оршаан ортамен танысу дістемелік нсау


Г. К. Қиялбекова, Г. М. Құрманғалиева
Қоршаған ортамен
танысу
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды
дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017
ОӘЖ 372.2
КБЖ 74.102
53
Қ 53Қоршаған ортамен танысу. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. Г. К. Қиялбекова, Г. М. Құрманғалиева. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 58 б.
ISBN 978-601-01-3066-1
ОӘЖ 372.2
КБЖ 74.102
ISBN 978-601-01-3066-1

© Г. К. Қиялбекова, Г. М. Құрманғалиева, 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Кіріспе
«Қоршаған ортамен танысу» – оқу әдістемелік кешені «ӘЛЕУМЕТ» білім беру саласындағы «Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша дайындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша берілген оқу материалдары (бұдан әрі – Бағдарлама) баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді. Осы берілген бағдарлама бөлімінде 6–7 жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытудың мынадай мақсаты мен міндеттері анықталған:
Мақсаты: балалардың қоршаған орта, адамдардың іс-әрекеті жайлы түсінігін кеңейту.
Міндеттері:
балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы, туған еліне, қаласына деген бауырмалдық пен оның тарихына қызығушылық таныту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу;
адам еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауды, балалардың сөйлеу тілін, зейінін, қиялын дамыту.
Қазақстан Республикасы аумағында тұратын басқа ұлттың адамдарына, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне мейірімділік және құрметтілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
«Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№ Бөлім Бөлімше
1 Мен және қоғам 1.1. Мен және менің отбасым
1.2. Менің мектебім
1.3. Мамандықтар
1.4. Көлік және байланыс құралдары
2 Туған өлкем 2.1. Туған өлке
3 Тарих беттерінен 3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары
3.2. Өнер және мәдениет
3.3. Тәуелсіз Қазақстан
Бағдарламалық мазмұнды жүзеге асыра отырып, педагог балалардың ой-өрісін заттар, адамдар және олардың еңбегі, өздері жайлы білімдермен кеңейтуі керек. Бұл міндеттерді шешу балалардың ақыл-ой қабілеттерін және тілін дамытады.
Қоршаған ортамен танысу бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, отбасын, мектебін, педагогті, топтағы балалардың аты-жөндерін тани бастайды. Мектептің ішкі құрылысымен таныстырылып, сынып бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі т.б. айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды атайды. Олардың аты, не үшін қажет? неден жасаған? қайда? кімде? қандай? кім не істейді? сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйреніп, мектепте өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Баланың табиғатты танып-білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Сонымен қатар баланың төмендегідей білім, білік дағдылары қалыптасады:
байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атай;
белгілі батырлармен және тұлғалармен танысып, олар жайлы әңгімелей;
3
киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атау, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіре;
ұлттық қолданбалы өнермен танысып, алған түсінігі мен әсерлерін түрлі жолдармен
жеткізе алады.
«Қоршаған ортамен танысу» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына тәрбиеленушілерге арналған әліппе-дәптер кіреді. Әліппе-дәптерінде берілген материалдар танымдық, зерттеушілік сипатқа ие және дидактикалық қағидаларды, яғни көрнекілік, жүйелілік, табиғатпен және күнделікті өмірмен өзара байланыстылығы ескеріле отырып берілді.
Табиғат – бала бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Сондықтан табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін осы ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) арқылы бала бойына ұялатамыз. Әр ҰОҚ-да бағдарламада көрсетілген тақырыптар жан-жақты ашылады. Ол үшін әліппе-дәптерде жеткілікті түрде тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды орындай отырып, қойылған мақсатқа жетеміз және берілген міндеттерді орындаймыз. Әдістемелік құралда әр ҰОҚ-ның тақырыбын ашу мақсатында бірнеше жұмыс түрлері көрсетіліп берілді. Педагог үлгі-ҰОҚ жоспарларын өзінің қалауынша толықтырып пайдалана алады.
Еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.
«Қоршаған ортамен танысу» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ
бойынша үлгі күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақмерзімді жоспар
Ұйымдастырылған Сағат № Бөлім Бөлімше Оқыту мақсаты оқу қызметінің саны тақырыбы 1 Мен және 1.1. Мен және 0.1.1.1. Отбасындағы өзара тату Менің отбасым 1 қоғам менің отбасым қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау 1.1. Мен және 0.1.1.2. Отбасы мүшелерін атап, Отбасымның міндеттері 1 менің отбасым міндеті мен өзіне тағылған мен қызметтері жауапкершілікті білу 0.1.1.3. Түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру 1.2. Менің 0.1.2.2. Түрлі әлеуметтік Мектеппен танысамыз 1 мектебім жағдаяттарда шешім қабылдау 0.1.2.3. Қарапайым этикалық нормаларды біліп, сақтау 0.1.2.4. Бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау 1.2. Менің 0.1.2.1. Мектептегі және Мектептегі қауіпсіздік 1 мектебім сыныптағы негізгі ережелерді білу және тәртіп ережелері және оларды сақтау 1.3. Мамандық­ 0.1.3.1. Еңбектің маңызын Мамандықтар әлемінде 1 тар және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру 1.3. Мамандық­ 0.1.3.1. Еңбектің маңызын Барлық мамандықтар 1 тар және адам өміріндегі барлық қажет мамандықтардың қажеттігін түсіндіру 1.4. Көлік 0.1.4.1. Байланыс құралдарының Байланыс құралдары 1 және байланыс адам өміріндегі қажеттілігін құралдары түсініп, олардың қолданылу аясын атау 1.4. Көлік 0.1.4.2. Қозғалыс ортасы мен Көлік түрлері 1 және байланыс қолданылуы бойынша көлік құралдары түрлерін ажырату және сипаттау 4
2 Менің 2.1. Туған өлке 0.2.1.1. Өз өңірінде бағдарлану Мен тұратын қала 1
туған тәсілдерін және өз үйінің (ауыл) өлкем (тұрғылықты мекенжайын) мекенжайын атау 2.1. Туған өлке 0.2.1.2. Өз өңірінің климаты мен Туған өлкемнің 1
табиғатын сипаттау табиғаты 0.2.1.3. Өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу 3 Тарих 3.1. Қазақстан­ 0.3.1.1. Көрнекі материалдарды Қазақ халқының 1
бетте­ ның тарихи зерделеу негізінде қазақ халқының мәдениеті рінен тамырлары көшпенділік тұрмысын сипаттау 3.1. 0.3.1.1. Белгілі батырлармен және Өмірлері өнеге болған 1
Қазақстанның тұлғалармен танысып, олар жайлы ұлы адамдар тарихи әңгімелеп айту тамырлары 3.2. Өнер және 0.3.2.1. Киіз үйдің құрылысы Қазақ халқының 1
мәдениет мен жабдықтарын атау, олардың қолөнері қолданыстағы икемділігін түсіндіру 3.2. Өнер және 0.3.2.2. Ұлттық қолданбалы Зергерлік бұйымдар 1
мәдениет өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін түрлі жолдармен жеткізу 3.3. Тәуелсіз 0.3.3.1. Мемлекеттік рәміздерді Мемлекеттік рәміздер 1
Қазақстан атау 3.3. Тәуелсіз 0.3.3.2. Қазақстанның астанасын Астана – бас қала 1
Қазақстан атау, мемлекеттік рәміздерді білу Қысқамерзімді жоспарлау
Қысқарған сөздер
ҰОҚ – ұйымдастырылған оқу қызметі
ПТ – педагогтің түсіндіруі
– топтық жұмыс Ұ – ұжымдық жұмыс Ж – жұптық жұмыс Ө – өздік жұмыс
МДҰ – мектепке дейінгі ұйым
№ 1 ҰОҚ
Тақырыбы: Менің Мектеп/МДҰ: отбасым Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.1.1. Отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың мақсаты маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау. 5
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:
Өзінің отбасы олардың жақсылығы мен
қайырымдылығы туралы айта біледі. Отбасы
мүшелерінің өзара тату қарым-қатынаста болу
керектігін түсінеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Ата-аналарының қамқорлық жасайтынын түсінеді. Қандай істі болмасын отбасы мүшелерімен бірлесе атқару керектігін біледі. Тілдік мақсат Кейбір тәрбиеленушілер: Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Отбасы мүшелеріне деген ізгі қарым-қатынас болу керектігін біледі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді. Тәрбиеленушілер:
– Отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсінік бере біледі.
– Өзінің отбасы туралы айтып бере алады.
Көптілділік:
Отбасы – семья – famyli
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке.
Пікір алмасу сұрақтары. Отбасындағы әке мен ананың айырмашылығы қандай? Отбасыларымен қайда қыдырып бардыңдар? Отбасыларына қандай көмек көрсетесіңдер? Өткен ҰОҚ-дан алған Отбасыларын атай білуі білімі Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары Жоспарланған уақыт Шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлең Музыкалық сүйемелдеу. жолдарын айтады: І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. Біздің отбасы Алақаны аялы, Анам бар жаны саялы. Кешіре білген кінәмді, Әкем бар менің шыдамды. Шалғы тартқан шалғында, Ағам бар менің алдымда. Жақсылыққа талпынған, Інім бар менің артымда. Б. Кірісбаев 0–2 мин (ПТ, Ұ) – Бүгін отбасы туралы әңгімелесеміз. Отбасы мүшелерінің ІІ. Өмірлік тәжірибені Айтыңдаршы, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? суреттері. маңыздандыру. (Т) Балаларды екі топқа бөледі: ересектер; балалар. Мақсатты болжам. Әр топ отбасындағы ересектер мен балалардың 3–5 мин міндеттерін айтады. 6
ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагог: Отбасы – туыстық қатынастағы және ІІІ. Тақырып бірге тұратын адамдар тобы. Олар: атасы, әжесі, Отбасы мүшелерінің
бойынша жұмыс. әкесі, анасы, балалары. суреттері.
6–28 мин Өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер. (Ұ) Әр бала өз отбасылары туралы әңгімелейді. (ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік: Отбасы – семья – famyli Таспадан сөздерді тыңдайды, қайталайды. Аудиотаспа.
Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімдер бейнеленген? – Отбасы мүшелерін ата. – Осы отбасы мүшелеріне есімдер қояйық.  Айсұлудың неше әпкесі, неше ағасы бар?  Айсұлудың отбасындағы туыстар арасындағы қарым-қатынас қандай деп ойлайсың? – Әрқайсысыңның отбасында неше адам бар? – Әкеңнің, әжеңнің, атаңның, анаңның есімдері кім? – Сендердің неше аға, әпкелерің бар? Ата-анаң саған қандай қамқорлық жасайды? Өзің үлкендерге қалай көмектесесің? – Олардың есімдері кім? Әліппе-дәптер.
– Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? – Сендер ата-аналарыңа қамқорлық жасайсыңдар ма?  Отбасы үлкен де, шағын да болуы мүмкін. Ең бастысы – отбасыңда әрқашан тыныштық, достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік болуы қажет. (Ұ, Ө) Үнсіздік ойыны. Балалар жайланып Әуен ырғағымен.
отырып, көздерін жұмып, өздерінің отбасы мүшелерін, үйлерін көз алдарына елестетеді. (Ө) Дәптердегі 2-тапсырма бойынша отбасы Интерактивтік тақта.
мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау. Отбасы бейнеленген үлгі
Жеті ата туралы түсінік беріледі: суреттер.
Жеті ата – қазақ халқының адамның ата https://www.google.kz/
жағынан тегінің таратылуы. Бала өзінен search?q=7+ата&biw
бастап әкесі, атасы, бабасы т.б., яғни жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. 1 – бала, 2 – әке, 3 – ата, 4 – арғы ата, 5 – баба, 6 – түпкі ата, 7 – тек ата. Жеті атаның ішінде сендер кімсіңдер? (Бала). Үйге тапсырма: ересектердің көмегімен жеті аталарыңның нақты есімдерін біліп келу. Әліппе-дәптер.
(Ұ) Қол сергіту сәті: «Кел, санайық» Үйде нешеу екенбіз? Кел санайық екеуміз: Бас бармағым – папам, Балаң үйрек – апам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. (Ұ) Тапқырлыққа арналған ойын ұсыныңыз. «Жылы лебіз» дидактикалық ойыны 7
Ойын шарты: ойынға барлық балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға бір бала шығады, оның қолына доп ұсынылады. Бала допты кез келген бір Доп.
балаға лақтырады, допты қағып алған бала отбасы мүшелеріне арналған тілекті айтып, допты кері лақтырады. Дәптердегі 3-тапсырма бойынша отбасы Әліппе-дәптер.
мүшелерінің суреттерін ретімен орналастырады. Орналастыру себебін айтады. Ағаштың тамырынан бастап, отбасы мүшелерінің суреттерін жапсыру. (Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, мен, іні, қарындас). Дидактикалық ойындар
Д/о: «Отбасы мүшелерін ата» жинағы.
Ойын шарты: ойынға қатысушы барлық балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға жүргізуші шығады. Оның қолына доп ұсынылады. Жүргізуші допты кез келген бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы мүшесін білдіретін бір сөзді айтып, қайтадан жүргізушіге лақтырады. Мысалы: әже, ата, әке, ана, сіңлі, қарындас, аға. 4-тапсырма. Мақалдың мағынасы түсіндіріледі. Мақалдағы «ата» сөзі отбасындағы әке және атаңды білдіреді. Олар – отбасындағы қадірлі адамдар. Ата Тау, ағып жатқан су және
мен әкені биік тауға теңеп тұр. құрақтың суреті; ата, әке,
Ана мен әже – олар аналар. Оларды суға теңеп тұр. ана және баланың суреті.
Су өмірде қандай қажет болса, ана да сондай қажет. Баланы желкілдеп өсіп келе жатқан құраққа теңеп отыр. Өйткені ол шөп сияқты желкілдеп өседі. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер,
қорытындысы. қорыту. түрлі түсті қарындаштар.
Рефлексиялық түзету. Балалардан ағаштың жапырағын кез келген түсті 28–30 мин қарындашпен бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 2 ҰОҚ
Тақырыбы: Отбасымның Мектеп/МДҰ: міндеттері мен қызметтері Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып / мектеп: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.1.2. Отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне мақсаты тағылған жауапкершілікті білу. 0.1.1.3. Түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру. 8
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:
Өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың
жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелей
біледі. Ата-аналарының айтқандарын тыңдап,
қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы
екенін біледі.
Өзінің отбасы мүшелерін атайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Отбасы мүшелерінің міндеттерін біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: Өз әрекеттеріне және қылықтарына өз бетінше баға бере алады. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: - отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсінік береді; - отбасы туралы айтып береді. Көптілділік: Әңгімелесу – беседовать – talk Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Бауыр, туыс, шаңырақ. Пікір алмасу сұрақтары. Саған берілген міндеті қандай? Отбасыңда өзіңе тағылған жауапкершілік қандай? Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін сен не істеуің керек? Өткен ҰОҚ-дан алған Өзінің отбасы, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айту. білімі Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары І. Дұрыс әсерлі көңіл күй Музыкалық сүйемелдеу. орнату. Шаттық шеңбері 0–2 мин Е. Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу. Атамнан басталар, Әжеммен қосталар, Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар. Әкем және анам бар, Бір туған атам бар, Бір туған апам бар. Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін, еремін. ІІ. Өмірлік тәжірибені (ПТ) Отбасы мүшелерінің маңыздандыру. Бүгін біз сендермен отбасы туралы әңгімелесеміз. суреті. Мақсатты болжам. Әр бала өзіне тағылған жауапкершілік міндетін білуі Әліппе-дәптер. 3–5 мин керек. Міндет, жауапкершілік дегеніміз не? Отбасы туралы слайд Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден http://ikaz.kz/otbasy- ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының turaly-slajd/ асыраушысы, қамқоршысы, тірегі; ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. 9
(Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік: Әңгімелесу – беседовать – talk Тыңдайды, бірнеше рет қайталайды. Аудиотаспа. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Әліппе-дәптер. Отбасы мүшелерінің туыстық қарым-қатынас міндеттері туралы әңгімелеп беру. Атам теледидар көріп отыр. Әжем тоқыма тоқып отыр. Әкем журнал оқып отыр. Анам тамақ жасап жатыр. Бала ҰОҚ оқып отыр. Қарындасым/інім ойнап отыр. Қызы дастарқан жасап анасына көмектесіп жатыр. ҰОҚ-ның ортасы (Ө) 2-тапсырма: ІІІ. Тақырып бойынша – Отбасыңда сенің міндетің не? жұмыс – Өзіңнің отбасыңдағы адамдардың міндеттері 6–28 мин туралы айт. – Әркім өз міндетін қалай орындайды? Әр отбасы мүшелері өз міндеттері мен жауапкершілікті білуі тиіс. Ата-ана отбасында баланың өсуіне жауапты, денсаулығына қамқорлық жасайды, еңбексүйгіштікке баулиды, өзіне- өзі қызмет ете білуге үйретеді, білімді, өнерлі, мәдениетті болуға тәрбиелейді. Әрбір отбасы мүшелері бір-бірімен тіл табысып, дұрыс қарым- қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетулері тиіс. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін, балаға дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі. «Баланы жастан», М. Әуезовтің «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздерінің мағынасы өте терең. – Сендер ата-аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер? – Отбасында қандай жетістіктер бар?  Отбасы үлкен де, шағын да болуы мүмкін.  Ең бастысы, отбасыңда әрқашан тыныштық, достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік болуы қажет.  Сендер өз отбасыларыңа қандай тілек тілер едіңдер?  Мен отбасыма барлық жақсылықты тілеймін.
(Ұ, Т, Ө) Ойын: балаларға өз отбасына Интерактивтік тақта.
сүйіспеншіліктерін білдіріп айтқызу мақсатында Отбасы бейнеленген
«Менің отбасым» ойынын жүргізеді. үлгі суреттер.
Шарты: Балалар шеңберге тұрып, кезекпен өзінің отбасы туралы жағымды сөздер айтады. Менің отбасым көңілді, өйткені............ Менің отбасым мейірімді, өйткені............ Менің отбасым бақытты, өйткені............ Менің отбасым тату, өйткені............ Менің отбасым әдемі, өйткені............ Менің отбасым қайырымды, өйткені............ Менің отбасым қонақжай, өйткені............ Менің отбасымда сыйластық бар, өйткені... 10
.........(Ұ) Сергіту сәті: Музыка ойнап тұрады. Мынау – менің отбасым. Аудиотаспа. Танысыңдар, достарым. Мынау – әкем, бұл – шешем, Інім, әпкем және мен. Менің халім тамаша, Сіздікі де тамаша! Сенің халің жақсы ма? Оның халі жақсы ма? Барлығы да тамаша! 3-тапсырма. Мақалдардың мағыналарын түсіндіру, кейбіреулерін жаттап алады. Әліппе-дәптер.  Кез келген адам өзінен үлкен адамды құрметтеп сыйлауы керек. Яғни кішілік көрсетеді. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіріп жүрген адам қадірлі болады. Екінші мақал бойынша: ата ақылды. Оның айтқан ақылын тыңдап өскен бала да ақылды болады. Ағасы өзінен кіші іні-қарындастарына үлгі көрсетсе, олар да ағасы сияқты ақылды, әдепті болғысы келеді. (Ө) 4-тапсырма Айсұлудың тапсырмаларын орындайды. – Өзің суретте көрсетілген іс-әрекеттердің қайсысын Әліппе-дәптер. орындайсың? (Әр бала сурет бойынша үйінде орындайтын істі белгілейді). Отбасы мүшелері бей- 5-тапсырма: Өз отбасыңа қандай тілек тілер едің? Ересектердің көмегімен тілекті толықтыр. неленген сурет. Сендер отбасына қандай тілек тілер едіңдер? Балалар ҰОҚ-да үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтып шығады. – Менің отбасым бақытты. – Отбасымдағы әрбір сәт қуаныш сыйлайды. – Менің отбасым тату. ІV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан жүректі кез келген түсті қарындашпен Түрлі түсті Рефлексиялық түзету. бояуын сұраңыз: қарындаштар. ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; 28–30 мин түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 3 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектеп/МДҰ: Мектеппен танысамыз Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
11
ҰОҚ-ның 0.1.2.2. Түрлі әлеуметтік жағдаяттарда шешім қабылдау. оқытылу 0.1.2.3. Қарапайым этикалық нормаларды біліп, сақтау. мақсаты 0.1.2.4. Бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Мектепте, сыныпта жүрiс-тұрыстары туралы негізгі ережелерді біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: Әртүрлі әлеуметтік жағдайларда шешімдер қабылдауы керек. Кейбір тәрбиеленушілер: Этикет деген сөзінің мағынасын біледі. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Мектеп туралы білімдерін тиянақтайды, сөздік қорын дұрыс қолдана біледі. Көптілділік: Білім – образование – education Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Сынып бөлмесі, кітапхана. Пікір алмасу сұрақтары. Сіздің мектебіңіз қайда орналасқан? Мектеп ауласында не бар? Өз мекенжайыңды білесің бе? Өз мектебіңнің мекенжайын білесің бе? Мінез-құлық ережелері қандай? Сыныптағы мінез-құлық ережелері қандай? Неге мектепте ережелерді ұстанады? Этика дегеніміз не? (Көпшілік орындарда өзіңді-өзің қалай ұстауың керек?) Өткен ҰОҚ-дан Мектепте оқу-тәрбие үдерісінде жағымды жағдай жасау, алған білімі мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау. Мектепте және сыныпта дұрыс жүрiп-тұру туралы қарапайым ұсыныстар. Жоспарланған Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары уақыт І. Дұрыс әсерлі (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық сүйемелдеу. көңіл күй орнату. Қоңырау ішке соғылды, 0–2 мин ҰОҚ-қа жүр, бестік ал! Әріп те, цифр де жазылды, Алға ұмтылып білім ал! Көңіл күйді дұрыстап, Ән де айтып біраз демал. Күлкі сыйлап, қол бұлға, Достарыңмен ұрыспа! ІІ. Өмірлік (Ұ) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын Жыл мезгілі, мектеп тәжірибені анықтау. туралы суреттер. маңыздандыру. Қазір жылдың қай мезгілі? Мақсатты болжам. Қыркүйек айында балалар қайда барады? 3–5 мин Балаларды мектеп ғимаратымен таныстырады. Мынау – біздің мектеп. Мектепте кімдер жұмыс жасайды? Қандай ережелерді сақтаймыз? 12
ҰОҚ-ның ортасы ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс 6–28 мин


(ПТ) Педагог Н. Айтовтың немесе басқа да ақындардың Мектеп туралы өлеңдер мектеп туралы жазған өлеңін оқиды. Мектеп жайлы жинағы. түсіндіреді. – Мектеп – жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты мақсаты – ҰОҚ оқыту. Оны мұғалім атқарады. (Ұ) Ойын: "Мектеппен танысамыз". Педагог мектеп ішіне саяхат жасауды ұсынады. Киім шешетін жер – бірінші қабаттағы дәлізде орналасады. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері сырт киімдерін осында іледі. Сынып бөлмесі (кабинет) – оқушылардың ҰОҚ оқитын орны. Мұнда оқушылар отыратын парталар, мұғалімнің үстелі мен орындығы және шкафтар болады. Мектеп ішіндегі Спортзал – дене шынықтыру сабағы өтілетін жер. Мектептегі шешінетін жер, оқу кабинеттері, спортзал кабинеттердің, сияқты орындармен таныстырады. спортзалдың суреттері. Педагог тәрбиеленушілерге мектепте өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіреді. Мектепте оқушыларға арналған ереже болатындығын, оны әрбір оқушы орындау керектігін айтады. (Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік: Білім – образование – education Аудиотаспа. Тыңдайды, қайталайды. Әліппе-дәптер. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.
– Мектеп ауласында не бар?
– Мектеп ауласында гүлдер және ағаштар өседі. Спорт алаңы бар. Мектеп ауласы қоршалған. Мектеп ауласында үзіліс кезінде демаламыз.
Өз мектебіңнің ауласы туралы айт. Мектеп ауласында не істейсіңдер? Мектепте қоңырау не үшін соғылады?
2-тапсырма: сурет бойынша жұмыс.
Тірек сұрақтар: Мектепте тағы кімдер қызмет етеді? Педагогтер қандай міндет атқарады?
(Ұ) 4-тапсырма: Сурет бойынша Қуаныш пен Айсұлуға Интерактивтік тақта.
сынып кабинеті қандай болатынын әңгімеле. Мектеп туралы слайд.
– Сынып бөлмелерінде балалар не істейді? – Сынып тақталары не үшін керек? – Сынып бөлмелері неге кең және жарық? – Сынып бөлмелерінде парталар неге көп? Педагог үстелі неліктен парталарға қарама-қарсы қойылған? (Ұ) Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. 13
5-тапсырма: Айсұлуға мектепке қажетті құралдарды жинауға көмектес. Ал, балалар, біз Айсұлуға мектепке қажетті құралдарды портфельге жинауға көмектесейік. Портфельге не саламыз? (Кітап, дәптер, қалам, Әліппе-дәптер. қарындаш, күнделік). (Ұ) Педагог тәрбиеленушілерден сұрақ-жауап әдісі арқылы жұмыс жүргізеді. – Мектепте сынып бөлмелері неге көп?  Өйткені оқушылар көп. Оларды сыныптарға бөледі. Мысалы, төрт 1-сынып болса, оларға 4 сынып бөлмесі керек.  Сынып бөлмесіндегі тақта және бор не үшін қажет?  Тақтаға жазу жазады, есеп шығарады, суреттер іледі. Тақтаға жазуды бормен жазады.  Мектепте, сынып бөлмелерінде оқушы өзін қалай ұстауы керек?  Сынып бөлмесінде, дәлізде қатты айғайлап жүгіруге; шулауға, әртүрлі заттарды лақтыруға болмайды.  Ұялы телефонды ҰОҚ барысында пайдалануға болмайды. Педагог тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдайды және қорытынды жасайды:  Бұлардың бәрі – мектеп ережесі. Ережеде оқушы өзін қалай ұстау керектігі айтылады. Оны этика деп те айтуға болады. Этика дегеніміз – отбасында, қоғамдық жерлерде (мектеп, дүкен, балабақша, көше, көлік ішінде) адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер, қорытындысы. қорыту. Балалардан тақтаны кез келген түсті түрлі түсті қарындаштар. Рефлексиялық қарындашпен бояуын сұраңыз: түзету. • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; 28–30 мин • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 4 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектептегі Мектеп:/МДҰ: қауіпсіздік және тәртіп ережелері Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.2.1. Мектептегі және сыныптағы негізгі мақсаты ережелерді білу және оларды сақтау. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Мектеп білім беретін мекеме екенін түсінеді. 14
Көпшілік тәрбиеленушілер:

Мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді
біледі.
Мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді
біледі және оларды орындайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Мектепте сыныптағы негізгі ережелерді біледі.
Мектепте сыныптағы негізгі ережелерді біледі және
орындайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: сұрақтарға жауап береді, мектеп туралы білімдерін тиянақтайды, сөздік қорын дұрыс қолдана біледі. Көптілділік: Ережелер – правила – rules Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Мектеп, сынып, директор, оқушы Пікір алмасу сұрақтары. Өткен ҰОҚ-да біз мектеппен таныстық. Мектеп сендерге ұнады ма? Танысқан мектеп неліктен ұнады? Мектепте сендер кімдермен таныстыңдар? Өткен ҰОҚ-дан алған Жалпы мектеп туралы білімі болады. білімі Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары І. Дұрыс әсерлі көңіл Шаттық шеңбері Музыкалық сүйемелдеу. күй орнату. Мектепке енді барамыз, 0–2 мин Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып ҰОҚ-ны, Кілең бестік аламыз. ІІ. Өмірлік тәжірибені (Ұ) Педагог төмендегі жағдаятты тәрбиеленушілерге маңыздандыру. айтады: Суреттер. Мақсатты болжам. – Қуаныш мектепке барды. Мектептің дәлізі 3–5 мин кең екен. Қуаныш дәлізде қатты жүгіріп ойнай бастады. Қуанышқа тағы бір бала қосылды. екеуі айғайлап сөйлеп, алысып ойнай бастады. Бір кезде аяғына шалынып, баспалдақтан құлап қалды. – Балалар, Қуаныштың әрекеті дұрыс болды ма? Ол нені сақтамады? ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагогтің әңгімесі: ІІІ. Тақырып бойынша – «Мектеп» деген сөзде үлкен мән-мағына жатыр. жұмыс. Мектепте оқушылар тәлім-тәрбие алады, білім Мектептегі қауіпсіздік 6–28 мин алады. Баланың достары көбейеді. Мектепте тек ережелері. білім ғана алмайды, сонымен қатар үлкенмен де, http://goo.kz/content/ кішімен де қарым-қатынас жасауды үйренеді. Бала view/35/2945 білімді, өнерлі, тәрбиелі болып шығады. 15 Оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай

туғызу және мектеп маңайында оқушылардың
жүріп-тұруына қауіпсіздік жасау қажет. Сондықтан
мектепте арнайы қауіпсіздік ережесі болады. Оны
мектепте жұмыс жасайтын адамдар да, оқушылар
да сақтаулары тиіс. Мысалы: өрт қауіпсіздігі, жол
ережелері сияқты. Оқушыларға: ҰОҚ кезінде
мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз
мектептен және оның маңайынан, өз бетінше
спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан
кетуге болмайды;
оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
(ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу
Көптілділік:
Ережелер – правила – rules
Тыңдайды, бірнеше рет қайталайды.
(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. (Ж) Балалар сурет бойынша болжап айтады. Мектепте қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда не болуы мүмкін? Талқылау.
(ПТ) Педагог тәрбиеленушілерге мектептегі қауіпсіздік және тәртіп ережелері туралы түсіндіреді. Алдымен тәрбиеленушілер осылар туралы не білетіндерін анықтайды.
Кез келген үйде әр уақытта орындалатын өз ережелері болады. Мектепте де өз ережелері мен тәртіптері бар. Біз өткен ҰОҚ-да мектеп ережелерімен таныстық. Олар: мектепте оқушы арнайы форма киеді. Әдепті болады, сабағын жақсы оқиды. Мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайды. ҰОҚ-дан бостан-босқа қалмайды. Кез келген бала үлгілі оқушы болуға тырысады. Сонымен қатар мектепте қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
Баспалдақтан жүгіріп түсуге болмайды.
Терезе алдына шығуға, терезені ашып, оған асылып тұруға болмайды.
Дәлізде немесе мектептегі басқа да жерлерде бірін-бірі итеріп ойнауға болмайды.
(Ұ) Сергіту сәті:
Күз келіпті тамаша,
Айдын далаға қараса.
Сарғайған көп жапырақ,
Сан жетпейді санаса.
Сарғаяды даламыз,
Жеміс жинап аламыз.
Күз мезгілі келгенде,
Біз мектепке барамыз.

Аудиотаспа.

Әліппе-дәптер.
Музыкалық сүйемелдеу.
16
(ПТ) Жалпы тәртіп ережелерімен таныстыру. • Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза Мектептегі қауіпсіздік
күйінде ҰОҚ басталар­ алдында 10 минут қалғанда ережелері.
кешікпей келулері керек.
Мектепке кіргеннен кейін оқушылар киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп, оқу құралдарын дайындап, мұғалімді күтіп отырады.
Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біліп және сол ережелерді сақтауға міндетті.
Оқушылар бір-бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Оқушылар үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге
ізет көрсетуге, оларға керек болғанда көмектесуге;
мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап,
ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және
мектептегі басқа жұмыскерлердің талаптарынӘліппе-дәптер.
орындауға міндетті.
Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.
Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп, кішкентай оқушыларды алдымен жіберулері және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.
· Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.
2-тапсырма: Мектепте өзін дұрыс ұстайтын баланың әрекетін көк түспен белгіле. Қылығы ерсі баланың суретін қызыл түспен белгіле.
3-тапсырма: Топпен сыныпта тәртіп ережесін
құрастырыңдар. Суреттер.
Үлгі жауаптар: Мектепке кірерде баскиімді шешіп кіруміз керек.
Дәлізде, сыныпта жүгіруге болмайды.
Мұғалімнің айтқанын тыңдап, ол кісіні сыйлау керек.
Партаға дұрыс отыру керек.
Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.
Оқушылар бір-бірімен дос болу керек. Қажет кезде бір-біріне көмек береді.
ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер, қорытындысы. қорыту. түрлі түсті қарындаштар. Рефлексиялық түзету. Балалардан қоңырауды кез келген түсті 28–30 мин қарындашпен бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. 17
№ 5 ҰОҚ
Тақырыбы: Мамандықтар Мектеп/МДҰ: әлемінде Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам мақсаты: өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы түсінеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Мамандықтардың адам өміріндегі қажеттігін түсінеді. Кейбір тәрбиеленушілер: Мамандықтардың қажеттігін, қарым- қатынасын бағалау, құрметпен қарауды түсінеді. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Адам өміріндегі барлық мамандықтардың түрлерін талқылап және дәлелдейді. «Кім болам?» деген сұрақа жауап береді. Көптілділік: Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook, сатушы – продавец – seller Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Аспаз, дәрігер, сатушы. Пікір алмасу сұрақтары. Мамандықтардың айырмашылығы мен ұқсастықтары неде? «Мамандық» сөзі нені білдіреді? Басқа қандай сөзге ауыстыруға болады? Неге адамдар жұмыс істейді? Ең маңыздысы қандай мамандық? Сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді? Өткен ҰОҚ-дан алған білімі Барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру. Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары
18
І. Дұрыс әсерлі көңіл (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. күй орнату. Қуан, шаттан, алақай! 0–2 мин Қуанатын күн келді. Қайырлы күн! Қайырлы таң! Күліп шықты күн бүгін. ІІ. Өмірлік тәжірибені (Ұ) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның маңыздандыру. тақырыбы анықталады. Мақсатты болжам. – Біз бүгін мамандық иелері туралы 3–5 мин әңгімелесеміз. Мектепке келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алды? (Мұғалім). Мұғалім туралы айтып беріңдерші. Педагогтің суреті. Кез келген адам мұғалім немесе инженер бола ала ма? – Жоқ. Мұғалім болу үшін мұғалімнің оқуын, инженер болу үшін инженердің, аспаз болу үшін аспаздың оқуын оқу керек. – Мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек. (Ұ) «Сөзді тап!» ойыны: педагог өлең оқиды. Бірақ бір сөзді тастап кетеді. Оны тәрбиеленушілер табады: Гүл өсірсең терлеп Мұның аты – ... . (Балалар хормен «еңбек» деп айтады). Кесте терсең зерлеп Мұның аты – ... . Өзекті сұрақ: – Көз алдыларыңа елестете аласыңдар ма: егер адамдар жұмысқа бармаса, онда не болады? (Аспаз жұмысқа шықпаса, тамақ болмайды. Құрылысшы жұмысқа шықпаса, үй салынбай қалады. Мұғалім мектепке келмесе, ҰОҚ жүрмей қалады). ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагог тәрбиеленушілерге: ІІІ. Тақырып бойынша Мамандық дегеніміз – адамның еңбек жұмыс қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп 6–28 мин қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін Интерактивтік тақта, өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды мамандықтар бейнеленген айтамыз. үлгі суреттер. Дәрігер – емдейді; мұғалім – білім береді, тәрбиелейді; техниканы программалаушы жұмысы компьютермен байланысты; аспаз – ас пісіреді, тәрбиеші – тәрбие береді т.б. (ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу Көптілділік: Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook, Аудиотаспа. сатушы – продавец – seller Таспадан тыңдайды немесе педагог айтады, осыдан кейін балалар бірнеше рет жеке және хормен қайталайды. «Мамандықтар әлемінде» тақырыбындағы балалар күндерінде болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады. 19
(Ұ, Т, Ө) «Қай маман иесі екенін тап!» Ойындар жинағы,
ойыны. карточкалар.
Ойын шарты: балалар карточканы алып, онда бейнеленген мамандық иелері туралы әңгімелеп береді. Басқа да сұрақтар қоя отырып, мамандық иелері Суреттер.
туралы ақпараттарды толықтыра отырып, кез келген мамандық иесіне құрметпен қарау Әліппе-дәптер.
керектегін түсіндіру. (Ө) Балалар сурет бойынша болжап айтады. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Жұппен жұмыс. Мамандықтарды ата. Қай Әліппе-дәптер, жұмбақтар
мамандық маңызды? Қорытынды жаса. жинағы.
2-тапсырма: Жұмбақтарды шеш. (Ұ) Педагог тәрбиеленушілерге жұмбақ жасырады. Жұмбақтардың шешуі: мұғалім, дәрігер, тігінші, шекарашы, ғарышкер, полиция. 3-тапсырма: Педагог Айсұлудан көмек сұрайды және суретте қандай мамандық иелері бейнеленгенін анықтап беруді сұрайды. Әр мамандық иелерін жұмысына қажетті құрал- жабдықпен сызық арқылы қосу. Айсұлудан көмек сұрайды: «Кімге не керек?» Жұмыс істеу үшін кімге не керек? Мұғалімге не керек? (Бор, кітап) (Ұ) Сергіту сәті: – Саусағым, қайда болдың? Балалармен не істедің? Ойындар жинағы.
– Бір баламен жүгірдім, Бір баламен биледім, Бір баламен қыдырдым, Бір баламен ойнадым, Бір баламен секірдім, Достарымды жинаймын, Ойынды бастаймын! 4-тапсырма: «Кім боламын?» ойыны «Кім боламын?» деген сұраққа жауап береді. (Тәрбиеленушілер болашақта кім болғысы келетіндерін айтады). «Дәрігер», «Дүкен» ойындары. Педагог тәрбиеленушілерді сюжетті-рөлге ойындарды өзара рөлдерге бөліп алып ойнатады. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды Әліппе-дәптер,
қорытындысы. бағалап қорыту. түрлі түсті қарындаштар.
Рефлексиялық түзету. Балалардан допты кез келген түсті 28–30 мин қарындашпен бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере ала- мын – жасыл қарындашпен. 20
№ 6 ҰОҚ
Тақырыбы: Барлық Мектеп/МДҰ: мамандықтар қажет Күні: Педагогтің аты-жөні: Сыны/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мақсаты мамандықтардың қажеттігін түсіндіру. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Адам өміріне байланысты көлік маңыздылығының кейбір ерекшеліктерін түсіндіру. Көпшілік тәрбиеленушілер: Барлық мамандық туралы қызметтері мен байланыстарын ажырату. Кейбір тәрбиеленушілер: Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Өз ата-анасының мамандығы туралы айтып береді, сұрақтарға жауап береді. Көптілділік: Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші – водитель – driver Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Мамандықтар: шаштараз, жүргізуші, аспаз, дәрігер, сатушы, құрылысшы. Пікір алмасу сұрақтары. Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді? Адам өміріндегі барлық еңбектің мамандық маңызы неде? Өз туыстарыңның мамандықтары туралы не білесің? Өткен ҰОҚ-дан Әртүрлі мамандықтар туралы білімдері алған білімі Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары І. Дұрыс әсерлі көңіл (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. күй орнату. Сәлем саған, Жер-ана! Сәлем саған, Нұрлы күн! 0–2 мин Аман-есен болайық, Бейбітшілікті қалайық. ІІ. Өмірлік тәжірибені (ПТ) Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы Әртүрлі мамандық маңыздандыру. білімдерін толықтыру. Педагог белгілі бір мамандық иелерінің суреттері. Мақсатты болжам. иесі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сол 3–5 мин мамандық туралы білетіндерін айтады. Мысалы: дәрігердің суреті көрсетіледі. Дәрігер ауырған адамдарды емдейді. – Аспаз дәмді ас пісірумен айналысады. – Құрылысшы зәулім үйлер салады. – Шаштараз – түрлі шаш сәндейтін адам. 21
ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу
ІІІ. Тақырып Көптілділік:
бойынша жұмыс Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші –
6–28 мин водитель – driver
Педагог сөздерді айтады, балалар қайталайды.
Қазақстан халқының көбі ауылды жерлерде
тұрады. Егін егу, мал бағу, жеміс-жидек өсіру –
осының бәрінде де ауыл адамдары істейді. Ауылда
мектеп, мәдениет үйі, бала тәрбиесі мекемелері,
дәрігерлік мекемелері бар.
Мал өсіру саласында еңбек ететіндер: мал
дәрігері, қойшы, сауыншы, бақташы, күзетші.
Егін егу саласында еңбек ететіндер: тракторшы,
шөпші, маяшылар, комбайыншы. Еңбек түрлері
бір-бірімен тығыз байланысты. Біреулері
еңбекшілердің киім-кешегін тігеді, екіншілері
оларға мәдени, медициналық, қызмет көрсетеді.
– Егін егуге байланысты қандай еңбек түрлері бар?
– Еңбек түрлерінің бір-бірімен байланысы қандай?

Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ шешеміз.
Бұл сөзжұмбақта нан біздің дастарқанға жету үшін көп еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.
Ол нан жабады? (Наубайшы)
Кім жерді жыртады? (Тракторшы)
Ол машина жүргізеді? (Жүргізуші)
Ол егістіктен астық жинайды. (Комбайыншы)
Ол астықтан ұн жасайды. (Диірменші)
Біз одан нан сатып аламыз. (Сатушы)
Ол егістікті баптаушы. (Диқаншы)
Ол бидайды сақтайды. (Қоймашы)
(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Айсұлу мен Қуанышқа мамандық иесін тандап берейік. Қандай мамандық иесін білесіңдер? (Дәрігер, аспаз, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, шахтер,
инженер, тракторшы, комбайншы, бағбаншы, бақташы).
Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек? (ҰОҚ оқу керек, білімді болу керек, таңдаған мамандықты жақсы игеру керек).
Балалар, мен қазір сендерге жұмбақтар жасырамын. Сендер жауабын тауып, барлық жауаптардың ортақ атауын табыңдар.
(Ұ, Ө) Жұмбақ шешу.
Ауырған адамның қасында
Емделудің жөнін айтар.
Жазылған адамдар расында
Риза болып, рақмет айтар. (Дәрігер)
Тәп-тәтті тамағы
Астың маманы. (Аспаз)
Қолдағы жұмыс жарағы:
Қайшы мен тарағы. (Шаштараз)
22

Әліппе-дәптер.

Интерактивтік тақта. Мамандық иелері бейнеленген үлгі суреттер.
Ертеден-ерте тұрады

Қолына рульді алады.
Олай-былай айналдырар,
Жолға қарап отырар.(Жүргізуші)
– Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді?
– Балалар, мен тағы бір мамандық иесін атағым келіп тұр. Ол мұғалім де болады, пойызды жүргізеді, ұшқыш та бола алады, кішкентай баланы да ойната алады, бірақ үнемі сахнада, экранда жүреді. Оның кім екенін білесіңдер ме? (Актер)
Енді өзімізді актермін деп сезінейік. Мамандық иелерін қимылмен, ыммен көрсетеміз. Мысалы: (жүргізуші, құрылысшы).
(ПТ) Педагог барлық мамандықтардың маңызды екенін түсіндіреді.
Дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім балаларды оқытады, жүргізуші көлік жүргізеді, өрт сөндіруші өрт сөндіреді. Міне, балалар, әрбір мамандық қажет екен. Тағы бір мамандық түрімен таныстырғым келеді.
Ол – ғарышкер мамандығы. Ғарышкер – аспан әлемін, яғни ғарышты зерттейтін мамандық.
Юрий Гагарин – ғарышқа ұшқан тұңғыш адам. Содан бері талай ғарышкер ұшты. Ал біздің Қазақстаннан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов ұшты.
Педагог мамандық иесі болу үшін білім алу керектігін, әр мамандыққа дайындайтын арнайы оқу болатындығын айтады. Ол үшін адам жастайынан еңбекқор, білімпаз болу керектігі де айтылады.
(Ұ) 2-тапсырма: Мақалдардың мағынасын түсіндіреді. Басқа да сұрақтар қоя отырып, мамандық иелері туралы ақпаратты толықтыра отырып, кез келген мамандық иесіне құрметпен қарау керектігін түсіндіру.
(Ұ) Сергіту сәті:
Таңғажайып сәттер бар,
Күн шығады, таң атады.
Кіп-кішкентай балалар
Алыптарға айналар.
(Ұ) "Сиқырлы қорапша"
Педагог ойын ережесімен таныстырады. Қорапшадан әртүрлі заттарды ала отырып, балалар ол заттар қай мамандыққа қажет екенін, адам өмірінде алатын орны туралы айтады.
Болашақта қандай мамандық иесі болатындығыңды және елге қандай пайда келтіретіндігіңді Айсұлу мен Қуанышқа әңгімелеп бер.
– Балалар, сендер болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?
– Оның елге қандай пайдасы бар?
Балалардан сұрақ қоя отырып жауап алады.
3-тапсырма: Нан қалай дастарқанға келеді?
Нанның дастарқанға дайын болып келу ретін цифрмен көрсету.

Мамандық иелерінің суреттері.

Ғарышкерлердің суреті. «Ғарышқа саяхат» тұсаукесері. Detskiysad.prezentaciya
Әліппе-дәптер.
23
ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер,
қорытындысы. қорыту. түрлі түсті
Рефлексиялық түзету. Балалардан микрофонды кез келген түсті қарындашпен қарындаштар.
28–30 мин бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 7 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектеп/МДҰ: Байланыс құралдары Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.4.1. Байланыс құралдарының адам өміріндегі мақсаты қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атау. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Байланыс құралдарының қажеттілігін, олардың жалпы қызметтері туралы түсінеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Байланыс құралдары мен ақпарат құралдарының айырмашылығы мен ұқсастығын біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: Қазіргі заманда адам өміріндегі қажетті байланыстың және ақпарат құралдарының алуан түрлілігін түсінеді. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Талқылауға, пікірталасқа белсенді қатысады; өз таңдауын түсіндіреді; өз мақсатын түсіндіреді; жалпы негiздерді біріктіру; тұрғылықты жеріндегі көлік тасымалын әңгімелейді. Көптілділік: ғаламтор – интернет – internet Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. «Байланыс құралдары», «Ақпараттық құралдар» Пікір алмасу сұрақтары. Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады? Хатты қалай жібереді? Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз? Өткен ҰОҚ-дан алған білімі Байланыс қызметі түрлері, олардың атаулары Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары 24
І. Дұрыс әсерлі көңіл (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. күй орнату. Қуан, шаттан, алақай! 0–2 мин Қуанатын күн келді. Қайырлы күн! Қайырлы таң! Күліп шықты күн бүгін. ІІ. Өмірлік (ПТ) Балалардың әртүрлі байланыс құралдарының адам Байланыс тәжірибені өміріндегі қажеттілігі туралы білімдерін толықтыру. құралдарының суреті. маңыздандыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беру. Мақсатты болжам. Байланыс құралдарының қажеттілігін, олардың жалпы 3–5 мин қызметі. (Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу Көптілділік: ғаламтор – интернет – internet Педагог сөздерді айтады, балалар қайталайды. ҰОҚ-ның ортасы (Ұ, Ө) Педагог жұмбақ жасырады. ІІІ. Тақырып Бар екен бір терезе ғажап үйде бойынша жұмыс Кино болар терезеден күнде-күнде. (Теледидар) Жұмбақтар жинағы. 6–28 мин Шыр-шыр етеді, Суреттер. Ұстап қалсам, сөйлеп кетеді. (Телефон) Жазуы бар ақ парақ қанат қақты, Жеткізеді әлемдегі жаңалықты. (Балалар бұл жұмбақты шеше алмай қиналуы мүмкін. Сол кезде сұрақтар қою арқылы жұмбақтың шешуін тапқызуға болады). – Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады? (Газет) Хатты қалай жібереміз? – Пошта арқылы. Байланыс құралдары: телеграф, телефон. – Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз? – Ақпараттық құралдар арқылы. Олар: теледидар, радио, газет, ғаламтор. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Әліппе-дәптер. Суреттен тек байланыс құралдарын белгілету және оларды бояту (телефон, факс, ұялы телефон, хат, компьютер, құттықтау хаттар). Телефон, хат, құттықтау хаттар, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер компьютермен толық қамтамасыз етілген. Пошта – хат, телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкер­ лері – хат, телеграмма т.б. қабылдаушы-операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді. Адам өміріне өте қажетті байланыс құралдары: теледидар, ұялы телефон, компьютер, ғаламтор кең таралған. Күнделікті жаңалықтарды – өзіміздің мемлекетімізде, тіпті шетелдерде болып жатқан оқиғалар туралы естіп, ақпарат аламыз. 2-тапсырма: Артық суретті белгіле. Себебін түсіндір. Сурет арқылы балалардан сұрақ-жауап алады. – Балалар, бұрынғы заманда телефон, телеграф жоқ болған кезде адамдар бір-бірімен қалай хабарласқан? (Суретті қарап, байланыс құралдарын атап береді). 25
– Ақпараттық құралдарға нелер жатады? (Газет, радио, теледидар, компьютер).
– Ежелгі байланыс құралы қай қатарда тұр? (Поштаны көгершіндер арқылы, арнайы шабарман арқылы жіберген).
Компьютер желісінің қандай пайдасы бар?
– Компьютердегі ғаламтор желісі – ақпараттың және байланыс құралы.
Балалар ғаламторды пайдаланып көрген болса, қалай пайдаланғандарын айтады.
– Ғаламтор деген не?
– Ғаламторды пайдаланып көрдіңдер ме?
– Ғаламтор арқылы адамдар бір-бірімен хабарласа ала ма?
– Ғаламтор арқылы әлемдегі жаңалықтарды білуге бола ма?
(Ұ) Педагог балаларды шеңбер құрғызып тұрғызады. Педагог тәрбиеленушілерге дөңгелене отырғызып, «Сымсыз телефон» ойынын ұйымдастырады. Ойын шарты: Педагог бір баланың құлағына бір сөз айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басқаларға естіртпей жеткізуі керек. Осылай сөзді өзгертпей келесі балаға айтады. Ең соңғы бала естіген сөзді дауыстап айтады, егер сөз өзгерген болса, кім қандай сөз естігенін қайталап айтады. Сөзді кім өзгертсе, сол бала айыпты болады. Айыбын тақпақ, не өлең айтып өтейді.

(Ұ) Сергіту сәті: «Телефон»
Әй, телефон, телефон,
Апам келіп бұраса,
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің.
Әй, телефон, телефон,
Көкем келіп бұраса,
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің.
(Т, Ө) 3-тапсырма: Хаттың иесіне келу жолын ретімен жаз.
Хат жазып отырған бала.
Хатты поштаның жәшігіне салып жатыр.
Пошта, пойыз, ұшақ, мәшине.
Пошташы хатты апарып беріп жатыр.
Иесі хатты оқып отыр.
«Хат тасушы» өлеңін оқу.
Ол жатқа біледі қаланы,
Бар көше, бар үйге барады.
Біздің де қораны табады,
Күнде кеп есікті қағады.
Ағама, тәтеме, атама, әжеме,
Көкеме, апама
Көп-көп хат келеді алыстан,
Достардан, тумадан, таныстан.
(Т) Ойын: «Хат тасушы»
Ойын шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Олар екі тізбекке тұрады. Ең соңғы бала хатты алдында тұрған балаға береді. Екі топ осылайша жарысады.

Ойындар жинағы.

Әліппе-дәптердегі суреттер.
Өлеңдер жинағы.
Ойындар жинағы.
26
ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер,
қорытындысы. қорыту. түрлі түсті
Рефлексиялық Балалардан пошта жәшігін кез келген түсті қарындашпен қарындаштар.
түзету. бояуын сұраңыз: 28–30 мин • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 8 ҰОҚ
Тақырыбы: Көлік Мектеп/МДҰ: түрлері Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰОҚ-ның оқытылу 0.1.4.2. Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша мақсаты көлік түрлерін ажырату және сипаттау. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырады, ажыратады. Көлік түрлерінің пайдасын біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: Көліктердің адам өміріне қаншалықты қажеттілігін біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: Көлік түрлерін ажыратады және сипаттайды. Өзі тұрған жерінде жүретін көліктердің түрлерін біледі. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Талдауға қатынаса алады; диалогке белсенді қатынаса алады; өз таңдауын жасай алады; жалпы белгілеріне қарай топтастыра алады; өзінің тұрған жерінің көліктері туралы әңгіме құрастырады. Суретті талқылауға қатысуға; үнқатысуда белсенді қатысады; орналасу жоспарына негізделген қысқа әңгіме айту; мекенжайын айтып беру. Көптілділік: Трамвай – трамвай – tram, ұшақ – самолет – aircraft Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Пойыз, трамвай, троллейбус Жерде, әуеде, суда Пікір алмасу сұрақтары. Барлық көліктің түрлері бірдей ме? Олардың бір-бірінен қандай ерекшеліктері бар? Қандай ұқсастығы бар? Сіз тұратын қалада қандай көліктерді кездестіруге болады? Ата-бабаларымыз қандай көліктермен қатынас жасады және бір-бірлерімен қалай байланысты? Өзің мектепке (балабақшаға) қандай көлікпен келесің? Қазіргі заманда көлік адамдарға қандай көмегін тигізеді? 27
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Көлік түрлерін айтып беру. Өздері мектепке (балабақшаға) қандай көлікпен келгендерін айту. Көлікке қалай отыру, қозғалыс кезінде жолдан абай болу. Көлік ішінде ереже сақтау. Өткен ҰОҚ-дан Көлік туралы түсінік. алған білімі Жоспарланған Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары уақыт І. Дұрыс әсерлі (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. көңіл күй орнату. Арайлы таң атты, 0–2 мин Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жайнай берсін қаламыз. ІІ. Өмірлік (ПТ) Балалардың әртүрлі көлік қозғалысы туралы Көлік түрлерінің суреттері. тәжірибені білімдерін толықтыру. «Көлік» атты мультфильм маңыздандыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап https://www.youtube.com/ Мақсатты болжам. бергіздірту. watch?v=RSOx5LuL7gA 3–5 мин Көлік түрлерін сипаттап және ажыратып беру. (Ұ) «Көліктер мен байланыс құралдары жоқ болса, онда не болады?» деген сұраққа жауап алады. Үлгі жауаптар: – Бір жерден екінші жерге қатынау қиын болады. Жолаушылар баратын жеріне уақытында бара алмайды. – Телефон, электронды пошта болмаса, бірден хабар ала алмай қаламыз. Алыста тұратын адамдар жақындарымен хабарласа алмай қалады. Педагог «Көлік» атты мультфильм қарауды ұсынады. Сол көрген мультфильмнен не түсінгендері туралы әңгімелеседі. ҰОҚ-ның ортасы (Ұ) Педагог сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның ІІІ. Тақырып тақырыбын анықтатады. бойынша жұмыс, – Балалар, мына суретте нелер бейнеленген? (Ұшақ, 6–28 мин троллейбус, автобус, кеме). – Бұлардың барлығын бір сөзбен атауға бола ма? (Көлік). – Балалар, мен қазір сендерге жұмбақтар жасырамын. Сендер жауабын тауып, қандай көлік түрлері екенін табасыңдар. Жұмбақ шешу. Интерактивтік тақта. Көліктер бейнеленген үлгі Аспанда жүзеді, суреттер. Қанатын қақпайды. Көлік түрлері. https://www. Жерде де жүреді, youtube.com/watch?v=o_c-y_ Бауырлап жатпайды. (Ұшақ) sD_Js стр. Бір-біріне қарап үйлер тіркесіп, Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. (Пойыз) Сымға асылып, Жүр асығып. Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді, Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус) 28
Педагог көліктердің қоғамдық, жеке және жүк көліктері болып бөлінетіндігін айтады. Қоғамдық көліктерге (ұшақ, троллейбус, автобус, кеме, трамвай, метро т.б.) жатады.

Жүк көліктерінің екі түрге бөлінетіні (фургон, цистерна) және мәшинелердің құрылысын, ұқсастықтарын, айырмашылықтары жайлы айтылады.
(ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу
Көптілділік:
Трамвай – трамвай – tram, ұшақ – самолет – aircraft
Педагогтен кейін бірнеше рет қайталайды.
Суретпен жұмыс.
Суретте көлік түрлері бейнеленген. Осы көлік түрлеріне мұқият қараңдар. Олардың ортақ белгілері не? (Дөңгелектер)
Ал оларға дөңгелектер не үшін қажет? (Жүру үшін). Ал автобус, мәшине, пойыз қайда жүреді? (Жерде рельс арқылы жүреді).
– Тақтадан жерде жүретін тағы да қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар? (Трамвай, троллейбус)
– Мәшинені жүргізетін адамды кім деп атауға болады?
– Жүргізуші, ең бастысы, нені білуі керек?
– Жүргізуші жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы адамдардың өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.
– Әртүрлі көлік түрлерін не үшін ойлап тапқан?
(Жердің әр түкпіріне, қалаларға, басқа елдерге жету үшін)
– Ал, егер де біз алыс елге барсақ...
Мысал: Қытай еліне барғымыз келсе, біз ол жаққа қалай жетеміз? (Ұшақ, пойыз, автобус).
Ұшақ, тікұшақ қайда ұшады? (Әуеде ұшады). Тақтада тағы қандай көлік түрлерінің суреттері ілініп тұр? Олардың ортақ белгілері қандай? Теплоход, кеме, катер.
– Бұл көлік түрлерін қандай ортақ атаумен атаймыз? (Суда жүзетін көліктер).
– Сонымен, балалар, бүгін біз көлік туралы қандай жаңалықтармен таныстық? (Көліктер жерде, әуеде, суда жүретін болып бөлінеді).
(Ұ, Т, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.
Қаладағы көлік түрлерін ата?
Ауылдағы көлік түрлерін ата? Айырмашылығы неде?
Трамвай, троллейбус, автобус, метро т.б. қаладағы көлік түрлері.
Атарба, мотоцикл, мәшине – ауылдағы көлік түрлері.
Айырмашылығы: трамвай, троллейбус, метро
ауылда жүрмейді.
Атарба қалада жүрмейді.
2-тапсырма: Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді?
Ауадағы, судағы және жердегі көлік түрлерінің біреуін белгіле. (Жердегі көлік)


Жұмбақтар жинағы.
Көлік түрлерінің суреттері.
Әліппе-дәптер.
Суреттер.
29
«Өз үйіңді тап!» ойыны

– Ұшақтар қайда қонады? (Әуежай)
– Міне, бұл біздің әуежай болады. (Ойыншық ұшақты қояды).
– Ал жолаушылар жағаға шығу үшін кемелер қайда жүзіп келеді? (Кемежайға)
– Бұл біздің кемежай болады. (Ойыншық кемені
орындыққа қояды). Ойындар жинағы.
– Ал жерде жүретін көлік жұмыстан кейін қайда келеді? (Гаражға).
Ал мына жер біздің гараж болсын.
Сендер көлік түрлері бейнеленген суреттерді аласыңдар. Мұқият қарап, кім болатындарыңды (ұшқыш, капитан, жүргізуші) ойланыңдар. Сендер барлықтарың жұмыстарыңа барып, адамдарды және жүктерді тасымалдайсыңдар. Педагог белгі бергеннен кейін, сендер әр көлік түрін өзінің орнына алып келулерің қажет.
Ойынды қайталай отырып, педагог балалардың бір-бірімен суреттерді алмастырып ойнауын ұсынады, ал өзі орындықтарда тұрған ойыншықтарды алмастырып тұрады.
(Ұ) Сергіту сәті:
Ал, паровоз, баста алға, Бәрімізді басқар да. Піш-піш, піш-піш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Кәне, кімнің бойы ұзын? Паровозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Әліппе-дәптер. Пойызды біз құрайық. 3-тапсырма: Мына көліктердің қайсыларын «арнайы көлік» деп атайды? Белгіле. Себебін түсіндір. Себебі арнайы көліктер адамдарға өте қажет. 4-тапсырма: Көлік түрлерін тиісті орынға жапсыр. Жапсырмалар: өрт мәшинесі, автобус, пойыз. Тиісті орнына жапсыру. – Кәне, сендермен қиялдап көрейік. Сендер қандай көлік ойлап табар едіңдер? Сендер есейіп, ержеткен соң кейбіреулерің көлік құрастыратын мамандық иесі болуларың мүмкін. Сөйтіп бір ғажайып, қолайлы және жылдам көлік Ойындар жинағы. түрін ойлап табасыңдар. Бірақ ол үшін әлі көп білім, оқу қажет. Көліктердің дауыстары 5-тапсырма: Қандай қоғамдық көлік түрлерін жазылған үнтаспа. білесіңдер? Айсұлу мен Қуанышқа қоғамдық көлік түрлерін айтып берейік. (Ұшақ, троллейбус, автобус, пойыз, кеме) (Ұ) Ойын: «Дауысынан таны» Шарты: Үнтаспадан көлік түрлерінің (пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің т.б.) дауыстары тыңдатылады. Дыбыстар қай көліктің түрі екенін ажыратады. Өзі тұратын қалада қозғалыс ортасында және арнайы қызметтерге арналған қандай көлік түрлері бар екені туралы айтуын сұрайды. Педагог балалардан суреттерге мұқият қарап, қорытынды жасауларын сұрайды. Әр көлік түрлерінің атқаратын жұмыстарына және арнайы қызметіне қарай бөлінетін түрлерін анықтайды.
30
ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер,
қорытындысы. қорыту. түрлі түсті қарындаштар.
Рефлексиялық Балалардан мәшинені кез келген түсті қарындашпен түзету. бояуын сұраңыз: 28–30 мин • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 9 ҰОҚ
Тақырыбы: Мен Мектеп/МДҰ: тұратын қала (ауыл) Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның оқытылу 0.2.1.1. Өз өңірінде бағдарлану тәсілдерін және өз үйінің мақсаты (тұрғылықты мекенжайын) мекенжайын атау. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Туған жерінің табиғатының бірқатар артықшылықтарын атайды. Өсімдіктерінің түрлерін атап береді. Тұрғылықты мекенжайын білу және көрнекті жерлерін атау. Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз мекенжайының, қаласының көрікті жерлерін біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: Туған жерінің табиғатын сипаттай алады. Өзінің туған ауылының немесе қаласының табиғатын басқа қалалармен (ауылмен) салыстырып айта алады. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Өзі тұрған қаласының аты, өзінің мекенжайы туралы өзімен байланыстыра әңгімелеп береді. Өз қаласы туралы не білетіндері жөнінде әңгімелейді. Көптілділік: Мекенжай – адрес – address Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Мекенжай, үй. Пікір алмасу сұрақтары. Сіздің мектебіңіз қайда орналасқан? Өткен ҰОҚ-дан алған Мектеп ауласында не бар? Өз мекенжайыңды білесің бе? білімі Өз мектебіңнің (балабақшаның) мекенжайын білесің бе? Өзіңіздің мекенжайыңызды атап беріңіз? Көлік түрлерін айтып беру. 31
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары І. Дұрыс әсерлі көңіл (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. күй орнату. Армысың, шапағатты күн-ана! 0–2 мин Армысың, шапағатты аспан-ана! Құт дарытқан елімізге, жерімізге Армысың, мейірімді Жер-ана. ІІ. Өмірлік тәжірибені (ПТ) Балалардың қала туралы, мекенжайы туралы Балалардың тұратын маңыздандыру. білімдерін толықтыру. қала (ауылдарының) Мақсатты болжам. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап суреттері. 3–5 мин беру. ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагог балаларға табиғи аймақтағы құрастыру Kazakhstan. Энциклопе­ ІІІ. Тақырып Қазақстан картасын ұсынады. дия. Алматыкітап бойынша жұмыс. Біздің Еліміздің картасына қараңдаршы. Жеріміз өте баспасы, 2010 жыл. 6–28 мин үлкен. Біздің туған-туысқандарымыз еліміздің әртүрлі Ақсу-Жабағылы қорығы жерлерінде тұрады. Сол туысқандардың қай қалада, https://www.youtube.com/ қай ауылдарда тұратынын айтып беріңдерші? Олар watch?v=jXCSV0x0iuQ бір-бірінің өмір тіршіліктері туралы қалай біледі? Интерактивтік тақта. Қазақстанның әртүрлі қалалары, ауылдары бейнеленген фотосуреттері, бейнефильм. (ПТ) Педагог «Туған өлке» тақырыбында бейнефильм көрсетеді. Мына бейнефильмге қараңдар, өлкеміздің қандай жерлерін көріп тұрсыңдар? Көптілділік: Мекенжай – адрес – address Педагогтен кейін бірнеше рет хормен және жеке-жеке қайталайды. Отанымыздың табиғаты, (Ұ, Т, Ө) Педагог тәрбиеленушілерге: Туған жер, Отан деген – адамның туып-өскен жері. қалалары, ауылдары Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге бейнеленген суреттер. келіп, осында өсіп жатырсыңдар. Отан – отбасынан, туған қала, ауылынан басталады. Отаным деп Қазақстан елін, туған өлкем деп туып-өскен жерін – Ақсуды (әркім өзінің туған жерін, мысалы, Жетісуды немесе басқа да жерлерді) айта алады. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Біздің Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елордасы – Мемлекеттік рәміздер Астана. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимн, Атазаң. бейнеленген плакат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – немесе бейнефильм. ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде Әліппе-дәптер. ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаң­ басы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты 32
пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Астана қаласындағы Бәйтерек – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. (Ұ) 2-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.– Сен қай республикада тұрасың? – Сен қай қалада (ауылда) тұрасың? «Отан – менің ата-
– Өздерің тұрған қалаларың (ауылдарың) қалай анам» атты өлеңнің
аталады? фонограммасы.
– Өздерің қаланың (ауылдың) қай жерінде тұрасыңдар? – Сен тұратын көше қалай аталады? – Қандай үйде тұрасыңдар? – Нешінші үйде тұрасың? 3-тапсырма: Өз үйіңнен мектебіңе немесе балабақшаңа дейінгі жолды сал. Қарындашпен жолды салу. (Ұ) Сергіту сәті: «Отан – менің ата-анам» әнін әндетіп айтады. Әліппе-дәптер.
4-тапсырма: Өзің тұратын өлкеде суретте бейнеленгендердің қайсысы бар? Белгіле. Сенің қалаңда (ауылыңда) адамдардың тұрмысы үшін нелер салынған? Олар қажет деп ойлайсың ба? ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер,
қорытындысы. қорыту. түрлі түсті қарындаштар.
Рефлексиялық түзету. Балалардан үйді кез келген түсті қарындашпен 28–30 мин бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 10 ҰОҚ
Тақырыбы: Туған Мектеп/МДҰ: өлкемнің табиғаты Күні: Педагогтің аты-жөні: Болмағандар: Сынып/топ: Қатысқандар саны: ҰОҚ-ның оқытылу 0.2.1.2. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау. мақсаты 0.2.1.3. Өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу. 33
Күтілетін нәтиже

Тілдік мақсат
Өткен ҰОҚ-дардан алған білімі

Барлық тәрбиеленушілер:

Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін сипаттайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
Табиғат құбылыстарын, яғни оның түрлерін ажырата алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Оқытушының көмегінсіз ауданының сызбасын сыза алады.
Тәрбиеленушілер:
түсіндіру, не үшін бізге карта маңызды; ойлау, диалогке қатысу керек.
Көптілділік:
Табиғат – природа – nature
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Туған өлкем, жыл мезгілінің құбылыстары.
Пікір алмасу сұрақтары.
Карта дегеніміз не?
Қандай шартты белгілер көмектеседі?
Қай жерде орналасқан?
Табиғатқа деген сүйіспеншілігің қандай? Климат және ауа райы арасындағы қатынастарды анықта.
Дала. Өсімдіктер, жануарлар. Ауа райы, желдің күші, жауын-шашын, температура индикаторы, климат.
Балабақша бөлмесі мен бөлімше жоспар туралы қарапайым ұсыныстар. Ғимараттар, жолдар, өсімдіктер туралы білімдер.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен.
орнату. Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, 0–2 мин Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. ІІ. Өмірлік тәжірибені (Т) Өлкемнің табиғаты туралы әңгіме Интерактивтік тақта,
маңыздандыру. Туған өлкемнің табиғаты туралы слайд көрсету. слайд.
Мақсатты болжам. Біздің туған өлкеміздің табиғаты қандай? Қазақстанның
3–5 мин Біздің өлкеміздің табиғаты сұлу. Биік тау бар. Ауыл қорықтары мен
сыртында Ақсу өзені ағып жатыр. Өзен жағасында ұлттық бақтары.
жап-жасыл құрақ өседі. Біз онда асыр салып Алматыкітап
ойнаймыз. Өзенде балық бар. Менің өлкемде құндыз, баспасы, 2009 ж.
қасқыр, түлкі, қоян, қырғауыл сияқты жануарлар тіршілік етеді. (Балалардың үлгі жауабы). Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. 34
ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Қазақстанның табиғаты өте тамаша. Мұнда ІІІ. Тақырып бойынша көк аспанмен таласқан әсем таулар, бұлақтар, өзен- Қазақстанның
жұмыс. көлдер, ну ормандар, жидек бұталары, сан алуан картасы, табиғаты
6–28 мин өсімдіктер бар. Жануарлардың қаншама түрі тіршілік бейнеленген суреттер
етеді. Ал осы табиғатымыздың ауа райы барлық немесе слайдтар.
жерімізде бірдей емес. Еліміздің бір жері таулы, бір жері дала болып келеді. Сондықтан таулы аймақтарда жаз салқындау болса, далалы аймақтарда жаз керісінше ыстық болады. Сол сияқты бір аймақтарда жаңбыр жиі жауса, бір аймақта аз жауады. Бір аймақтарда қыс суық болады. Әр аймақтың табиғаты көркем. Сол аймаққа тән өсімдіктері өседі, жануарлары тіршілік етеді. Мысалы: далалы аймақта жусан көп өссе, таулы аймақта жасыл шыршалар өседі. Еліміздің табиғатын қорғауымыз керек.
(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Балалар өздері тұратын өлкенің табиғаты қай суретке сәйкес келетіндігін анықтайды. Мысалы: таулы Әліппе-дәптер. аймақта тұратын балалар тау баурайында тұрған қаланың суретін, ал теңіз немесе көлдің жағасында тұратындар теңіз жағасында тұрған қаланың суретін белгілейді. (Ұ) Табиғат жайлы өлең оқу. Табиғаттың әсемдігін жырлаған ақындар баршылық. Мысалы: Тұманбай Молдағалиевтің «Қыс» өлеңін тыңдаңдар. Жапалақтап аппақ қар, Жауды күнде қайталап. Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап. – Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған? (Қыс) – Қандай табиғи құбылыс туралы айтылған? – Қар. – Қардан басқа тағы қандай табиғи құбылыстар болады? – Жаңбыр. Жаңбыр жаз, күз және көктем мезгілдерінде жауады. – Найзағай. Найзағай қатты нөсер жауған кезде болады. Көктем және жаз айларында болады. (Т)Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?» Балалар 4 топқа бөлінеді. Төрт мезгілге байланысты Суреттер. суретті кестелер таратылады. 1-топ. «Көктем» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Көктем мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. Мысалы: көктемде ауа райы жылынады. Қар ериді. Шөп шығады. Жаңбыр жиі жауады. Жер беті жап-жасыл болады. 2-топ. «Жаз» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Жаз мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. 3-топ. «Күз» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Күз мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. 4-топ. «Қыс» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Қыс мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. 35
(Ұ) Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен болып өседі. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. Әліппе-дәптер.
Өлкеңде қандай табиғи құбылыстар жиі болып тұрады? Суреттерін жапсыр. (Қар, жаңбыр, күн, найзағай). 3-тапсырма: суретке қарап, шартты белгілерді біліп ал. Осы шартты белгілерді пайдаланып, өз өлкеңнің Шартты белгілер
сурет-сызбасын ересектердің көмегімен бейнеле. салынған сызба.
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру. Педагог шартты белгілердің көмегімен балалар не бейнелегендерін айтып беруді сұрайды. ІV. ҰОҚ қорытындысы. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер,
Рефлексиялық түзету. қорыту. түрлі түсті
28–30 мин Балалардан жапырақты кез келген түсті қарындаштар.
қарындашпен бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 11 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектеп/МДҰ: Қазақ халқының мәдениеті Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰОҚ-ның 0.3.1.1. Көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ оқытылу халқының көшпенділік тұрмысын сипаттау. мақсаты Күтілетін Барлық тәрбиеленушілер: нәтиже Қазақ халқының көшпенділік тұрмысына сипаттама жасайды. Мақалдың мағынасын түсінеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Қазақ халқының тұрмыс-салты жайлы біледі. Ұлттық ерекшеліктерін айта алады. Кейбір тәрбиеленушілер: Көшіп-қону орындарын атайды: жайлау, қыстау, көктеу, күзеу. 36
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Талдау, түсіндіру, салыстыру арқылы қазіргі өмір мен ежелгі ата-бабаларының тұрмысы туралы түсінік алады. Көптілділік: Отырықшы – оседлый – settled Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Қолтаңба, көшпенділік, әдеп-ғұрып Пікір алмасу сұрақтары. Қазақ халқының қандай көшпенділік тұрмысын білесіңдер? Не үшін көшу керек? Суретте не бейнеленген? Қандай жайылымдарды жазғы деп атайды? Қандай жыл мезгілі бейнеленген? Күзгі жайылымда қандай жұмыстар орындайды? Егер халық көшпесе, не болар еді? Соны ойлап көріңдер? Өткен ҰОҚ-дан Қазақ халқының қарапайым көшіп-қону тұрмыс-салты. алған білімі Қазақ халқының көшпелі өмір жайындағы қарапайым білімдері. Жоспарланған Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары уақыт І. Дұрыс әсерлі (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. көңіл күй орнату. Н. Айтовтың «Киіз үй» өлеңі оқылады. 0–2 мин Бұл киіз үй болды менің сарайым, Айлы күнге көлеңкесі-ай көлбеген. Қыста онымен бірге өтеді сан айым. Туырлықтың сыртын қырау шалса да, Ызғар өтпес боран соқсын қаншама, Сән-салтанат, іші кірсең шыққысыз, Көрген пенде таңдай қағар тамсана. ІІ. Өмірлік (ПТ) Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі Интерактивтік тақта. тәжірибені тұрғындары. Қазақстанның байтақ даласы – қазақтардың Қазақ халқының маңыздандыру. атамекені. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Сондықтан тұрмысы мен мәдениеті. Мақсатты белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып жүрді, яғни Энциклопедия. болжам. көшпелі ел болды. Жоғары дамыған мәдениеті болды. Алматыкітап баспасы, 3–5 мин Баспанасы – көшіп-қонуға ыңғайлы, жиналмалы киіз үй. 2006 ж. (Ұ) Таңғажайып сәт: Айжамал әжеге қонаққа бару үшін Айсұлу мен Қуаныштың келуі. – Ауылға бәріміз бірге барамыз. Бірге отырған жөн емес. Одан да бір-біріміздің Айсұлу мен Қуаныштың артымыздан жүреміз. Енді өзеннен де жүземіз. Тау мен суреті. үңгірден де өтеміз. Міне, қазақ үйдің оюы да көрінді. Балалар қимылмен көрсетеді. Бірақ ауылды орнынан таба алмайды. Айсұлу мен Қуаныштан көмек сұрайды. Педагог сұрақ қояды: – Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайдың болуы мүмкін? Ауыл қайда кетті? Балалар өздерінің тәжірибесін қолдана отырып салыстырып, ойларын айтады, талдау жасайды. Сендерге «көшіп-қону, көшіп кетті» деген сөз таныс па? Сендер ол сөзді қалай түсіндіресіңдер? 37
– Алынған негізгі ақпараттардан педагог ҰОҚ-ның тақырыбына көшеді. Қазақстанның байтақ даласы – қазақтардың атамекені. Слайд арқылы
Негізгі кәсібі – малшаруашылығы. Сондықтан белгілі бір көрсетіледі.
қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып жүрді, яғни көшпелі ел болды. Жоғары дамыған мәдениеті болды. Баспанасы – көшіп-конуға ыңғайлы, жинамалы киіз үй. Киіз үй – дәстүрлі қазақ мәдениетінің басты белгісі, біздің дана ата-бабаларымыз ойлап тапқан ерекше сәулетті құрылыс. Уақыт өте қазақ халқы отырықшы болды. Басқа да шаруашылықтармен айналысты. Қалалар мен ауылдар пайда болды. Кәсіпорындар дамыды. Қазір еліміз­ – тәуелсіз мемлекет. Елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті мекен етеді. (ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу Көптілділік: Отырықшы – оседлый – settled 1. Педагог дауыстап айтады. 2. Балалар хормен қайталайды. 3. Жеке-жеке айтады. ҰОҚ-ның (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма: ортасы Бірінші бағандағы жазылған мәліметтерді педагог оқиды. Әліппе-дәптер.
ІІІ. Тақырып Балалар осы мәліметтер бойынша тиісті суретті белгілейді. бойынша жұмыс. 1. Басқа ұлттардың ішінен қазақты белгілейді. 6–28 мин 2. Қысы-жазы отыратын баспанасы – киіз үй. 3. Ата-бабамыз мал баққан: төрт түлік малды белгілейді. 4. Музыкалық мәдениеті жоғары болған: қобыз, домбыра. (ПТ) Педагогтің түсіндіруі: Қазақ халқы ерте кезден бастап мал бағып, өсірумен шұғылданған, сондықтан көшіп-қонып өмір сүрген. Әр жылдың ерекшелігіне қарай малды көбейтіп ұстауға жағдай жасаған. Қысқы қыстауды өзен жағасына қамыстар өскен, таулы қыраттар және орманды жерге орналастыратын: малдар боран соқққан кезде ылғал таба алатын, қар астынан тамақ табуға ыңғайлы жерді қарастырған. Сол сияқты жазға жайлаудың орналасқан жерінің де шөбі қалың, суы мол болуы керек. Күзде күзеуге көшіп, бірінші суық түскенше сол жерде малды бағып отырған. Қыста ауыл қыстауға көшкен. Қысы жылы болатын орынға және аз қар жауған жерге орналасқан. Мұндай жерге көшу себебі: малға қар астынан жем тауып жеу ыңғайлы болған. (ПТ) Педагогтің әңгімесі: Қазақ халқының үй тұрмысында қолданылатын жабдықтарының алуан түрлері бар. Кейбір түрлері қазіргі Ұлттық жиһаздар мен
заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Мысалы: бұйымдардың, ұлттық
тостаған – сусынға арналған ыдыс, ожау – сусын құятын киімдердің суреттері.
ыдыс, сандық – киім-кешек және бағалы бұйымдар салатын жиһаз. Ұлттық киімдердің ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз. Мысалы: қамзол, мәсі, сәукеле, шапан, тақия т.б. Әліппе-дәптер.
(Ө) 2-тапсырманы орындату: Тұрмыстық заттар мен ұлттық киімді ажыратып, тиісті орнына орналастырады. Жапсырманы жапсыру керек. 38
(Ұ) Сергіту сәті: «Уық» Дегеніміз уықтар, Имек басты сырықтар. Шаңырақты уысқа ап, Тұрады ылғи иық ұстап. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 3-тапсырма: Әліппе-дәптер.
Артығын айналдыра қорша. Себебін түсіндір. Бірінші қатарда ыдыстардың ішіндегі артығы – шәйнек. Бұл – қазіргі заманғы фарфор ыдыс. Екінші қатардағы заттардан шкаф артық. Ұлттық мүлікке жатпайды. Сандық – ұлттық мүлік; астау – ұлттық ыдыс, ер-тоқым – аттың әбзелі. Шкаф – қазіргі заманғы мүлік, жиһаз. – Суреттегі тұрмыстық заттарды қазір пайдалана ма? – Пайдаланады. Әлі де пайдаланады. Торсыққа сусын құяды. Астауға ет салады, ер-тоқыммен атты ерттейді. Бұлардың бәрі – керек заттар. – Осындай заттарды жасайтын адамды кім деп атаймыз? – Шебер деп атайды. (Т) Кішігірім зерттеу. (Топтармен жұмыс). Педагог балаларға төрт топқа бөлінуді ұсынады. Әр топқа жыл мезгілдеріне сай көшпенділердің иллюстрациясы Көшпенділердің
салынған сурет берілген. Бірінші топ жазғы жайлауда еңбектері туралы слайд
көшпенділер немен шұғылданғандарын анықтайды. немесе суреттер.
Ой қорытындысы: жазғы жайлауда тоқумен және киім даярлаумен, тері илеп, сүт өнімдерін өндеумен шұғылданған. Екінші топ қыс мезгілінде көшпенділер немен шұғылданғандарын анықтайды. Малға күтім жасап, жабайы аңдардан қорғайды, суықтан сақтандырады деген ой қорытындыларын жасайды. Үшінші топ күзгі күзеуде немен шұғылданғандарын анықтайды. Күзгі күзеуде малды қырқады, қырқып болған соң жіп иірген, керекті құрал-жабдықтарды жөндеп, отындарды отап, қысқы үй жайларына даярлық жасаған. Төртінші топ көктемгі жайылымның немен шұғылданғандарын анықтайды. Ой қорытындысы: малдың күтімімен айланысқан, осы кезде мал төлдеген. Педагог қазақ халқының тұрмысындағы ерекшеліктерді атай отырып, қазақ халқының еңбекқор, ынтымақты екенін айтып қорытындылайды. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Әліппе-дәптер,
қорытындысы. Балалардан уықты кез келген түсті қарындашпен бояуын түрлі түсті қарындаштар.
Рефлексиялық сұраңыз: түзету. • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; 28–30 мин • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. 39
№ 12 ҰОҚ
Тақырыбы:Мектеп/МДҰ:

Өмірлері өнеге
болған ұлы адамдар.
Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның 0.3.1.1. Тарихи тұлғалардың және белгілі батырлардың оқытылу рөлін түсіндіру. мақсаты Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Өмірлері өнеге болған ұлы адамдар туралы біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа айтады, батырдың негізгі қару-жарағын атайды. Кейбір тәрбиеленушілер: Батырлардың атын атап береді және ерліктері жайлы әңгімелейді. Тілдік мақсат Ұлы Отан соғысының батырларын атайды. Тәрбиеленушілер: Еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлері туралы айтып әңгімелеп береді. Қазақ батырлары мен тарихи тұлғалардың, ақын жазушылардың сөздерін жатқа айтады. Көптілділік: Батырлар – герои – нeroes Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Тарихи тұлғалары, батырлары, ақын жазушылары. Пікір алмасу сұрақтары. Өнеге болған қандай ұлы адамдарды білесіңдер? Қалай ойлайсың, суретте не бейнеленген? Батырлардың қасиеттерін сипаттап беріңдер? Оларға халық қалай қарайды? Өткен ҰОҚ-дан Сен қандай батырларды білесің? Қазақ халқының тұрмыс-салты және мәдениеті туралы. алған білімі Жоспарланған Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары уақыт І. Дұрыс әсерлі (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. көңіл күй орнату. Күлімде күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. 0–2 мин Кешегідей бүгін де, Қанат қақсын көгершін. 40
ІІ. Өмірлік (ПТ) Педагог өнеге болған ұлы адамдар мен Интерактивтік тақта.
тәжірибені батырлар туралы айтады. маңыздандыру. Қазақ халқында өмірлері өнеге болған адамдар көп Мақсатты болжам. болған. Олар: хандар, билер, ақындар, батырлар. Слайд арқылы көрсетіледі.
3–5 мин Әділ, ақылды хан ел басқарған. Билер халыққа ақыл айтып, дауларды шешіп отырған. Ақын, жыршылар халқымыздың өмірі туралы жыр шығарған. Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Осындай ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғалар.
(ПТ, Ұ) Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Көптілділік:
Батырлар – герои – нeroes
1. Педагог айтады.
2. Балалар хормен қайталайды.
3. Жеке-жеке қайталайды.
ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагогтің түсіндіруі: ІІІ. Тақырып Өмірлері ұрпақтарға өнеге болған адамдар көп. Тарихи тұлғалар. бойынша жұмыс. Өмірлері өнеге болатын адам көп. Олардың біреуі Алматыкітап баспасы, 6–28 мин білімімен, біреуі ерлігімен еліміздің өркендеуіне 2006 ж. еңбек сіңірді. Бүгін осындай адамдармен танысамыз. Ұлы тұлғалардың Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Ол бала портреттері, слайдтар. кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Оның өлеңдерін бүкіл дүниежүзінің адамдары оқиды. Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушысы. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, балаларға арнап өлең, әңгіме, ертегілер жазған. «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады. Шоқан Уәлиханов Шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, суретші. Жерімізді картаға түсірді, тарихи ескерткіштердің тарихын, әдеби мұраларды зерттеп, көптеген еңбек қалдырды. Әліппе-дәптер. (Б, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма орындатылады. Педагог Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік , мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Мағынасын түсіндіреді. Бес жаман – өсек айту, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, ысырапшылық екенін түсіндіру. Адам бойындағы бес жақсы – талап, ақыл-ой, қанағат, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді айту.
41
(ПТ) Педагог тәрбиеленушілерге:

Батыр – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр – елі, жері үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Қазақ халқында ел қорғаған батырлар өте көп болған. Олар: Бөгенбай, Қабанбай және Наурызбай батырлар. Олар – Абылай хан тұсындағы батырлар. Қалмақ және қытай әскерлерінен жерімізді қорғаған. Ал Абылай – Қазақ ордасындағы ұлы хан.
(Б, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма: Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр туралы не білесіңдер? Әңгімелеп бер.
Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан, елі, жері үшін от кешкен батырлар – Бауыржан Момышұлы – Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы, Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының батыры, Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының батыры, Рақымжан Қошқарбаев – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры, Халық қаһарманы, Қасым Қайсенов – Қазақ батыры, жазушы, Халық қаһарманы, Хиуаз Доспанова – ұшқыш, Халық қаһарманы, Талғат Бигелдинов – ұшқыш, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры.
Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы, өз борышының өтеуі болып, оның халық алдындағы қадір-қасиетін арттырады.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз – бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, алып өз жеріміздің патриоттары болайық.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шегараны кім қорғайды?
Балалар: Солдаттар.
Шегарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Балалар, жер шары балаларының тілегі не?
– Бейбітшілік болсын!
– Соғыс болмасын!
– Достық болсын!
– Адамдар бір-бірімен тату, дос болсын!
– Дұрыс айтасыңдар, балалар, барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен.

Абылай ханның портреті.

Батырлардың портреті.
https://www.youtube com/ watch?v=D0kP6WKwvzU
42
Рейхстагқа ту тіккен кім? Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнетаспа көрейік Өр тұлғалы, келбетті. https://www.youtube com/ Қошқарбаев Рақымжан watch?v=Ay2F3DKBzkw Сын сағатты ерлепті. Ел сүйсінген батыржан Арпалысып ел күнде Аңсап талай жыл күткен. Жеңіс күні Берлинде Рейхстагқа ту тіккен! (Ұ) Сергіту сәті: Бұл шақта, бұл шақта Музыкалық әуен. Кішкентаймыз қазір біз. Кішкентай болсақ та Ел қорғауға әзірміз. (Ө, Т) 3-тапсырма: Батырлардың құрал- Әліппе-дәптер. саймандарын бояуға көмектеседі. Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру. ІV ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап Әліппе-дәптер, қорытындысы. қорыту. түрлі түсті қарындаштар. Рефлексиялық Балалардан қалқанды кез келген түсті қарындашпен түзету. бояуын сұраңыз: 28–30 мин • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 13 ҰОҚ Тақырыбы: Қазақ Мектеп/МДҰ: халқының қолөнері Күні: Педагогтің аты-жөні: Болмағандар: Сынып/топ: Қатысқандар саны: ҰОҚ-ның оқытылу 0.3.2.1. Киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын мақсаты атау, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіру. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Киіз үй туралы жалпы түсінік беру, ата- бабаларымыздың тұрмысы туралы мәлімет алады. Киіз үйдің не үшін қажет екендігін айтады. Киіз үй бұйымдарын біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: Киіз үйдің жабдықтарын атайды. Киіз үйдің негізгі элементтерін атайды. Қазіргі үйлер мен қазақ үйдің айырмашылығын айта алады. 43

Тілдік мақсат
Өткен ҰОҚ-дан алған білімі

Кейбір тәрбиеленушілер:

Киіз үй жиһаздары мен бұйымдарын қолдану аясын біледі.
Тәрбиеленушілер:
Киіз үй жайында өз ойларын айта алады, киіз үйдің көшпенділер үшін қажеттілігін ұғынады, көшпенділер тұрмысы жайлы өзінің пікірін жеткізе алады.
Өздерінің киіз үй жабдықтары туралы
білімдерін әңгімелеп айтады.
Қазір киіз үйді кімдер пайдаланатындығын айтады.
Көптілділік:
Жабдықтар – убранство – decoration
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Киіз үйдің негізгі бөлшектері, үй жабдықтары.
Пікір алмасу сұрақтары.
Киіз үй қандай екен?
Қандай пішінде?
Неден жасалған?
Киіз үйдің қандай негізгі бөліктері бар?
Немен жабылған?
Киіз үй заттарын ата?
Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі халықтардың баспанасы болып келген.
Жоспарланған Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары
уақыт І. Дұрыс әсерлі (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен.
көңіл күй орнату. 0–2 мин Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы күн! Қайырлы таң! Күліп шықты күн бүгін. ІІ. Өмірлік (ПТ) ҰОҚ-ның такырыбы бойынша: тәжірибені – Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық маңыздандыру. қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен Мақсатты тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер болжам. мұраларын өмірге әкелді. 3–5 мин (Ұ) Жұмбақ шешу. Жұмбақтар жинағы.
Көзі көп қабырға, Білінбес жамауы. Тұмсығын шатырға Тығады сабауы, Байланар ақырға, Бұйдалы танауы. (Киіз үй) 44
ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагог тақтаға бірнеше қолөнер туындыларының Қазақтың
ІІІ. Тақырып суреттерін іледі. Балалар олардың аттарын атайды. Мысалы: қолданбалы өнері.
бойынша жұмыс. қоржын, сандық т.б. Бұларды қолөнер туындылары деп Энциклопедиясы.
6–28 мин атайды. Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Шеберлер Алматыкітап баспасы,
қолдарымен жасайды. Сондықтан оларды қолөнер 2007ж.
туындылары деп атайды. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер Қолөнер
тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. туындыларының
Халық шеберлері киіз үй жабдықтары мен бұйымдарды, суреттері, макеттері
басқа да тұрмысқа пайдаланатын заттарды қолдан жасайды. немесе слайдтар.
(ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік: Жабдықтар – убранство – decoration. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма: Қандай ою-өрнек түрлерін білесің? Әліппе-дәптер.
Қошқармүйіз, тарақ, қызғалдақ гүлі, ботакөз. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі – қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, Интерактивтік
белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. тақтадан ою-
Қошқармүйіз – қазақ оюының ең көне түрі сырмақ, өрнектердің суреттері
текемет, алаша, кілем, былғары киіз, сүйек ағаш зергерлік слайд арқылы
бұйымдарының бәрінде кездеседі. көрсетіледі.
Тарақ – үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайтын өрнек. Гүл – гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап көрсететін өрнек. Бұл оюды кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келген өрнек. (Ұ) 2-тапсырма: Киіз үй жабдықтарын ата, артығын сыз. (Тұскиіз, сандық, қоржын, кереге, уық, шаңырақ) Ата-бабаларымыз киіз үй көшіп-қону үшін ыңғайлы болғандықтан оны пайдаланған. Қазір де малшылар киіз үйді пайдаланады. Енді киіз үй және оның бөлшектерімен танысайық. Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп-қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы баспана. Қазір киіз үйді қаланың қай жерінен көруге болады? (Жайлауда тігеді, кафе ретінде қалалардан көруге болады). Кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Кереге – киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі. Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, https://www.google.kz/
тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер. search?q=киіз+үйдің+
Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын жабдықтары&biw
сырық. Киіз есік – сақырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп Интерактивтік
байланады. тақтадан киіз үй
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жабдықтарының
жасалған. суреттері слайд
Көшіп-қонуға ыңғайлы болсын деп, киіз үй жабдықтары арқылы көрсетіледі.
теріден, ағаштан жасалынады. Өйткені әйнек, шыныдан жасалған заттар жолда сынып қалуы мүмкін. Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ салатын кебеже. Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасалған мүлік. Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Тұскиіз – төсектің тұсына ілінеді. Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған дорба. Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. 45
(Ұ) Сергіту сәті: Шеңбер болып тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп, Шаңырақты құрайық. (Ө) 3-тапсырма: Қуаныш киіз үй бөліктерін атап, суретті Әліппе-дәптер.
аяқтап салады. 4-тапсырмада есте сақтауға берілген мәліметті педагог оқиды. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Әліппе-дәптер,
қорытындысы. Балалардан шаңырақты кез келген түсті қарындашпен түрлі түсті
Рефлексиялық бояуын сұраңыз: қарындаштар.
түзету. • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; 28–30 мин • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. №14 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектеп/МДҰ: Зергерлік бұйымдар Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның оқытылу 0.3.2.2. Ұлттық қолданбалы өнер туралы, алған түсінігі мақсаты мен әсерлерін түрлі жолдармен жеткізу. Балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын, сана-сезімін, ынта-жігерін арттыру. Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Зергерлік бұйымдар туралы мәліметтермен танысады. Зергерлік бұйымдарды бір-бірінен ажырата алады. Көпшілік тәрбиеленушілер: Қазақ ою-өрнектерінің кейбір түрлерін атайды. Кейбір тәрбиеленушілер: Алған түсінігі мен әсерлерін ауызекі тілмен (2-3 жай сөйлеммен) жеткізе алады. Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: ұлттық қолданбалы өнер туралы жалпы мәліметтерді өз тілімен жеткізе алады. Қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, оның ішінде зергерлік өнері туралы алған білімдерін ауызекі тілмен жеткізе алады. Көптілділік: Зергер – ювелир – jeweler, сақина – кольцо – ring, сырға – серьга – earring Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Ұлттық зергерлік бұйымдар. Пікір алмасу сұрақтары. Ұлттық қолданбалы өнері дегеніміз не? Әшекей бұйымдарды кімдер жасайды? 46
Өткен ҰОҚ-дан Әшекей бұйымдар неден жасалынады? алған білімі Өздерің қандай әшекей бұйымдарды білесіңдер? Халқымыздың зергерлік өнері туралы білімі. Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары
І. Дұрыс әсерлі көңіл (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен.
күй орнату. Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз, Қадірлейміз қазағымның мұрасын. 0–2 мин. Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз, Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын. ІІ. Өмірлік тәжірибені (ПТ) Педагог тәрбиеленушілерді зергерлік Өлеңдер жинағы.
маңыздандыру­. бұйымдарды көруге шақырады. Балалар өздері білетін Мақсатты болжам. зергерлік бұйымдарды атайды. 3–5 мин Осыдан соң педагог Ф. Оңғарсынованың «Зергер» өлеңін оқиды. Білесің бе бұл істі, Зергерлікке кім дайын? Балқытып ап күмісті, Сапырады судайын. Білезік пен алқаны, Сақинаны, сырғаны Күміс сымнан тартады. – Өлеңде кім туралы, қай мамандық жөнінде айтылған? Зергердің суреті.
– Сақина, сырғаны жасайтын адам. – Оны кім деп атайды? – Зергер. – Зергер не істейді? – Әртүрлі әшекей бұйымдарын жасайды. ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагогтің түсіндіруі: Қазақтың қолданбалы
ІІІ. Тақырып – Қазақтың әшекей бұйымдары – бүкіл ұлттық өнері. Энциклопедия.
бойынша жұмыс мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер алтын мен Алматыкітап
6–28 мин күміс, жез бен мысты кеңінен қолданған. Солардың баспасы, 2007 ж.
арасында көбірек қолданғаны – күміс. Мысалы: күміс Интерактивтік тақта.
сақиналар, сырғалар т.б. (Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу. Слайд арқылы
Көптілділік: көрсетіледі.
Зергер – ювелир – jeweler, сақина – кольцо – ring, сырға – Қазақтың әшекей
серьга – earring бұйымдары.
1. Тыңдайды. 2. Қайталайды. https://kaztube.kz/
(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма video/96011
Педагог мақалдарды оқып шығып, мағынасын түсіндіреді. Түрлі түсті
Балалар да қалай түсінетіндерін айтады. қарындаштар.
(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма Әліппе-дәптер.
Әшекей заттарды ажыратып, аттарын ата. (Білезік, сырға, алқа, шашбау, шолпы) Білезік – білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Алқа – бірнеше бөлік асыл тастардан шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан, асыл тастармен, өңді әйнектермен безендіріледі. 47
Шашбау дегеніміз – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған, бауы бар сәндік бұйым. Суреттер.
Шолпы – күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Себебі бұрымға тағылған шашбаудағы алтын, күміс теңгелер де шашбау теңселген сайын жалт-жұлт еткеннен кейін шолпы аталса керек. (Ұ) Сергіту сәті: Сыңғыр, сыңғыр сырғалар, Құлағымда сыңғырлар. Сол қолымда білезік, Саусағымда сақина, Санап көрші, кәнеки, 1, 2, 3, бір, екі, үш, Демалайық жинап күш! Әшекей бұйымдары туралы білімдерін әңгімелеп айтады. 3-тапсырма: Әйел адамдарға арналған заттарды қызыл түспен, ер адамдарға арналған заттарды көк түспен боя. Толықтыр. Әйелдерге арналған сәндік бұйымдар: алқа, белбеу, Әшекей
білезік, жүзік, күміс оймақ, шашбау, шолпы, сақина, бұйымдардың сурет-
түйреуіш, тұмарша, сырға. тері.
Ерлерге арналған бұйымдар: кемер белбеу, кісе, аяқкиім, тақия. Бұндай әшекей бұйымдар үлкен еңбектің арқасында келеді екен. Сондықтан ұста, шеберлердің еңбегін үлкен құрметпен бағалау керек. ІV. ҰОҚ Әліппе-дәптер,
қорытындысы. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап түрлі түсті
Рефлексиялық түзету. қорыту. қарындаштар.
28–30 мин Балалардан жүзікті кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 15 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектеп/МДҰ: Мемлекеттік рәміздер Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰОҚ-ның оқытылу 0.3.3.1. Мемлекеттік рәміздерді атау. мақсаты 48
Күтілетін нәтиже

Тілдік мақсат
Өткен ҰОҚ-дан алған білімі

Барлық тәрбиеленушілер:

Мемлекеттік Гимнді жатқа айтады.
Қазақстан Республикасының рәміздерін атайды.
Елтаңбасы мен Туын сипаттайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
Қазақстандықтар өз елінің рәміздеріне сүйіспеншілігін танытады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Рәміздердегі әр элементтің мағынасын айтады.
Тәрбиеленушілер:
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы; Гимнді жатқа айтады.
Көптілділік:
Рәміздер – символы – symbols
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Еліміздің рәміздері
Пікір алмасу сұрақтары.
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
Еліміздің рәміздері қай жерлерге қойылады?
Отан, ел, рәміздер туралы білімі.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары І. Дұрыс әсерлі көңіл (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық күй орнату. С. Әлімқұловтың «Отан» өлеңін айтады. әуен. 0–2 мин Бақытты боп жүргенім Өлеңдер жинағы. Сенің арқаң, ұлы Отан. Елім – менің тірегім, Құшағыңда гүл атам. Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан. Мәңгі соғып тұратын, Жүрегімсің сен, Отан. ІІ. Өмірлік тәжірибені (ПТ) Педагог рәміздер жайлы бейнефильм көрсетеді. Интерактивтік маңыздандыру. – Бейнефильм не туралы? (Ту, Елтаңба, Гимн). тақта. Мақсатты болжам. Слайд арқылы 3–5 мин көрсетіледі. Мемлекеттік рәміздер https:// kaztube.kz/ video/78877 ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Педагог: бүгінгі тақырып: Мемлекеттік рәміздер. ІІІ. Тақырып Рәміздер – мемлекеттік нышандар. Біздің мемлекетіміздің бойынша жұмыс рәміздері – Ту, Елтаңба, Гимн. Әр елдің өзінің рәміздері Әліппе-дәптер. 6–28 мин болады. (ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу Көптілділік: Рәміздер – символы – symbols, елтаңба – герб – coat of arms 1. Тыңдайды. 2. Қайталайды. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 49
1-тапсырма

Мемлекеттік рәміздер жайлы ақпарат беру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс – аспанның белгісі. Бұл – бірлік пен ынтымақтың белгісі.
Күн бей­несі – байлық пен береке белгісі. Қыран бүркіт бейнесі қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар нені білдіреді? Елтаңбаның негізгі бөлігі – шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттің түп-негізгі
– отбасының бейнесі. Қанатты тұлпар – ұшқыр арманның, жақсылыққа құштарлықтың көрінісі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ал бес жұлдыз барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған. Қазақстанның Гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
2-тапсырма: суреттерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің бейнелерін тауып белгілейді. Рәміздер – сол елді айқындайтын белгілер. Мысалы, үлкен теңіз, мұхиттарда көп кемелер жүзіп барады. Олар өздерінің қай елден екенін білдіру үшін мемлекеттік Туын іледі. Әртүрлі спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар өз елінің туымен шығады. Барлық елдерде біздің елшілігіміз бар. Сол елшіліктердің төбесіне ҚР Туы ілінеді. Спортшылар жеңіске жеткенде сол елдің туы желбіреп, гимні орындалады. Рәміздерді барлық жерге ілуге болмайды. Мемлекеттік маңызы бар жерлерде ғана ілінеді.
Балалар қай жерлерде Қазақстан Туының ілініп тұрғанын көргендерін айтады.
(Ұ) Сергіту сәті: «Отан – менің ата-анам» әнін орындайды.
«Күншуақ» ойыны.
Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады. Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.
4-тапсырма: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын тауып белгілейді.
Педагог Б. Тәжібаевтың өлеңін мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын түсіндіреді. Балаларға бірнеше рет қайталатып жаттатқызады.

Слайдтар.
Суреттер.
Әліппе-дәптер.
Музыка әуенімен.
50
Туған елім – гүл елім, Қасиетіңді білемін. Өзіңе деп жүремін – Лүпілдеген жүрегім! Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Әліппе-дәптер,
қорытындысы. Балалардан күнді кез келген түсті қарындашпен бояуын түрлі түсті
Рефлексиялық түзету. сұраңыз: қарындаштар.
28–30 мин • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. № 16 ҰОҚ
Тақырыбы: Мектеп/МДҰ: Астана – бас қала Күні: Педагогтің аты-жөні: Сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар: ҰОҚ-ның 0.3.3.2. Қазақстанның астанасын атау, мемлекеттік рәміздерді оқытылу білу. мақсаты Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Еліміздің ордасы Астана қаласы жайлы біледі. Көпшілік тәрбиеленушілер: Астана қаласындағы көрнекті жерлерді, оның символын біледі. Алматы қаласындағы көрнекті жерлерді, оның символын Тілдік мақсат біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: Қазақстан картасынан Астананы тауып көрсете алады. Тәрбиеленушілер: Елордамыз – Астана жайлы, оның еліміз үшін маңыздылығын түсінеді, әңгімелейді. Көптілділік: Астана – столица – capital Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Астана, Ақмола, Целиноград, Ақ -Орда, Бәйтерек, ақ Қыс "Атамекен", мәдени ойын-сауық кешені "Думан", "Бейбітшілік және келісім сарайы". Пікір алмасу сұрақтары. Біздің еліміз қалай аталады? Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? Өткен ҰОҚ-дан Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? алған білімі Еліміздің рәміздері туралы білімі. 51
Жоспарланған Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары уақыт І. Дұрыс әсерлі (Ұ) Шаттық шеңбері Музыкалық әуен. көңіл күй орнату. «Астана» Е. Өтетілеуұлының өлеңі Болашаққа бастаған, 0–2 мин Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның, Мақтанышым – Астанам. ІІ. Өмірлік (ПТ) Педагог тәрбиеленушілерге: Бейнетаспа, Астананың тәжірибені маңыз­ Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын көрікті жерлерінің дандыру. немесе бейнетаспада аталған жерлерді көрсетіп, фотолары. Мақсатты болжам. оларға қысқаша мәлімет береді. Mugalim.ru|load|astana_ 3–5 мин alasy_ 124 ҰОҚ-ның ортасы (ПТ) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма арқылы ІІІ. Тақырып елордамыз – Астана қаласы туралы мәлімет беріледі. Әліппе-дәптер. бойынша жұмыс Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған. Астана 6–28 мин қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала қазір Астана деп аталады. Қазір қаланың көшелері кең, зәулім ғимараттар салынған. Көрнекті жерлері өте көп. Мысалы: «Астана-Бәйтерек» монументі. Биіктігі – 97 метр. Бәйтерек кешені үш бөліктен тұрады. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Бұл – Астанадағы халық көп баратын нысан.
(ПТ) Сөздік жұмыс жүргізу.
Көптілділік:
Астана – столица – capital
Тыңдайды. 2. Қайталайды.
(Ұ, Ө) «Кім шапшаң» ойыны
– Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
– Еліміздің бас қаласы қай қала? (Астана)
– Астана қаласының символы қалай аталады?
(Астана-Бәйтерек)
– ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата? (Ту, Гимн, Елтаңба)
– Астанадағы ең ірі мәдени ойын-сауық кешені?
(Думан) – Астана қаласы қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл) – Бәйтеректің биіктігі қанша? (97 метр) – «Астана» сөзі неше буыннан тұрады? (3) Музыкалық әуен. (Ұ) Сергіту сәті: «Астанамыз – Астана» Ел бөбегі бүлдіршін, Жас баламыз. Астанамыз – Астана, Бас қаламыз. Алға нық басамыз, Ғасырдан асамыз. Мәңгі бірге жасаймыз Астанамыз – Астана. Гүлге оранып, сәулетті көшелерім, Самалымен сауығып, өсер елім Қаламызды сүйеміз, көркемдейміз, Қайратты боп өсеміз, өрнектейміз. 52
– Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесіңдер? – Астанадан кейінгі үлкен қала – Алматы. Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп.
– Ол Астанадан кейінгі екінші үлкен қала. Алматы
– өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан. Алматының көрікті жерлері – Медеу, Көктөбе, метро.

Сұрақ - жауап
Енді, балалар бізге «Сұрақтар әлемінен» хат келіпті.
Ол хатта сұрақтар бар екен. Кәне, сұрақтарға жауап
берейік.
– Алматы қандай қала?
– Ол қайда орналасқан?
– Алматыда нелер бар?
– Медеу мұзайдынында нелер өтеді?
– Сендер Алматының көрікті жерлерін араладыңдар ма?
Жап-жасыл ағашы Қып қызыл алмасы. Ақбасты тауы бар, Алматы қаласы.
Ал, балалар «Алматы – әсем қала» туралы бейнежазу
көрейік, 4-5 мин.
2-тапсырма: Астана мен Алматының көрікті жерлерін атайды. Қаланың назар аударарлық орындары Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек – Астананың басты символы. Тәуелсіздік Сарайы – мемлекеттік ресми іс-шаралар өткізілетін орын. Kazakhstan. Энциклопедия.
Бейбітшілік пен келісім сарайы – Әлемдік және Алматыкітап баспасы,
дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін 2010 жыл.
арналған ғимарат. Хан Шатыр – Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы. (Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 3-тапсырма: «Суретті боя». «Астана-Бәйтерек» кешені және Алматы қаласының символы салынған суреттерді бояйды. ІV. ҰОҚ (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Әліппе-дәптер,
қорытындысы. Балалардан бәйтеректі кез келген түсті қарындашпен түрлі түсті қарындаштар.
Рефлексиялық түзету. бояуын сұраңыз: 28–30 мин • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. 53
Қосымша
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепал-ды даярлық пен бастауыш­ мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін­ бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;
балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 3 тақырып­: «Мен және менің отбасым», «Менің мектебім», «Мамандықтар», «Көлік және байланыс құралдары», «Туған өлке», «Қазақстанның та-рихи тамырлары», «Өнер және мәдениет», «Тәуелсіз Қазақстан» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық­ бойынша ОӘК авторлары да 3 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 3 ортақ тараумен ұқсас. Деген-мен өз ерекшеліктері де бар:
№ Бөлім Бөлімше
1 Мен және қоғам 1.1. Мен және менің отбасым
1.2. Менің мектебім
1.3. Мамандықтар
1.4. Көлік және байланыс құралдары
2 Туған өлкем 2.1. Туған өлке
3 Тарих беттерінен 3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары
3.2. Өнер және мәдениет
3.3. Тәуелсіз Қазақстан
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі,
оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып
отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен баста-уыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар: 1. Оқу мақсаттарының бо-луы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).
54
Жоспарда ҰОҚ-ның сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптердің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-дәптерде бір ҰОҚ-да 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тап-сырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді.
Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай-ақ әліппе-дәптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерін-де сұрақтар туындауы мүмкін:
Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді
жоспардан қандай айырмашылығы­ бар?
Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?
Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма – өзі шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген­ жөн, өйткені мектепалды даярлық
және бастауыш мектеп жоспарларының­ бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы­ бар:
Технологиялық карта Қысқамерзімді жоспар
1 Оқу мақсатын педагог таңдайды. Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында
айқындалған.
2 3 кезеңнен тұрады: 3 кезеңнен тұрады:
- мотивациялық-қозғаушылық; - сабақтың басталуы (сабаққа ден қоюды қамтамасыз
- ұйымдастырушылық-ізденушілік; ету);
- рефлексивтік-түзетушілік. - өмірлік тәжірибені өзектендіру;
- сабақтың соңы (қорытынды, рефлексия).
3 ҰОҚ-ның негізгі бөлімі: ҰОҚ-ның негізгі бөлімі:
- ұйымдастырушылық-ізденушілік. - өмірлік тәжірибені өзектендіру.
4 ҰОҚ әдістемесі педагогтің басқарушылық іс- ҰОҚ әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар, ре-
әрекетін және балалардың іс-әрекетін қарастырады. сурстарды пайдалану мен технология элементтерін
қарастырады.
5 ҰОҚ қорытындысы: рефлексия. ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.
Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ-ның үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас.
Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен баста-уыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
55
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2016.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудын үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016 ж.
«Менің алғашқы энциклопедиям». Алматыкітап баспасы. 2014 ж.
«Қазақ энциклопедиясы», VI том. Алматы, 1998 ж.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. V том. Алматы, 1998 ж.
Тарихи тұлғалар. Алматыкітап баспасы. 2012 ж.
Мектеп оқушыларының ережелері. Ғаламтордағы дереккөз.
Мектептегі қауіпсіздік ережелері. Ғаламтордағы дереккөз.
Мазмұны
Кіріспе3
«Қоршаған ортамен танысу» сабағы бойынша
үлгі күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Ұзақмерзімді жоспарлау4
Қысқамерзімді жоспарлау5
Пайдаланылған әдебиеттер62
Оқулық басылымУчебное издание
Киялбекова Гулназим Кулахметовна
Курмангалиева Гулсара Малгаждаровна
Қоршаған ортамен Ознакомление
танысу с окружающим миром
Әдістемелік нұсқау Методическое руководство
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың для педагогов предшкольных групп и классов
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша по Типовой учебной программе дошкольного
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы воспитания и обучения
педагогтеріне арналған Әдіскер Б.С. Тажинова Методист Б.С. Тажинова
Редакторы М.К. Солтанғазина Редактор М.К. Солтангазина
Компьютерде беттеген Г.Н. Жайлғанова Компьютерная верстка Г.Н. Жайлгановой
Корректоры Б. Жампеисова Корректор Б. Джампеисова
Басуға 13.07.2017 ж. қол қойылды. Подписано в печать 13.07.2017 г.
Пiшiмi 60х84 1/16. Формат 60х84 1/16.
Әрiп түрi «Times New Roman». Гарнитура «Times New Roman».
Таралымы 1100 дана. Тапсырыс № 1400 Тираж 1100 экз. Заказ № 1400
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, 050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
e-mail: [email protected] е-mail: [email protected]
www.almatykitap.kzwww.almatykitap.kz

Приложенные файлы


Добавить комментарий