дастарқанда тұр жайнап:
Жент, бауырсақ, құрт, қаймақ.
(Е. Өтетілеуұлы)
Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап, жаттатады.
Әже қай дыбыстан басталған?
Ә дыбысынан келетін сөздерді айт.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла».
Қарама-қарсы сөздерді тап. Өзіңе ұнаған сөздерді есіңе сақтап, айтып бер.
Сыпайы – дөрекі, мейірімді – қатал, жас – кәрі, еңбеккер – жалқау, көңілді – көңілсіз, жылы – салқын, күлімдеу – қабақ шыту, төр – босаға, ауыл – қала, оң жақ – сол жақ, алыс – жақын, таза – кір, үлкен – кіші, конақ болу – қонақ күту.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма.
Жұбыңмен диалог құр.
«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздермен әжеге сипаттама бер.
4-тапсырма. Ыдыстарды асқа толтыр. Әліппе-дәптер
\
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан ыдысты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№23
ТАҚЫРЫБЫ: Қос ішекті домбыра Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразаларды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтады. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Әңгіме мазмұнын түсінеді, тәрбиелік мәнін ұғынады. Сұрақтарға нақты жауап береді.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: аспап – инструмент – tool Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ағаш өнері, ұлттық аспап. Шанақ.
Пікір алмасу сұрақтары:
Домбыра туралы не білесіңдер?
Домбыраның бөліктерін атаңдар.
Өткен ҰОҚ алған білім Қонақжайлылық туралы біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Қандай аспап? Алдымен сен күй тыңда, Тартқан күйді дәл тыңда. Қайсы аспапта ойнады, Таба қойшы қалпында.
Педагог балаларға домбырада ойналған кез келген музыкалық шығарманы тыңдауға ұсынады.
Балалармен әңгіме жүргізеді:
Музыкалық шығарма ұнады ма?
Шығарма қандай аспапта орындалды?
Мұндай шығарманы кім шығарады деп ойлайсың?
Балалар, домбыра туралы не білесіңдер?– Үйлеріңде домбыра тартатын адам бар ма?
Домбырамен ән айтатын қандай әншіні білесіңдер?
(М. Беспаев, Т.Серік т.б.)
Педагог қорытындылау мақсатында балаларға домбыра ежелгі қазақ аспабы екенін, ол қазақтың қайғысын да, қуанышын да бөлісіп келгенін айтады. Құрманғазы, Тәттімбет сияқты сазгерлердің өлмес күйлері замандар бойы жасай береді.
«Сарыарқа» күйін тыңдау.
Тыңдап болғаннан кейін «қандай?» сұрағына жауап беретін сөздермен күйді сипаттау.
-Тағы қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Қазақтың ұлттық аспаптарын белгіле.
Сергіту сәті. «Домбыра туралы баллада» әнімен қимыл-қозғалыс жасайды.
Педагог: Бұрынғы ата-бабамыз бұл аспаптарды өздері қолдан жасаған. Домбыраның өзін ағаштан, ішегін ешкінің ішегінен жасаған. Дауылпаздың бетін малдың терісімен қаптаған. Тұяқты жылқының тұяғынан алған. Шаңқобызды темірден иіп жасаған. Қобыздың тиегін ешкінің мүйізінен жасаған, оның жоғарғы бөлігі ағаштан ойылып жасалған, төменгі бөлігі терімен қапталған. Жетігенге асықтарды пайдаланған.
Көптілділік: аспап – инструмент – tool Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Тақпақты жаттап алайық. Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра. (Қадыр Мырза Әли) 3-тапсырма. Сөйлемді толықтыр. Күйді тартатын адам ... (күйші)
Би билейтін адам ... (биші)
Өлеңге музыка жазатын адам ... (композитор) Оркестрді басқаратын адам ... (дирижер)
Ән айтатын адам ... (әнші)
Домбыра жасайтын адам ... (шебер, ұста) 4-тапсырма. Жұбыңмен жұмбақ айтыс. Үнтаспа, домбыра әуені
Домбыра аспабы
«Сарыарқа» күйінің жазбасы
Үнтаспада «Домбыра туралы баллада»
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан домбыраны түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№24
ТАҚЫРЫБЫ: Наурыз – жыл басы Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айта алады. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды.
Кейбір тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді қолданады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: Наурыз – Наурыз – Nauryz
көктем – весна – Spring
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: уыз, наурызкөже, наурыз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Көктемде қанша ай бар?
Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Наурыз мерекесі қандай мереке?
Наурызда табиғатта қандай өзгерістер болады?
Өткен ҰОҚ алған білім Салт дәстүрлер туралы түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері Күлімде, Күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. Бұрынғыдай бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде қанша ай бар?
Көктемде қандай мерекелер бар?
Наурыз мерекесі қандай мереке?
Наурызда табиғатта қандай өзгерістер болады?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле. Суретте қандай мерекенің тойланып жатқанын сұрайды және ол мерекенің ерекшеліктерін айтқызады.
Наурыз мерекесін сенің тұратын жеріңде қалай атап өтеді?
Сенің отбасыңда бұл мерекені қалай атап өтеді?Педагог: Наурызда барлық адамдар реніштерін ұмытып, бір-бірімен амандасып, құшақтасып татуласады.
2-тапсырма. «Сөзді тап» ойыны.
«Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап тап. Мысалы: ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік, сыйластық, құрметтеу.
3-тапсырма. Наурызкөжеге қосылатын заттарды ата. 4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Қазақтың ұлттық киімдерін ата».
Балалар, мына сан жазылған асықтарды аласыңдар.
Асықтар мына сұрақтарға жауап талап етеді:
Ұлттық әйел киімдерін ата.
Ұлттық ерлер киімдерді ата.
Көптілділік: Наурыз – Наурыз – Nauryz көктем – весна – spring Сергіту сәті:
Кел, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық.
Керегеше керіліп, Уықтарша иіліп,
Қазақ үйді құрайық.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Ол алқапты олар орар, Бұл алқапты бұлар орар,
Олар ормаса, Омар орар.
Тіл ұстарту:
Па-па-па – көрдім әдемі апа.
Пе-пе-пе – әжем тікті көрпе.
Ор-ор-ор – атам құрды тор.
Ол-ол-ол – ұзыннан-ұзақ жол. Әліппе-дәптер
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» энциклопедиясы
Педагог Наурыз мерекесінде қандай дәстүрлі тағам пісірілетіні туралы әңгімелеседі.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
5-тапсырма. Ою түрлерін ата. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан табақты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№25
ТАҚЫРЫБЫ: Дастарқан басында Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасы мен мәнін түсінеді, х, һ дыбыстарына сөздер ойлап табады. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді
Көпшілік тәрбиеленушілер: Әңгіме құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: тағам - пища - food
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: үстел басында, әдептілік.
Пікір алмасу сұрақтары:
Асқа отырар алдында қандай ережелерді сақтау керек?
Тамақ ішерде үлкендерге не деу керек?
Не үшін үлкен адам асты бірінші бастап ішеді?
Өткен сабақтардан алған білім Наурыз мерекесі ұлттық мереке екенін түсінеді. Бір-бірімен құшақтасып, реніштерін ұмыта алады. Жылы тілектер тілейді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Үйге келген қонақтың Алғыстарын аламыз.
Педагог жұмбақ шешуді ұсынады. Алға жайып тұз-дәмiн, Келтiредi үй сәнiн. Ол халқымның ақ жаны, Жақсы дәстүр маржаны.
Кеңпейiлдік арайлы,
Осы жерден тарайды. (Дастарқан)
Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлiң қанады,
Iшсең құйып. (Айран)
Педагог балалардан бүгінгі сабақ не туралы
болатынын болжауды ұсынады Педагог әңгіме өткізеді.
Әдетте менің ата-анам дастарқан басында төрт көзіміз түгел отырғанымызды қалайтын еді. Мейлі ол таңғы ас, мейлі ол кешкі ас болсын, отбасы мүшелері дастарқан басында толық жиналмайынша, ешкім асты ішуді бастамаймыз. Анамыз дәмді әрі пайдалы асты алып келеді. Әкеміз астан ауыз тигеннен кейін ғана ас ішіледі. Дастарқан басында өзіңді мәдениетті, әдемі ұстау, тамақты сораптап ішпеу, дауыс көтермеу ережелері сақталады.
Ата-ананың бұл берген тәрбиесі біздің бүкіл өмірімізге дағды, сіңіп қалған ереже болып саналады.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. «Дастарқан басында» суреті бойынша жоспармен әңгіме құра:
Отбасы мүшелері неге дастарқан басына жиналды?
Отбасында кімдер бар?
Отбасы мүшелеріне ана не ұсынды?
Үстелде қандай тамақтар бар? Ата.– Отбасы мүшелері үстелде қалай орналасқан?
Төрде кімдер отыр?
Отбасы мүшелерінің көңіл күйі қандай?
Сипатта.
Үстел басында адамдар не туралы әңгімелеседі? «Әдептілік – әдемілік». «Алматыкітап» баспасынан шыққан кітап
Әліппе-дәптер
Сергіту сәті.
Дастарқанды жаямыз, Ыдыстарды қоямыз.
Тағамдарды әкеліп,
Дастарқанға қоямыз.
Педагог сұрақ қояды:
Сендер қандай тағам түрлерін жақсы көресіңдер?
Сендердің жеген тағамдарыңның қаншалықты пайдасы және зияны бар екенін анықтайық.
Біздің деніміз сау болу үшін өзі дәмді, өзі пайдалы тағамдарды пайдалануымыз керек.
Бізге ең пайдалысы – сүт өнімдері.
Сүт өнімдеріне нелер жатады?
Одан кейін жемістер мен көгөністерді жиі пайдалану керек. – Оларға нелер жатады?
Одан кейін нан өнімдері. Нан өнімдерін айтыңдар.
Бұлардың бәрі табиғи өнімдер, ал консервіленген балық, ет, сусындарда әртүрлі қоспалар бар. Сондықтан ол адам өміріне зиян.
Дастарқанның басында Әдептен біз озбаймыз. Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Пайдалы тағамдарды көк түспен, зиянды тағамдарды қызыл түспен белгіле.
3-тапсырма. Дастарқан басында өзін дұрыс ұстаған баланы қоршап белгіле.
Тыйым сөздер:
Ас үстінен аттама!
Су ішкен құдыққа түкірме!
Нанды баспа!
Нанды бір қолмен үзбе!
Жаңылтпаштан жаңылмайық:
Біздің туған шаһарда Тұрады көп қаһарман.
Ән айтамын хорда,
Хайуан көрдім тордан. Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, баларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан тостағанды түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№26
ТАҚЫРЫБЫ: Жеміс-жидек пен көгөністер Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздерді қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Әңгіме құрастырады.
Көптілділік: қияр – огурец – cucumber
пияз – лук – onion
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Құпия, дәнді, пайдалы дәрумендер.
Пікір алмасу сұрақтары:
Жемістер мен көгөністердің қандай пайдасы бар?
Өткен ҰОҚ алған білім Дастарқан басында өздерін ұстауды біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6- 27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз, Қызықты іске айналар,
Міне біздер қандаймыз.
Педагог жұмбақ жасырады:
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
Әкеміз ала баспақ асырады, Тезірек күз келсе деп асығады.
Баспағы бойын шөпке жасырады,
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе, жыладық. (Пияз)
Педагог сабақтың не туралы болатынын табуды ұсынады.
Көгөністер мен жемістер несімен пайдалы?
Оларды кім өсіреді?
Қай мезгілде егеміз, қай мезгілде жинап аламыз? Топтық жұмыс. Балалардың қолына көгөніс, жемісжидек суреттері таратылып беріледі. Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді.
1-топтағы балалар, сендер ненің суретін ұстап
отырсыңдар? (Жемістер)
Олардың пайдасын, қайда өсетінін айтады.
2-топтағы балалар, сендер не ұстап отырсыңдар?
(Көгөністер)
Олардың пайдасын, қайда өсетінін айтады.
3-топтағы балалар, сендер не ұстап отырсыңдар?
(Жидектер)
Олардың пайдасын, қайда өсетінін айтады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Бағбанға қажетті құрал-сайманды ата.
Олар не үшін қажет?
Ойын: «Затты сипатта».
Шарты: Тақтаға шыққан балаға қияр мен пияздың суреті жасырын көрсетіледі. Тақтадағы бала заттың бейнесін сипаттап айтады. Басқалары оны табады.
Қияр, пияз дегенде қандай таныс емес дыбыс бар?
Жаңылтпаштан жаңылмайық:
Жая, мая, сая, аяз, пияз, сия, Аяқ, таяқ, қия, Шаян, қоян, ұя, Бәрінде бар «Я».
Көптілділік: қияр - огурец - cucumber пияз - лук - scallion
Сергіту сәті:
Оң аяқ, сол аяқ,
Теп допты, сол аяқ, Оң аяқ, сол аяқ,
Теп допты оңай-ақ.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Ребусты шеш. Шешуі болған көгөністің суретін сал. (Қызанақ)
3-тапсырма. Тек қана жемістерді сызық арқылы себетке жина.
4-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астыңда қызыл дәу жатыр. (Қызылша) Әліппе-дәптер
ІV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан себетті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№27
ТАҚЫРЫБЫ: Ас атасы – нан Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Нанның дастарқанға келу жолын тізбектеп айтып бере алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық
мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: нан – хлеб – bread Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
дәнді дақылдар, ұн өнімдері, арпа, сұлы, бидай, қара нан, ақ нан.
Пікір алмасу сұрақтары:
Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
Нанның адамға пайдасы қандай?
Өткен ҰОҚ алған білім Көгөністер мен жемістердің пайдасы туралы айтып бере алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ө) Шаттық шеңбері
Қолдан келсе, көңілде хоштық болсын, Одан көпті күтсең сен, бос күткенсің.
Дастарқанда нан болсын, азаматым.
Аузыңдағы нан дәмі достық болсын.
Жұмбақ шешейік.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (Бидай) Күрең қызыл түсi бар, Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)
Талқылау барысында сабақ нан туралы болады деп болжамдайды.
Бидай қайда өседі?
Бидайдың басында не болады?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Педагог өлең оқиды. Өлеңде не туралы айтылады?
Дән Жарып шыққан қауызын, Дән - өмірлік азығың. Жегеніңде ақ нанды
Нәрге толар ауызың. Әліппе-дәптер
Ерте тұрып ақ таңнан
Қара жерге нәр құйған,
Айналайын диқаннан
Егін егіп, нан жиған. (Әнуарбек Дүйсенбиев) – Өлеңде не туралы айтылады?
«Жарып шыққан қауызын» дегенді қалай түсінесің?
Бидай – қауызды жарып шығады.
Егінді кім өсіреді?
Әліппе-дәптермен жұмыс
2-тапсырма. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен әңгімелеп айтып бер.
Нан жасау үшін қанша мамандық иелері еңбек етеді?
Көптілділік: нан – хлеб – bread
Далада өсетін дәнді дақылдармен тақтадағы суретке қарап таныстыру.
Арпа, бидай, сұлы, жүгері – бұлар дәнді дақылдарға жатады. Егістік далада өсетіндіктен дәрумендерге бай, организмге пайдалы. Дәнді дақылдардың барлығынан ұн жасалады. Әртүрлі дәннен әртүрлі нан жасайды, оларды «нан өнімдері» дейді.
Ұннан жасалатын өнімдерді не дейміз?
Олар несімен пайдалы?
Қандай нан түрлерін білесің?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Нан түрлерін ата, бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесің?
Егер нан ақ болса, ... (ақ бидайдан) Егер нан қара болса, ... (қарабидайдан) Тағы қандай нан болады?
4-тапсырма. Мақалдардың мазмұнын түсініп ал.
Ас атасы – нан.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Нан болса, ән де болады. Арпа-бидай ас екен, Алтын-күміс тас екен.
Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды.
Ойын: «Сөйлемді жалғастыр».
Бидайды егіп, күтіп-баптайтын адам - ... .
Піскен бидайды жинайтын техника - ... .
Бидайдан ұн тартатын жер - ... .
Ұннан нан пісірілетін жер - ... . Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
ІV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан бидай дәндерін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№28
ТАҚЫРЫБЫ: Атамның ауылында Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.2 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және т.б.)
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді қолданады. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтайды, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.
Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: төрт түлік.
Пікір алмасу сұрақтары:
Төрт түлік несімен пайдалы?
Еттен, сүттен жасалатын тағамдарды қалай атайды?
Өткен ҰОҚ алған білім «Ас атасы – нан» мақалының мағынасын айтып береді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут Шаттық шеңбері Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ойын: «Теңеуді кім тез табады».
Шарты: Кез келген заттың қасиетін айтады, балалар оны басқа бір затқа теңейді.
Мысалы, аппақ – қардай не сүттей деп жауап береді. Тәтті – балдай, қатты – тастай, жұмсақ – мамықтай, ащы – удай.
Балалар, біз тәтті, дәмді, пайдалы тағамдары бар атамыздың ауылына барайық. Айтады ертек жан атам, Ақ сақалын салалап. Құмарымды тарқатам, Жер мен көкті аралап.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле.
Жылқышы нені бағады? Әліппе-дәптер
Бақташы нені бағады?
Айналасында қандай жануарлар жүр?
Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Төрт түлік несімен пайдалы?
Ет пен сүттен қандай тағамдар жасалады?
Жұмбақ шешейік.
Әжем қайнатып,
Уыстап түрге келтірген.
Қатты әрі дәмі ащы,
Далада кептірген. (Құрт) Сылдыр сұйық, су емес, Ішсең шөлің қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суреттерді сәйкестендір. Қайсысы не береді?
Ойын: «Пантомима».
Тәтті, дәмді, ыстық, ащы, қышқыл, иісі жақсы, қатты сөздерін ыммен келтіру.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Ортақ атауын тап.
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім. Әжеме мен құдықтан Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
4-тапсырма. Суреттегі заттарды тізбек бойынша түсіндіріп бер.
Бидай, ұн, печенье. Тауық, жұмыртқа, қуырған жұмыртқа. Сүт, айран, құрт. Дән, түйін, қияр, тұзды қияр. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
ІV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан ерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№29
ТАҚЫРЫБЫ: Тазалық пен ұқыптылық Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және т.б)
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды, айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтайды, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: тазалық – чистота – cleanness ұқыптылық – аккуратность – exactitude
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тазалық, ұқыптылық.
Пікір алмасу сұрақтары:
Адамның көңілді болуы неге байланысты болады?
Адам не үшін жуынады?
Жуынбай жүрген бала қандай болады?
Өткен ҰОҚ алған білім Тазалық туралы ұғымы бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көреді бар адам.
Тазалық дегеніміз не? Дені сау адам қандай болады?
Балалармен мәдени гигиеналық дағдылар туралы әңгімелесу.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Екі қыздың суретін салыстыр. Жеке бас тазалығын қалай сақтайтыныңды жұбыңа әңгімелеп бер.
Көптілділік: тазалық – чистота – cleanness;
ұқыптылық – аккуратность – exactitude Әліппе-дәптер
Педагог балаларға үнтаспадан краннан аққан судың дыбысын естіртіп, беті-қолын, тісін тазалауды қимыл-әрекетімен, ымишарамен көрсетуін сұрайды.
Педагог сөздердің көп мағыналылығы туралы түсінік береді. Бір сөз кейде бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін. Мысалы, кілт – құлыпты ашатын құрал; кілт – табыс кілті.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Қай щетка неге арналған, сызықпен қос. Түсіндір.
Сергіту сәті: Түрлі-түрлі щетканы, Қолымызға алайық.
Тісті жуып тазалап, Айнаға біз қарайық.
Киім щеткасын қолданып
Үстімізді қағайық,
Аяқкиім щеткасын ап, Жалтыратып бәтеңкені,
Мектепке киіп барайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал.
Педагог өлеңді оқып беріп, талдайды.
4-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле.
Дидактикалық ойын: «Жақсы – жаман». Педагог балаларға допты лақтырып, «Тіс тазаламау», «Алманы жумай жеу» т.с.с. сөздер айтады. Бала оларға «жақсы немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан киім щеткасын түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№30
ТАҚЫРЫБЫ: Спорт – денсаулық кепілі Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды.
Кейбір тәрбиеленушілер: Дыбыстарды шатастырмай, жаңылтпашты жатқа айтады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: жеңімпаз – победитель – champion Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Спорт, денсаулық
Пікір алмасу сұрақтары:
Деніміз сау болуы үшін тазалықты сақтаудан басқа тағы не істеуіміз керек?
Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
Өткен ҰОҚ алған білім Балалар мәдени тазалық дағдыларын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері Шынықсаң, шымыр боласың, Сауығып, айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың.
Педагог балаларға «Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?» деген сұрақ қояды.
Мақалдың мағынасын түсін. Педагог балаларды мақалмен таныстырады.
«Дені саудың – жаны сау».
Балаларға мақалдың мағынасын түсіндіру. Адамдар әрқашан қимыл-қозғалыста жүрсе, организміндегі қан айналысы да қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын болады. Адам денсаулығына жақын достар – тазалық, спорт, таза ауа, күн тәртібі.
Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер? Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле.
Суретте қандай спорт түрі бейнеленген?– Араларыңда спортшы боламын дейтіндер бар ма?
Спортшы қандай болуы керек?
Сергіту сәті:
Төсектен тұрғанда, Секіріп тез тұрма. Келтіріп денеңді, Жадыра, бос тұрма.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. «Қалай аталады?» ойыны – Спортпен айналысатын адамдарды қалай атаймыз? (Спортшы)
Хоккей, бокс, футбол және жүгірумен айналысатын спортшыларды қалай атайды?
(Хоккейші, боксшы, футболшы, жүйрік) – Спортшылар жаттығатын жер қалай аталады? (Жаттығу залы)
Спортшыларды жаттықтыратын адамды қалай атайды? (Жаттықтырушы)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Жазғы олимпиада ойындарын жасыл түспен, қысқы ойындарды көк түспен белгілеп көрсет.
Көптілділік: жеңімпаз – победитель – champion
Сөздік ойын: «Сөйлемнің қатесін тап». Педагог сөйлемді дұрыс айтпайды, ал балалар сөйлемнің қатесін тауып айтады. – Қоңыз Асанды тауып алды. (Асан қоңыз тауып алды)
Диван мысықта ұйықтап жатыр. (Мысық диванда ұйықтап жатыр)
Қоянның үйінде Айнұр бар. (Айнұрдың үйінде қоян бар)
Елжас араны шағып алды. (Ара Елжасты шағып алды)
Әліппе-дәптермен жұмыс: Жұмбақ шешейік.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кім дейді,
Қайраттыны кім дейді? (Палуан) Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан клюшка мен шайбаны түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
№31
ТАҚЫРЫБЫ: Денсаулық еліне саяхат Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын / қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата алады. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Әңгіме құрастырып айта алады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Әдептілік сөздерін қолдана біледі. Әңгімеге араласады, сұрақтарға жауап береді.
Көптілділік: денсаулық – здоровье – health Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Денсаулық, шынықтыру шаралары Пікір алмасу сұрақтары:
Адамдар денсаулығын сақтау үшін қандай шарттарды орындауы керек?
Өткен ҰОҚ алған білім Денің сау болу үшін спортпен шұғылдану керектігін түсінді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ Жақсы сергіп қаламыз.
Педагог балаларға дені сау адам көңілді, бақытты болатынын айтады. Адамның ең алдымен денсаулығы зор болуы керек. «Денсаулық – зор байлық» дейді халық.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімеле. Педагог өлең оқиды.
Жалқаулықты тастаймыз, Жаттығуды бастаймыз. Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз.
Өлең не туралы?
Саған дене шынықтыру жаттығулары ұнай ма?– Саған қандай ойындар мен жаттығуларды орындау ұнайды? Әліппе-дәптер
Көптілділік: денсаулық – здоровье – health Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Спортқа қажеті құралдарды көк, емдеуге қажеті құралдарды қызыл түспен белгіле.
Сергіту сәті:
Отырайық, тұрайық,
Ал, балалар, бір ауық Әріп сырын ұғалық. «А» дегенде отырып, «Б» дегенде тұралық. Сымбатты болу да,
Өзіңдеріңнің қолыңда.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Мына заттар спорттың қандай түрлеріне арналған? Олар қалай аталады? Спорт құралдарын иесіне сызып қос.
Жаңылтпаштан жаңылмайық:
Цирктегі аңдар
Цитрусты таңдар.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
4-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсінейік.
Денсаулық – зор байлық.
Дені саудың – жаны сау.
Дидактикалық ойын: «Қара да қайтала». Құрал: адамдардың түрлі қалыптағы бейнелері сызылған қағаздар. (Аяқтары бірге, оң қол төмен, сол қол жанына созылған т.с.с.)
Педагог ойын барысын түсіндіреді. Әуен ырғағы-на бәрі билейді. Әуен тоқтаған кезде педагог көр-сеткен сызбаға лайықты әрекеттерді қайталап тұра қалады.
Ойын: «Сөйлемді аяқта».
Құс ұшады, ал жылан ... .
Қыста суық, ал жазда ... .
Гантель ауыр, ал мамық ... .
Түнде қараңғы, ал күндіз ... . Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан гантельді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№32
ТАҚЫРЫБЫ: Он екі мүшең сау болсын десең Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: көз – глаза – eyes
мұрын – нос – nose құлақ – уши – ears
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сезім мүшелері Пікір алмасу сұрақтары:
Адамның дене құрылысына нелер жатады?
Көздің бізге қандай пайдасы бар?
Мұрын не үшін қажет?
Құлақ не үшін керек?
Өткен ҰОҚ алған білім Денсаулығын күте біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
6-27 минут (Ұ) Шаттық шеңбері
Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді.
Жанға сеп шынығу. Жаттығып тынығу. Сымбатты болу да Өзіңнің қолыңда.
Педагог: Балалардан дене құрылысына нелер жататынын сұрайды. Ұлдар мен қыздардың айырмашылығы, киім киісі, қолданатын заттары туралы сұрайды. Күнде таңертең жаттығу жасау керек және тазалық сақтау керек. Ата-анаңа үйде, бақта көмектесу – денеңді шынықтырар ең үлкен жаттығу. Бір шелек су әкелсең, күш қосылады, дүкенге нанға барсаң, жылдамдығың дамиды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Мына спортшылардың қайсысына қандай доп керек? Әңгімелеп айтып бер. Сызып қос. Мысалы, футболшыға футбол добы керек. Әліппе-дәптер
Сергіту сәті:
Көтереміз қолымызды, Созыламыз жоғары.
Бір, екі, үш,
Денеңді солға бұр,
Қолыңмен көмектесіп, Беліңді шынықтыр.
Сезім мүшелері (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері) – адамның ең негізгі көмекшілері. Балаларды үш топқа бөледі, әр топ бір сезім мүшесі туралы айтып береді.
Көздің бізге қандай пайдасы бар?
Мұрын не үшін қажет?
Құлақ бізге не үшін керек?
Көптілділік: көз – глаза – eyes
мұрын – нос – nose құлақ – уши – ears
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Біреуі сөйлейді,
Екеуі тыңдайды,
Екеуі қарап тұрады. (Тіл, құлақ, көз) 3-тапсырма. Тамақтың дәмін сезетін сезім мүшесін белгілеп көрсет. 4-тапсырма. Сөйлемді аяқта.
Торт тәтті, ал лимон ... (қышқыл)
Бұрыш ащы, ал қант ... (тәтті) Шай ыстық, ал шырын ... (суық) Тіл ұстарту:
Щы-щы-щы - лимон дәмі ащы.
Че-че-че - чемпион бол сен.
Дидактикалық ойын:
«Біздің денсаулығымыз үшін не керек?» Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады. Ал балалар қажетті затты атап, допты кері лақтырады. Шатасқан балалардың орнына басқалар жауап береді.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
5-тапсырма. Он екі мүшем сау болу үшін мен не істеймін?
Сөйлемдерді жалғастыр. Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.
28-30 минут Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан велосипедті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2016.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016.
М. Ғабдуллин. Халық ауыз әдебиеті. – Алматы, 2001. – 210 б.
К. М. Метербаева. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас) – Алматы, 2005.
Ә.С. Әмірова, К.А. Анартаева. Тіл дамыту әдістемесі. – Алматы, 2015.
С.Ғ. Бәтібаева, Д.Е. Ерхатова. Біз өсіп келеміз. Хрестоматия. – Алматы, 2014.
Қосымша
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы болып табылады. Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін
бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы; оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау; балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына
бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы; пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің
ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқуәдістемелік кешендерінде қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: «Өзім туралы»; «Менің мектебім»; «Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»; «Салт-дәстүр және фольклор»; «Тағам және сусын»; «Дені саудың – жаны сау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық бойынша ОӘК авторлары да 8 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас. Дегенмен өз ерекшеліктері де бар:
Мектепалды даярлық Бастауыш мектеп
Мен кіммін және қандаймын? Өзім туралы
Мектепке не үшін барамыз? Менің мектебім
Менің айналамда кімдер бар? Менің отбасым және достарым
Менің айналамды не қоршап тұр? Қоршаған орта
Жолдар бізді қайда бастайды? Саяхат
Салт-дәстүрді білу не үшін керек? Салт-дәстүр және фольклор
Мен үшін не дәмді және пайдалы? Тағам және сусын
Денсаулықты қалай күту керек? Дені саудың – жаны сау
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған сабақ мазмұнынан тұрады. Жоспар лаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:
Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).
Жоспарда сабақтың сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған.
Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптердің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-дәптерде бір сабақта 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді.
Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай-ақ әліппе-дәптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:
Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылы ғы бар?
Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?
Педагог қысқа мерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма өзі шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:
Технологиялық карта Қысқамерзімді жоспар
1 Оқу мақсатын педагог таңдайды. Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында айқындалған.
2 3 кезеңнен тұрады:
мотивациялық-қозғаушылық;
ұйымдастырушылық-ізденушілік;– рефлексиялық-түзетушілік. 3 кезеңнен тұрады:
сабақтың басталуы (сабаққа ден қоюды қамтамасыз ету);
өмірлік тәжірибені өзектендіру;
сабақтың соңы (қорытынды, рефлексия).
3 Сабақтың негізгі бөлімі:
– ұйымдастырушылық-ізденушілік. Сабақтың негізгі бөлімі:
– өмірлік тәжірибені өзектендіру.
4 Сабақ әдістемесі педагогтің басқарушылық іс-әрекетін және балалардың іс-әрекетін қарастырады. Сабақ әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар, ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін қарастырады.
5 Сабақ қорытындысы: рефлексия. Сабақ қорытындысы: рефлексия.
Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) сабақтың үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас. Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
МАЗМҰНЫ
Түсініктеме .................................................................................................................................... 3
Ұзақмерзімді жоспар .................................................................................................................... 6
Қысқамерзімді жоспар ................................................................................................................................. 11
Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................................... 82
Қосымша ...................................................................................................................................... 83
Оқулық басылымУчебное издание
Турсынбаева Гульнара Жолдасовна Халыкова Айнаш Катаевна
Молдабаева Гулбаршын Казисовна
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Әдiстемелiк нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С. Тажинова
Редакторы Ә.Б. Орынбаева
Компьютерде беттеген Г.А. Матақбаева
Басуға 13.07.2017 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60х84 1/8. Әрiп түрi «Times New Roman». Таралымы 1200 дана. Тапсырыс № 1433.
Қазақстан Республикасы,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
e-mail: [email protected] www.almatykitap.kz
РАЗВИТИЕ РЕЧИ
Методическое руководство для педагогов предшкольных групп и классов по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова
Редактор А.Б. Орынбаева
Компьютерная верстка Г.А. Матакбаевой

Подписано в печать 13.07.2017 г. Формат 60х84 1/8.
Гарнитура «Times New Roman». Тираж 1200 экз. Заказ № 1433
Республика Казахстан,
ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
е-mail: [email protected] www.almatykitap.kz

Приложенные файлы


Добавить комментарий